88
өлуге де, ашығуға да, тіпті не болса соның бәрін бастан кешуге де дайын болады, олар
махаббат отына бөленеді. Адамдар жөнінде, — деп жалғастырды ол, — олар мұны
зерденің бұйыруымен жасайды деп ойлауға болар еді, бірақ жануарлардағы осындай
ынтызарлықтың себебі неде, сен айта аласың ба?
Менің тағы да білмеймін деуіме тура келді.
Мұны түсінбей жатып, сен махаббаттың білгірі боламын деп санайсың ба? — деп
сұрады ол.
Алайда, Диотима әлгінде ғана айтқанымдай, саған келіп жүруімнің себебі маған
ұстаздың керектігінде ғой. Махаббатқа қатысты осының да және басқа бәрінің де
себебін маған айтып берші!.
Міне осылай, — деді ол,— егер де махаббат өз табиғаты бойынша — бұл біз талай
рет айтқанға деген құштарлық екеніне сенің көзің жетсе, онда мұнда да саған таң
қаларлықтай ештеңе жоқ. Адамдар сияқты жануарлардың да өлмелі табиғаты
мүмкіндігінше бейөлместік және мәңгілік болуға ұмтылады ғой. Ал бұған бір ғана
жолмен жете алады — тудыру жолымен яғни әр кезде ескінің орнына жаңаны қалдыру
жолымен; кез-келген тірі жан иесі туралы ол өмір сүреді және өзімен-өзі болып қала
береді деп айтатындай уақыттың ішінде-ақ — адам, мысалы, кішкентайынан
қартайғанға дейін бір кісі деп саналады, — ол ешқашан, бұрынғы деп саналғанымен,
сол қалпында қала алмайды, қайта ылғи жаңарып отырады, әлденені міндетті түрде
жоғалтып, шашын ба, етін бе, сүйегін бе, қанын ба немесе жалпы бар тәнилігін бе, әрі
тек қана тәнилігін ғана емес және де жанға жататынын да: ешкімде де оның әдеттері
мен мінезі де, пікірлері де, тілектері де, қуаныштары да, реніштері де, қорқыныштары
да өзгеріссіз қалмайды, әрқашан әлдене пайда болып, әлдене жоғалады. Алайда, бұдан
да таңқаларлық жағдай біздің білімдерімізбен байланысты: қандай да бір білімдер
бізде пайда болып, ал қандай да біреулерін жоғалтатынымыз және де, сондықтан,
білімдерге қатысымызда да ешқашан бұрынғыдай болмайтынымыз былай тұрсын, —
білімдердің жеке алғандағы әрбір түрінің тағдыры да осындай екен. Жаттығу деп
атайтынымыз білімнің азайғанынан туындайды, өйткені ұмыту — бұл әлдебір білімнің
азаюы, ал жаттығу, ұмытылғанды қайта еске алуға бізді мәжбүр ете отырып, білімді
сақтайтыны соншалықты,— ол бізге бұрынғыдай болып көрінеді. Солай міне,
өлмелінің бәрі де осы тақылеттес сақталады: құдайлықтан өзгеше, ол әрқашан сол
қалпында өзімен-өзі болып қалмайды, қайта, ескіріп және өтіп бара жатып, жаңадан
өзіне ұқсасын қалдырады. Міне, Сократ, қандай тәсілмен, — деп қорытты ол, —
өлмелі тән де, қалғанының бәрі де — бейөлмелілікке барып жұғысады. Басқа тәсілі
жоқ. Әлдебір тірі жан иесі табиғаты бойынша өзінің ұрпағы жөнінде қамқорлық
көрсететініне таңырқамай-ақ қой. Бейөлмелікке бола бұл молыққан махаббат жарықта
бардың барлығына да ілесе жүреді.
Оның сөзін естіп, мен таңырқап былай дедім:
Япырым-ау, дананың данасы Диотима, бұл шындығында да тап осылай ма екен?
Сонда ол шын даналарша былай деп жауап қатты:
Бұған сенімді болуыңа болады, Сократ. Адамдардың атаққұмарлығын алшы, —
егер мен айтқанды есіңе алмай, адамдардың өз атын шығаруға деген тілегінің зор
екендігін, "мәңгілік уақытқа өлмес даңқ қалдыру үшін" өз балаларынан гөрі соған бола
адамдардың өзді-өздерін зор қауіпке төздіруге, ақша төлеуге, кез-келген
ауыртпалықты көтеруге, тіпті, өліп кетуге де дайын екендігін көзіңнен таса қылсаң,
онда сен оның мағынасыздығына таң қалар едің. Сен қалай ойлайсың,— деп