78
Барлық менің ізашарларым бүл құдайды мадақтаудың орнына, маған солай болып
көрінді, оның адамдарға әкелетін бақыты мен игіліктерін айтып басына көтерді. Ал
осы игіліктерді берушінің өзі қандай екенін ешкім айтқан жоқ. Ал енді кімге де болсын
мақтау сөз арнаудың бірден-бір дұрыс тәсілі — бұл сөз болып отырғанның қандай
қасиеттері бар екенінің және де ол ненің себебі болып табылатынының жігін ашуда
жатыр. Олай болса, бізге де алдымен Эроттың өзін және оның қасиеттерін, ал содан
кейін барып оның сый - тартуларын мақтағанымыз жөн.
Сонымен, кесіп айтарым: барлық ізгілікті құдайлардың ішінде, егер қарсы пікірлер
туғызбай осылай деуге болатын болса, ең ізгіліктісі Эрот, себебі олардың ең сұлуы және
ең жетілгені осы Эрот. Ең сұлуы деп атауымның себебі мынау. Алдымен, Федр, бұл ең
жас құдай. Менің айтқанымның рас екеніне оның өзі толық дәлел болады; ол ешқашан да
кешікпейтін кәріліктен, — қалай болғанда да ол бізге уақытынан тезірек жетіп келеді, —
жүгіре қашады. Міне осылай, Эрот өз табиғаты бойынша кәрілікті жек көреді және одан
мейлінше қашқақтап жүреді. Оның есесіне ол жастардан айрылмайды, — ұқсас ұқсасқа
ұмтылады деп бәз - баяғыдан тегін айтылмаған ғой. Федрмен көп нәрседе келісе отырып,
оның Эрот Иапет пен Кроннан үлкен дегенімен келісе алмаймын. Менің кесіп айтарым: ол
құдайлар ішіндегі ең жасы және әрқашан жас болып қала береді, ал құдайлар арасындағы
Гесиод пен Парменид баяндаған сол бір көне істерге келсек, олардың себебі, егер бұл
ақындар шын айтса, қажеттілік, ал мүлде Махаббат емес. Құдайлар, егер де олардың
арасында Эрот болса, бірін-бірі скорпионша шақпас әрі кісендемес еді және де жалпы
зорлық жасамас еді, қазір Эрот оларды басқарып жүргендегідей, бейбіт өмір сүріп,
достасар еді. Сонымен, ол жас және — өзінің жастығына қоса — нәзік те. Құдайдың
нәзіктігін бейнелеу үшін Гомер сияқты ақын керек. Мысалы, Ата құдайша, және де нәзік
құдайша, — ең кемінде оның табандары нәзік,- деп мәлімдей келе, Гомер былай
жырлайды:
Табандары оның нәзік: ол табандарымен
Жердің бетін баспайды, адамдар басымен жүреді.
Міне, солай, оның нәзіктігін, қаттыны емес, жұмсақты басып жүреді деп отырып, ақын
меніңше, әдемі дәлелдейді. Эротты нәзік дей отырып, біз де сол дәлелдемені қолданайық.
Ол жермен, тіпті бастармен де, ал бұларды соншалықты жұмсақ деуге келмес, жүрмейді,
жоқ, ол жарық дүниедегі ең жұмсақ деген салада жүреді және тұрады: құдайлар мен
адамдардың мінездері мен жандарын жайлап, оның өзінде де қатарланған барлық
жандарды емес, тек қана жұмсақтарын, өйткені, қатал мінезге кез болса, кетіп қалатыны,
жұмсағын кездестірсе — қалып қоятыны бар. Ал әрқашан ол аяқтарымен де, бәрімен де
жұмсақтың ішіндегі тек ең жұмсағына ғана жанасатын болғандықтан, ол ғажап нәзік
болмай қоймайды. Сонымен, бұл ең жас және ең нәзік құдай. Оған қоса ол формаларының
икемділігімен ерекшеленеді. Икемді болмаса, ол бар жерден сытылып өтіп, алдымен
білдірмей жанға кіріп, ал одан соң шыға алмас еді. Эроттың формаларының өзара
мөлшерлілігі мен икемділігінің сенімді дәлелі, бәрі де мойындайтындай, оған тән
ештеңемен де салыстыруға келмейтін таң қаларлық иман жүзділігі болып табылады.
Махаббат пен сұрқиялық арасында мәңгілік келіспеушілік бар екені белгілі. Осы
құдайдың терісінің сұлулығы туралы оның гүлдер арасында өмір сүретіні бойынша-ақ
пайымдауға болады. Жан, дене немесе басқа әлдене болсын, егер гүлденіп өтіп, солғын
тартып үлгерсе, онда Эрот оған қонбайды, ол тек қана барлығы гүлденіп және хош иісі
мүңкіп тұрған жерлерге ғана тоқтап қонақтайды.
Бұл құдайдың сұлулығы туралы түгелі болмаса да жеткілікті - ақ айтылды. Енді оның
ізгіліктері жөнінде айту керек, ал олардың ең бастысы Эроттың құдайларды да, адамдарды
да ренжітпейтіндігінде және құдайлардың да, адамдардың да Эротты ренжітпейтіндігінде.