80
және тілек-талаптардың әкесі; ержүректердің қамқоршысы, ал сұмпайыларды жек көруші,
ол қорқынышта да және азапта да, ой-арманға шомғанда да, қамығып - мұңайғанда да ең
жақсы тәлімгер, көмекші, құтқарушы және серік, құдайлар мен адамдардың ажар -
әшекейі, оны әдемілеп әнге қосып және де, оның барлық құдайлар мен адамдардың арман
- ойларын баурап алатын әдемі әніне қосыла отырып, әркім соңына еретін ең әдемі және
ең ардақты көсем.
Міне, Федр, бұл құдайға арнап, әлім жеткенше шыны мен әзілін араластыра отырып
айтқан менің сөзім осы.
Агафон біткенде, Аристодемнің айтуынша, барлық қатысушылар жас жігіттің сөзін өзіне
де, құдайға да лайықты деп тауып, мақұлдай шуылдаса жөнеліпті. Сонда Сократ
Эриксимахқа бұрылып былай депті:
Ал, енді сенің, Акуменнің ұлы, менің бұрынғы қорқыныштарымның бекер
еместігіне және де Агафонның кереметтей соз айтатынын, ал мен болсам қиын
жағдайда қалатынымды болжалдаған көрегендігіме көзің жеткен болар?
Агафон айрықша әдемі сөз айтады деген сенің бір сәуегейлігің орындалды, — деп
жауап қатты Эриксимах, — ал енді сенің қиын жағдайда қалатыныңа сену қиын.
Иә, мұндай әдемі және бай сөзден кейін кімде-кім, мен бе әлде басқа біреу ме,
сөйлесе де, — деді Сократ дауысын көтере, — қалайша, қарағым-ау, тығырыққа
тірелмейді! Ал егер оның бас кезі соншама әлі таң қаларлықтай болмаса да, соңғы
жағындағы сөздердің сұлулығы мен сөздің сапталуы қандай тыңдаушыны таңырқатпас
еді? Мен, мысалы, сұлулығы жағынан осы сөзге тым болмаса таяулап келетіндей
ештеңе айта алмаймын ғой деп ойланып қалғанымда, егер мүмкін болса, ұялғаннан
қашып кетуге даярмын. Бүл сөз Горгийді есіме түсірді, ал мен, дәлме-дәл Гомерше,
Агафон өз сөзінің соңында менің сөзіме Горгийдің, бұл ұлы сөзуардың, басын сілтейді
ме деп, ал менің өзімді мылқау тасқа айналдырып жібере ме деп қорқып отырдым.
Сіздермен кезектесіп Эротқа мақтау сөз айтуға келіскенімде және махаббат ісін тәп-
тәуір білемін дегенімде, — сөйтсем, мақтау сөзді қалай құру керек екендігі жөнінде
ұғымым да жоқ екен, — қаншалықты күлкіге душар болғанымды мен енді түсіндім.
Мен болсам, өзімнің қарапайымдылығыма салынып, кез-келген мақталатын нәрсе
жөнінде, ең бастысы, шындықты айту керек деп, ал шындықтан ең кереметін тандап
алып, ең келісті тәртіппен орналастыру керек деп ойлайтынмын.
Міне осылай, кез-келген нәрсені мақтаудың дұрыс тәсілін білгендіктен тәп-тәуір соз айта
аламын ғой деп есептегенімде, мен өзіме тым сенімділік артыппын. Сөйтсем, әдемі мақтау
соз айта білу мүлде мұнда тұрған жоқ екен, ал сол нәрсеге мейлінше көбірек әдемі
сапаларды, онда бар-жоғына қарамастан, жапсыра беруде екен: өтірік соғып жіберсең де,
байқаймын, еш бәле жоқ. Біздің әрқайсымыз Эротты мақтайын деп жатқандай ғана болып
көрініп, ал іс жүзінде оны мақтамауға тиіспіз деген алдын-ала уәдеміз болған сияқты.
Сондықтан да, тегі, сіздер Эротқа не болса соның бәрін тек қайтсе де оны ең бір тамаша
және абзал қылып көрсету үшін, кез-келген қасиеттерді, кез-келген табысты деген істерді
жабыстыра бересіздер, — әрине, көздері ашық, білетін адамдардың алдында емес, оны
білмейтіндердің алдыңда. Сонда мақтау сөз сұлу да салтанатты болып шығады. Алайда
мақтау сөзді былайша құрудың тәсілін мен білмедім де ғой, сөйтіп білместіктен сіздермен
кезектесіп сөйлеуге келісіп қалдым. Олай болса, "келісім берген тек тіл, бірақ жүрек емес,
жоқ". Ал жоққа сот та жоқ. Өз сөзімді мұндай тәсілмен мен құрмаймын, себебі турасын
айтқанда сөйте алмаймын. Шындықты, алайда, егер қаласаңыздар, мен сіздерге, күлкіге
қалмас үшін сіздердің сөздеріңізге үйлестіруге тырыспай-ақ, айызым қанғанша өзімше
айтайын. Федр, Эрот туралы шындық айтылатын, және де талғанбай, қалай болса солай
айтылатын дәл осындай да соз керек пе саған тағы, осыны шешші.