Page 81 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

81
Сонда Федр мен басқалар да оны қалай қаласа, солай сөйлесін деп, сұрап қоймайды.
Олай болса, Федр, - деді Сократ, — Агафонға, сөзімді онымен келісіп алып барып
бастау үшін, бірнеше сұрақ беруге руқсат етші.
Рұқсат, сұрай бер, — деді Федр.
Сократтың сөзі: Эроттың мақсаты — ішікті иелену
Сонда Сократ, деп жалғастырды Аристодем, жуықтап айтқанда былай бастады:
Ең алдымен Эроттың өзі және оның қасиеттері туралы, ал содан кейін ғана оның
істері туралы айту керек дегенде, қымбатты Агафон, сен өз сөзіңде расында
кереметтей үлгі корсеттің. Булай бастау менің көңіліме өте қонады. Міне, Эроттың
қасиеттерін сен кереметтей және тіпті жарқыратып тұрып талдап бергендіктен, сен
енді мынаған жауап берші. Эрот міндетті түрде әлдебіреуге деген махаббат па немесе
жоқ па? Бұл, айталық, әкеге немесе анаға деген махаббат па деп мен сұрамаймын, —
Эрот анаға немесе әкеге деген махаббат па деген сұрақ күлкілі болар еді, — жоқ, мен
сенен, мысалы, әке туралы сұрағандай сұраймын: әке болғандықтан, ол міндетті түрде
біреуге әке болып келеді ғой?
Егер де сен бұған дұрыс жауап бергің келсе, сен, ықтимал, әке әрқашан қызы мен
ұлына әке болады ғой деп жауап берер едің, солай емес пе?
Әрине, — деп жауап берді Агафон.
Шеше де дәл солай ғой, рас емес пе?
Агафон мұнымен де келісті.
Онда, менің нені тілеп отырғанымды сен оңайырақ түсіну үшін тағы да бір-екі
сұраққа жауап берші. Егер аға расында аға болса, онда ол міндетті түрде біреуге аға
болмай ма?
Агафон бұл солай деп жауап берді.
Інісіне, демек, немесе қарындасына? — деп сұрады Сократ.
Агафон растап жауап қайырды.
Енді, — деді Сократ, — махаббат туралы жауап беруге тырысшы. Эрот әлдебіреуге
деген махаббат па немесе жоқ па?
Иә, әрине.
Осылай міне, мұны есінде мықтап ұста жөне ұмытпа, ал әзірше мына сұраққа
жауап берші: махаббат нәрсесіне Эротқа елту сезімі бола ма?
Әрине, елтиді, — деп жауап берді Агафон.
Қай кезде ол сүйеді және елтиді: махаббат нәрсесін иеленгенде ме әлде
иеленбегенде ме?
Бар ықтималдығы бойынша, ие болмағанда, — деді Агафон.
Ал мүмкін, - деп сұрады Сократ, — елту сезімін жеткілікті емес, қайта жетпейтін
нәрсе тудыратыны бүл жай ғана ықтималдық емес қажеттілік шығар? Маған, мысалы,
Агафон, мұның қажеттілік болып көрінуі басым. Ал саған қалай?
Маған да, — деді Агафон.