Page 76 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

76
жатып, солармен құшақтасқан ұнайды. Бұлар ер балалар мен жас өспірімдердің ішіндегі
ең жақсылары, өйткені олар табиғатынан асқан ержүрек келеді. Кейбіреулер, рас, оларды
көргенсіз деп атайды, бірақ бұл адасушылық: олар өздерін солай ұстайтыны олардың
көргенсіздігінен емес, өздерінің батылдығынан, ерлігінен және ер жүректігінен, оз
үлгісіне тартуынан. Бұған сенімді дәлел бар: есейген кездерінде тек осындай еркектер ғана
мемлекеттік қызметке бет бұрады. Есейгенде олар ер балаларды сүйеді, және де олардың
бала туғызуға, неке қиюға деген табиғи бейімділігі жоқ; оған да, бұған да оларды әдет-
ғұрып көндіреді, ал олар өздері әйелсіз бір-бірімен тұра беруге әбден бар. Әрқашанда
еркек тектілікке құныққан мұндай адам міндетті түрде жасөспірімдерді сүюшіге және
өзіне ғашық адамдардың досына айналады.
Әлдекім, жасөспірімдерді жақсы көруші ме әлде басқа біреу ме, дәл өз жартысын
кездестіре қалса, онда екеуін де соншама таңқаларлық сыбайластық, жақындық және
махаббат сезімі баурап, олар тіпті қысқа уақытқа да ажырасуға көнбейді. Және де бар
өмірін бірге өткізген адамдар бір-бірінен, шынтуайтында, не тілейтінін де айта алмайды.
Тек жыныстық құмарлықты қандыру үшін ғана олар бірге болуға соншама әуестене
ынтығады деуге болмайды ғой. Әркімнің жаны әлдебір басқаны тілейтіні анық; дәл нені
тілейтінін ол айта алмай, өзінің тілектері жөнінде ол тек қана болжалдайды, тек тұспалдап
қана айтады. Егер де олар бірге жатқанда алдарына өз құралдарымен Гефест келіп:
"Адамдар, сіздер бір - біріңнен нені тілейсіздер?" — деп сұрап, олардың жауап беруге
қиналғанын көрген соң, — былай: "Мүмкін, сіздер мейлінше ұзақ мерзім бірге болуды
және күндіз де түнде де бір - біріңнен айрылыспауды тілейтін шығарсыздар? Егер де
сіздердің қалауларыңыз дәл осы болса, мен сіздерді бір - біріңізге қосып, қабыстырып
жіберуге дайынмын, сонда екі адамнан біреу шығады, және де өмір бойы сіздер бір ортақ
өмір сүресіздер, ал өлгенде, Аидта екеудің орнына бір өлік болады, өйткені сіздер ортақ
өліммен өлесіздер. Бірақта ойланып көріңіздер: осы ма сіздердің қалауларыңыз және
осыған жетсеңіздер сіздердің көңілдеріңіз хош бола ма?" — деп қайта сұраса, солай бола
қалғанда олардың әрқайсысы мұндай ұсыныстан бас тартпай және басқа ешқандай тілек
білдірмегенімен қоймай, сүйгенімен бір жан иесі болып қосылуға және қабысуға деген
ұмтылыс дендеп, дәл баяғыдан армандағанын естідім деп есептер еді. Мұның себебі сол
— ең басынан біздің табиғатымыздың сондай болғанында, біздердің небір тұтастықты
құрағанымызда.
Сонымен, махаббат деп тұтастыққа сусынуды және соған ұмтылуды айтады. Бұрын,
қайталап айтамын, біз біртүтас болғанбыз, ал қазір әділетсіздігіміздің арқасында, құдай
бізді, аркадалықтарды, лакедемоняндар сияқты, жеке даралап жайғастырған. Егер де біз
құдайларды құрметтемесек, олардың бізді тағы да қақ айыру қауіпі бар, сонда біз не бір
мұрынының ұзына бойынан қақ бөлініп бейіт басына қойылған бедерлі бейнеге, не бір
өзара қонақжайлықтың белгілемелеріне ұқсап бағамыз. Сондықтан біз мұндай бәлеге
ұшырамас үшін және біздің үлесімізге тұтастық тиуі үшін, — ал осы тұтастыққа
бастайтын және барар жолды көрсететін Эрот қой, — әркім әркімді құдайларды
құрметтеуге үйретуі тиіс. Эротқа қарсы тұрып керегі жоқ: оған қарсы тек құдайларға
дұшпандық ықыластағылар ғана шығады. Керісінше, осы құдаймен татуласып және
достасып барып қана, біздер сүйгендерімізден оз жартымызды кездестіріп табысамыз, ал
бұл қазіргі кезде әркімнің қолынан келе бермейді. Агафон мен Павсанийді мұқатып отыр
екен деп, Эриксимах менің сөзімді ажуалай бермесін. Мүмкін, олар да осы азшылыққа
жататын шығар және олардың екеуі де еркек табиғатын иеленер. Бірақ мен барлық
еркектер мен әйелдер туралы айтып отырмын, және біздің тегіміз Эротты әбден
қанағаттандырып, әркім өзінің бастапқы табиғатына қайтып оралуы үшін өзіне жарасатын
махаббат затын таңдағанда ғана рахатқа батады. Алайда егер жалпы алғанда ең жақсысы
осы болса, онда қазір бардың бәрінен де жақсының ең жақсысы деп ең жақсыға бәрінен де
жақынын: саған тума махаббат затын кездестіруді мойындау керек. Демек, егер біз осы