84
Оны құдай ғой деп санамайтын адамдар ұлы құдай деп оны қалай ғана мойындай
алады, Сократ? — деп күліп жіберді ол.
Бұлар кімдер? — деп сұрадым мен.
Сен бірінші, мен екінші, — деп жауап берді ол.
Сен осылай деп қалайша айта аласың? — деп сұрадым мен.
Оп-оңай, — деп жауап қатты ол. — Маған айтшы, барлық құдайлар игі және әдемі
деп ұйғармайтын ба едің сен? Әлде, мүмкін, құдайлардың біреуі туралы болсын ол
әдемі емес және игі емес деп айтуға сенің батылың бара ма?
Жоқ, Зевспен ант ұрайын, батылым бармайды, — деп жауап бердім.
Ал игі деп сен әдемі әрі қайрымдыларды атамаушы ма едің?
Иә, дәл солай.
Бірақ Эрот жөнінде, ол қайрымдылығымен де, сұлулығымен де ерекшеленбей-ақ,
онда жоққа емінеді деп сен мойындаған едің ғой.
Иә, мен мұны мойындадым.
Егер ол қайрымдылық пен сұлулықтан жұрдай болса, ол қалай ғана құдай бола
алады?
Байқаймын, ол шынында да құдай бола алмайды.
Міне көрдің бе, — деді ол, — сен де Эротты құдай деп санамайсың.
Сонымен Эрот дегеніміз не? — деп сұрадым мен. — Өлімге жататын ба?
Жоқ, ешқандай да.
Ал кім сонда?
Біздің бұрын анықтағанымыздай, өлмейтін мен өлетіннің арасындағы орташа
әлдене.
Дегенмен ол кім, Диотима?
Ұлы данышпан, Сократ. Барлық данышпандар құдай мен өлетіннің арасындағы
орташа әлдене болып табылады, солай ғой.
Олар не үшін жаратылған?
Құдайларға адамдардың дұғалары мен құрбандықтарын, ал адамдарға құдайлардың
аманаттары мен құрбандықтары үшінші сыйақысын жеткізетін адамдар мен құдайлар
арасындағы түсіндірмелеушілер және ара ағайыншылар болуға. Олар ортада жүріп
адамдар мен құдайлар аралығын толтырады, міне содан Әлемге ішкі байланыс тән.
Солардың арқасында неше түрлі сәуегейліктер, балгерлер өнері және құрбандық
шалуға, құпиялыққа, дуалауға, әулиелікке және сиқыршылыққа қатынасатынның
жалпы бәрі мүмкін болады. Адамдарға жанаспай-ақ құдайлар — өңінде де, түсінде де
— олармен данышпандар арқылы қатынап, әңгімелеседі. Кімде-кім мұндай істерге
қанық болса, ол құдай адам, ал басқалардың бәріне, әлдебір өнер ме не кәсіп пе, қанық
адам ол жай ғана қолөнерші. Мұндай данышпандардың саны коп және олар әртүрлі
болып келеді, ал Эрот солардың бірі.
Оның әкесі мен шешесі кімдер? — деп сұрадым мен.
Бұл туралы айту ұзаққа кетеді,— деп жауап берді ол,— бірақ дегенмен мен саған
айтайын.
Афродита туғанда құдайлар тойға жиналыпты, солардың ішінде Порос та, Метиданың
ұлы, болыпты. Олар енді ғана тамақтарың ішіп болғанша, — ал тамақ оларда мол екен, —
садақа сұраған Пения есіктің алдына келіп тұра қалады.
Сол арада нектардан масайған Порос — ол кезде шарап әлі болмаған — Зевстің бағына
шығады да, ауырлап барып, ұйықтап кетеді. Сол кезде Пения, өз кедейлігіне орай,
Поростан бала таппақты ойластырып, оның жанына жата кетеді де Эротқа жүкті болып
қалады. Міне сондықтан Эрот — Афродитаның серігі және қызметшісі: ол осы