8
бермейтін албырт бала кездеріңізде - ақ олар біразыңызды маған қарсы қойып, жалған
айыптар тағып, азғырған. Сократ деген дана бар, жердің астындағыны да, үстіндегіні де
сынап, зерттеп, өтірікті шындай ғып көрсете алады дейтін. Мұндайлар маған ең қауіпті
күйе жағушылар, себебі ол қаңқу сөзге сенетіндер: оның бәрін зерттейтін адам ешбір
құдайларды мойындамайтын адам деуі қақ. Осындай қаңқу сөз таратушылар өте көп,
оның үстіне үнемі өз көзіңнен тыс жерде айтады, олардың кім екенін, аты-жөнін де біле
алмайсың, сондықтан өзіңді де ақтай алмайсың! Тек солардың ішінде ілуде бір комедия
жазатындары шығып қалмаса, әрине. Қызығушылық пен зұлымдықтан немесе өсек сөзге
сеніп қалып, сонан соң соны басқаларға таратып жүрушілерді осында сотқа шақыра
алмайсың, теріске шығара алмайсың, тек көлеңкелермен сайысқандай боласың, себебі
көзіңше айыптап тұрған ешкім жоқ. Сондықтан да менің екі түрлі айыптаушыларым бар
екенін сіздер де мойындап, әуелі солардың алғашқыларынан өзімді қорғап алуға
келісіңіздер, себебі олардың жалған айыптауларын сіздер көптен естіп жүрсіздер ғой!
Бұрынғы айыптаушыларға сын
Сонымен, афиналық ағайын, сіздердің араңызда баяғыдан тарап жүрген маған жабылған
жаланы қысқаша болса да әшкере етіп көрейін, оның маған да, сіздерге де пайдалы
Болғанын тілеймін, одан басқа мен үшін қандай нәтиже болсын. Бірақ, оған көпшіліктің
көзін жеткізу қиын, оның құпиясы да маған белгілі, қайтемін, құдайдың қалағаны болар,
ал заңға мойынсұну парыз, олай болса — өзімді ақтауым керек. Ең алдымен мен жөнінде
жайылып кеткен жаман лақап маған қандай айып қойып еді? Мелеттің мен туралы
шағымы соларды тиек етіп отыр ғой! Нендей сөздер еді олар? Сол айыптауларды сөзбе-
сөз нақты келтіруім керек. Тап кәзіргі айыптаушыларымның сот алдында ант беріп
айтқанындай айқын болсын. "Сократ заңды қорлап жүр, онысы бос далбаса, өйткені
жердің астындағыны да, аспандағыны да ақыл таразысымен өлшемей, ал істейтіні тек
өтірікті шындай қып көрсете білу және басқаларды да соған үйрету" дейді. Аристофанның
комедиясында өздеріңіз көргендей, Сократ деген біреу корзинада бұлғақтап келе жатып,
мен ауада серуендеп жүрмін дейді-міс және маған түсініксіз одан да басқа көп нәрселерді
былжырайды. Мен бүл жерде ғылымдарды және ол жағынан даналыққа қолы жеткендерді
күстәнә қылудан аулақпын, ол үшін де мені Мелет сотқа тартуы қалып па еді, бірақ маған
ешқандай қатысы жоқ қой. Оған осы сіздердің көбіңіз куә бола алар едіңіздер және менің
сөзімді бұрын ең болмаса бір рет тыңдағандарыңыз осыны өзара мәмлеге келіп,
анықтауларыңызды талап етемін. Сіздердің араңызда мені бұрын тыңдаған көптеген
адамдар бар. Бір біріңізден сұраңыздаршы, жаңағы айыптаудағы сияқты сөздерді мен
қашан айтқан екенмін. Олардың әділеттен мақрұм екеніне көздеріңіз сонда жетеді.
Мені өтірікті шындай қып көрсетуге басқаларды үйретеді-міс дегені де жалған. Мен
біреуге дәріс беріп, тәрбиелеумен де айналысқан емеспін. Леонтилік Горгий, Кеостан
шыққан Продик, Элладалық Гиппий сынды тәрбиелеу қолынан келетін кісілер болса —
ол, әрине, игілікті іс. Олар қалаларды аралап жүріп жастарға: ұстаздарыңды қойып бізге
келіндер, әрине ақшаларыңды да, алғыстарыңды да бізге бағыштаңдар) деп жүр, әрине, өз
жұртының кез келген азаматынан тегін - ақ тәлім алуға болатын болса да.
Паростан келген тағы да білікті кісі туралы естідім. Бірде софистерден ақыға дәріс
алғандарды түгел қосқанда да, бәрінен көп ақша төлеген Гиппониктің ұлы Каллийдің
ұшырасқаны бар. Оның екі ұлы бар, мен одан:
Каллий, егер сенің ұлдарың адам емес, мысалы құлындар немесе баспақтар болса, ал біз
оларды бағатын, яки олардың табиғи жақсы қасиеттерін жетілдіріп, кемеліне келтіретін
адам іздесек, олар жылқышы мен бақташы болар еді-ау, ал сенің ұлдарың адамдар ғой,
сондықтан оларға тәлім бере алатын кімді таңдар едің? Адамдық және азаматтық игі