Page 89 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

89
жалғастырды ол сөзін, — егер олардың бәрі де өздерінің сол бір игі ісі жөнінде біз
қазір де сақтап келе жатқан өлмес ескерткіш қалдыруға үміттенбесе, Алкестиданың
Адмет үшін, Ахиллдың Патроклға іле-шала, ал сіздердің Кодрларың өз балаларының
болашақтағы патшалығы үшін өлгілері келер ме еді? Бәрі де, менің ойымша, — деді
ол, — бәрін де олардың игі ісі жөніндегі осындай өлмес даңққа бола жасайды, және де
адамдар неғұрлым қадірлі - қасиеттік болса, солғұрлым олар көбірек жасайды.
Бейөлімділік — міне олардың неге сусындайтыны.
Тәні ауыртпалықтан босануға ұмтылатындар, — деп жалғастырды ол, — көбіне
әйелдерге қатынап, бала туғызу арқылы бейөлімділік пен бақытқа қол жеткізуге және
өзі туралы мәңгілік ескерткіш қалдыруға үміттеніп, Эротқа дәл осылай қызмет етеді.
Рухани жүктілер — рухани жүкті болатындар да бар ғой, және де тәнилерге қарағанда
артығырақ жүкті болатындар, — деп түсіндірді ол, — бұлар жанның дәл өзі көтеруге
тиесіліге жүкті болады. Ал оған нені көтеру тиесілі? Зердені және басқа игі істерді.
Барлық жасампаздар және шеберлердің ішінде өнертапқыштар деп атауға
тұратындары ғана олардың әке-шешелері бола алады. Ең маңыздысы мен әдемісі —
бұл мемлекетті және үйді қалай басқаруды зерделей білу, және де бұл біліс
пайымдылық пен әділділік деп аталады. Солай міне, кімде-кім жас шағынан рухани
сапаларды мәпелеп, ер жеткенде де пәктігін сақтап, бірақ оны тууға деген
ынтызарлығы билесе, ол да, менің ойымша, барлық жерде ауыртпалықтан босануға
болатындай әдемілікті іздейді, өйткені сұрықсыздықта ол не берсең де тумайды. Аяғы
ауыр ол сұрықсызына қарағанда тәннің әдемісіне көбірек шаттанады, бірақ, егер
мұндай тән оған әдемі де, игі әрі дарынды жанмен бірлігінде кездесетін болса, ол
ерекше қуанар еді: мұндай адамға ол бірден ізгілік туралы, лайықты ер қандай болуы
және өзін неге арнауы тиіс екендігі туралы сөздер тауып, оны тәрбиелеуге кірісер еді.
Осындай адаммен уақыт өткізе отырып, ол әдемілікпен жанасады және де көптен
жүкті болып жүргенін жарыққа келтіреді. Өз досын, ол қайда болмасын — алыс па
әлде жақын ба, — әрқашан есте ұстап, өз туындысын сонымен қауыша отырып өсіреді,
соның арқасында олар бір-біріне ана мен әкеге қарағанда әлдеқайда жақын, және
олардың арасындағы достық та мықтырақ, себебі оларды байланыстыратын балалары
әдемірек әрі бейөлімдірек. Әркім де егер Гомер, Гесиод және басқа ақындар туралы
ойланса, ал бұлардың ұмытылмас та әрі өлмес үрім-бұтағы қызғанышқа лайықты,
өйткені оларға өлмес даңқ әкеліп, оларды есте сақтайды ғой, бәлки, әншейіндегілеріне
қарағанда осындай балаларды иеленгенді артық санауы мүмкін. Немесе, егер қаласаң,
Лакедемонда Ликург қалдырған балаларды, — деп жалғастырды ол, — Лакедемонды,
бүкіл Грекияны құтқарған балаларды алшы. Заңдарыңыздың тудырушысы Солон да
сіздерде құрмет тұтылады, ал әртүрлі басқа жерлерде, гректерде немесе варварларда
болсын, толып жатқан әдемі істер тындырған және көп түрлі ізгіліктер тудырған
көптеген басқа адамдар да құрметке бөленген. Бұл адамдарға мұндай балалары үшін
талай кесенелер салынған, ал кәдуілгі балалары үшін ешкімге де әлі кесенелер
салынбаған болатын.
Махаббаттың барлық бұл қияларымен, бәлки, сені де, Сократ, таныстыруға болар. Ең
жоғары және ең терең дегендеріне келетін болсақ, ал, егер талдап қарасақ, біріншілері
жарық дүниеде соларға бола өмір сүреді ғой, онда сен оларға терең бойлай аласың ба жоқ
па, мен білмеймін. Олар туралы мен айтуын айтамын, — деп жалғастырды ол,— мен одан
тартынбаймын. Тек қолыңнан келгенше менің соңыма еріп отыруға тырысып көр.
Осының бәріне дұрыс жол табамын деген кісі жас шағынан әдемі денелерге ұмтылудан
бастауы тиіс. Егер оған дұрыс жол көрсетілсе, ол алдымен әлдебір бір денені сүйіп, сонда
әдемі ойлар туады, ал содан кейін ол бір дененің сұлулығы кез-келген басқасының
сұлулығына туыстас екенін, және де, егер әдемілік идеясына ұмтылатын болсақ, онда
барлық денелердің де сұлулығы сол біреу-ақ емес деп ойлау қисынсыз болатынын