Page 79 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

79
Егер де ол өзі қасірет шексе, бүл зорлықтан емес — зорлықтың Эротқа қатынасы жоқ, ал
егер қасірет шектірсе, онда да зорлықсыз, өйткені Эротқа әрқашанда өз еркімен қызмет
жасалады, ал екі жақтың келісімімен жасалған нәрсені "заңдар, мемлекеттің бұл
әміршілері", әділ деп мойындайды. Әділдіктен басқа оған пайымдағыштық жоғары
дәрежеде тән. Ал пайымдағыштық — бұл, жалпы мойындау бойынша, өз
ынтызарлықтары мен құмарлықтарын бағындыра білу, ал Эроттан күштірек болатындай
құмарлық жоқ. Бірақ егер құмарлықтар оған қарағанда әлсіздеу болса, онда олар оған
бағынуы, ал ол — оларды бағындыруы тиіс. Ал егер Эрот тілектер мен құмарлықтарды
бағындыратын болса, онда оны ерекше пайымдағыш деп мойындау керек. Ал ерлік жағын
алатын болсақ, Эротпен "Арестің өзі де тайталаса алмас еді". Эротты Арес иеленбейді ғой,
ал Эрот Аресті, яғни Афродитаға деген махаббатты иеленеді. Ал билеп-төстеуші
иелігіндегіден күштірек, яғни, Эрот, ерлігі бәрінен де асқаннан да күштірек болғандықтан,
ең үлкен ерлік иесі болуы тиіс.
Сонымен, бүл құдайдың әділдігі, пайымдылығы және ерлігі жөнінде айтылды, енді оның
даналығы туралы айту қалды. Олай болса, бар мүмкіндігінше, мұнда да ұятқа қалмауға
тырысып бағайық. Ең алдымен, мен де оз өнерімді, Эриксимах сияқты, құрметтей кету
үшін айтарым: бұл құдайдың шебер ақын екендігі сондай, ол басқаны да ақын қылуға
қабілетті. Қалай болғанда да, Эрот жанасып кеткен әрбіреу, тіпті "оған дейін Музаларға
жат болса да", ақын болып шығады. Ал бүл бізге Эроттың жалпы музалық
жасампаздықтың барлық түрінен де хабары бар жақсы ақын екендігінің дәлелі болып
табылады. Өйткені өзінде жоқ нәрсені басқаға да бере алмайсың ғой, ал нені өзің
білмесең, оған басқаны да үйрете алмайсың. Ал барлық тіршілікті жасасуға келетін
болсақ, өмір сүретіннің бәрі де Эроттың даналығы арқасында пайда болып
қалыптасатынын кім жоққа шығара алады?
Және де өнер мен кәсіптердегі шеберлікке келсек,— ұстазы осы құдай болғандар ұлы
даңққа бөленгенін, ал Эрот жанаспағандарың аты шықпай қалғандарын біз білмейміз бе?
Шынында да садақ ату өнерін, дәрігерлік және сәуегейлік өнерін Аполлон оны махаббат
пен құмарлық қысқанда ашқан болатын, олай болса оны да, Гефесті де — ұсталық ісінде,
Афинаны да — тоқу ісінде, Зевсті де — "адамдар мен құдайларды басқару" өнерінде өнер
Музаларының тәлімгері Эроттың шәкірті деп санау керек.
Міне, осы себептен құдайлардың істері олардың арасында тек махаббат пайда болғанда
ғана тәртіпке келеді, әрине, сұлулыққа деген махаббат, өйткені сұрықсыздық махаббатты
тудырмайды. Оған дейін, басында мен айтып кеткендей, құдайлар арасында, аңыз
бойынша, көптеген қорқынышты істер орын алған, ал ол Қажеттілік үстемділігінің кінәсі
болатын. Ал бұл құдайдың пайда болуы мұң екен, әдемілікке деген махаббаттан құдайлар
мен адамдар үшін неше түрлі игіліктер туындады. Сонымен, Федр, меніңше, ең алдымен
өзі асқан әдемі әрі жан-жақты жетілген құдай болған Эрот, кейін өзгелерге де осы
сапалардың қайнар көзіне айналған. Оның тартатын сыйлары жөнінде тіпті өлеңмен де
айтқым келеді:
Адамдарға бейбітшілік пен тыныштық, жайпақ теңізде тымықтық,
Құтырған құйынның үнсіздігі және тәтті ұйқы төсектегі.
Біздерді жатсынғандықтан құтқарып және ынтымақтыққа үндеп, ол бүгінге ұқсас әртүрлі
жиындар ұйымдастырады және мерекелерде, хор шерулерінде және құрбандық шалуларда
біздердің басшымызға айналады. Сыпайылықтың жақтаушысы, дөрекіліктің
қуғындаушысы, ол ұнамдылыққа бай, ұнамсыздыққа кедей. Қайрымдыларға төзімді,
даналарға сыйлы, құдайларға сүйікті; жолы болмыстарға арман, жолы болғыштарға
дәулет, молшылықтың, көркемдіктің және нәзіктіктің, қуаныштардың, құмарлықтардың