Page 87 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

87
Ал адамдар игілікті иемденуді де сүйеді деп қосуға болмай ма? — деп
жалғастырды ол.
Қосайық.
Және оны тек иемдену ғана емес, бірақ мәңгі иемдену?
Мұны да қосайық.
Бір сөзбен айтқанда, махаббат дегеніміз игілікті мәңгі иемденуге деген
махаббаттың өзі емес пе?
Сен нағыз шындықты айтып тұрсың, — дедім мен.
Ал енді егер махаббат — әрқашан игілікке деген махаббат болатын болса, — деді
ол, — онда айтшы маған: олардың күйіп-жануы мен құлшынысын махаббат деп атау
үшін оған ұмтылушылар қандай іс-әрекет жасауы керек? Олар не істеуі керек, сен
соны айта аласың ба?
Егер де айта алатын болсам, — деп жауап қаттым мен, сенің даналығыңа
таңырқамас едім және де осының бәрін білу үшін саған келмес едім.
Онда, мен саған былай жауап беремін, — деді ол. — Олар әдемілікте тәни де,
рухани да босануы тиіс.
Сенің нені мегзеп тұрғаныңды түсіну үшін, — дедім мен, — балгер болу керек, ал
маған осы айтқаның түсініксіз.
Ал ендеше анығырақ айтайын, — деп жауап берді ол.
Әңгіме мынада, Сократ: адамдардың бәрі тәни де, рухани да буаз болады, және,
олар белгілі бір жасқа толғанда, біздің табиғатымыз ауыртпалықтан босануды талап
етеді. Ал бірақ ол сұрықсыздықта емес, тек әдемілікте ғана босана алады. Еркек пен
әйелдің ілігуі осындай босану болып табылады. Және де бұл құдай іске жатады,
өйткені жүкті болу мен туу өлмелі жан иесіндей өлмес бастаманың көріністерін
құрайды. Ол да бұл да жараспайтындықта өте алмайды, ал жараспайтындық бүкіл
құдайлық үшін — бұл сиықсыздық, ал сонда әдемілік — бұл жарасатындық болып
табылады. Сонымен, кез-келген туудың Мойрасы мен Илифиясы — бұл Сұлулық.
Сондықтан, жүкті жан иесі әдемілікке таяп барып, қуаныш пен көңіл қошына бөленеді,
туады және жарық дүниеге әкеледі, ал сұрықсыздыққа таяп барып, түнереді,
қамығады, бүріседі, теріс қарайды, бұйығады және де туудың орнына жатырында
тұтылып қалған ұрықтың ауыртпалығын көреді. Міне осы себепті жүктілердің және
тууға күн санап жүргендердің әдемілікке соншама сусайтыны — әдемілік оларды зор
туу азабынан құтқарады. Бірақ махаббат,— деп қорытты сөзін ол, — саған, Сократ,
солай болып көрінгенімен мүлде де әдемілікке ұмтылу емес.
Ал ол не сондайлық?
Әдемілікте тууға және жарыққа әкелуге ұмтылу.
Мүмкін, — дедім мен.
Күмәнсіз, — деді ол. — Ал не себепті тууды айтамыз? Мұның себебі туу қасиеті —
бұл өлмелі жан иесіне берілген өлмейтіндік пен мәңгіліктің сол бір үлесі. Алайда егер
махаббат, біз келіскендей, игілікті мәңгі-бақи иеленуге деген ынтықтық болса, онда
игілікпен қатар өлмейтіндікті де тілемеуге болмайды. Ал сонда, махаббат — бұл
өлмейтіндікке де ынтық болу.
Осының бәріне ол мені махаббат туралы әңгімелескен сайын үйрететін. Ал бірде ол маған
мынадай сұрақ қойды:
Осы махаббат пен құштарлықтың, Сократ, сеніңше, себебі неде? Бала тууға деген
құштарлық баурағанда барлық жануарлардың, жер басатындарының да,
қанаттыларының да, қандайлық өзгеше бір күйге түсетінін сен байқап па едің?
Алдымен қосарласу кезінде, ал кейін балаларын тамақтандырғанда, тек оларды асырау
үшін қаншама өздері әлсіз болса дағы соларды қорғалап ең күштілермен күресуге де,