Page 75 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

75
ұрған, Гомердің Эфиальт пен От туралы айтқандары соларға қатынасты: құдайларға
шабуыл жасау үшін аспанның үстіне шығуға әрекет жасап жүргендер, міне, солар. Сонда
Зевс пен басқа да құдайлар бұлармен не істеу керек деп, кеңес құрып, не қыларын
білмепті: бұрындары аспаннан жай түсіріп гиганттарды қырғандай, адам тегін де өлтірсе,
— онда құдайлар адамдардың сый-құрметінен айрылатын болады: бірақ осыншама
содырлыққа да төзе беруге болмайды. Соңында Зевс, зорығып барып әлденені ойлап
тауып, былай депті:
Мен адамдарды сақтап қалудың да, олардың күшін азайтып, бейбастағын тыюдың
да тәсілін тапқан сияқтымын. Мен олардың әрқайсысын екіге бөлемін, міне сонда
олар, біріншіден, әлсірейді, ал екіншіден, бізге пайдалырақ болады, өйткені олардың
саны екі еселенеді. Және де олар екі аяқтап тура жүретін болады. Ал егер олар бұдан
кейін де тынышталмай, бейбастығын қоймайтын болса, онда мен, деді ол, оларды тағы
да екіге бөлемін, сонда олар менде бір аяқпен секеңдейтін болады.
Мұны айтқан соң ол, шетен жемістерін тұздардың алдында екіге бөлетіні немесе
жұмыртқаны шашпен екіге қиып түсетіні сияқты, адамдарды кесіп екіге бөле бастайды.
Бөлінгендердің әрқайсысына, Зевстің бұйрығы бойынша, Аполлон беті мен мойнының
жартысын кесілген жағына қарай бұрып қоюға тиіс болыпты, адам өзінің жарымжан
екенін көріп, кішіпейілдірек болуы үшін, ал қалғанының бәрі еммен жазылуға тиіс
делінеді. Сөйтіп Аполлон беттерді бұрып, қапты сырған сияқты адам терісін жан-жағынан
енді қарын деп аталатын бір орынға тартқылап, қарынның орта тұсында пайда болған
тесікті байлайды, — ол тесік енді кіндік деп аталады. Кеудесін дұрыстап көтеріп,
қатпарларын жазғылап, — бұл үшін ол етікшілер терінің қатпарларын жазуға
пайдаланатындай құрал қолданады, — кіндіктің айналасы мен қарнында бұрынғы жай-
күйін есінде сақтауы үшін Аполлон ептеген әжім қалдырады. Мінеки, осылай денелер
екіге бөлінгеннен кейін әрбір жартысы өзінің екінші жартысына шұрқыраса ұмтылысады
екен, олар құшақтасып, бір-бірімен қабысып, бір-бірімен қайта қосылуға құмартып, аштан
не жаппай әрекетсіздіктен өледі, себебі жеке-жеке ештеңені де істегілері келмейді. Егер де
бір жартысы өлсе, онда тірі қалған жағы кез-келген басқа бір жартыны іздестіріп, ол
бұрынғы әйелдің, енді біз әйел деп атайтынымыздың, әлде бұрынғы еркектің екінші
жартысы ма бұған қарамастан, сонымен қабысады. Осылай олар опат бола береді. Сонда
Зевс оларды аяп, басқаша бір құрылғыны ойлап табады: бұрын беттері қай жақта болса,
сол жаққа қараған олардың ұятты бөліктерін, яғни олар бұрын ұрықты бір-біріне құя
алмаған, цикадалар сияқты жерге шашқан, ол алға қаратып орналастырады. Осылай
олардың ұятты бөліктерінің орнын ауыстыруы, еркектің әйелді ұрықтандыруына, сөйтіп
еркек пен әйел құшысқанда балалар туып, адам тегі өз жалғасын табатын болған, ал еркек
пен еркек қосылғанда - құшысудан олар қанағат тауып, бұдан кейін дем алып, өз істеріне
кірісіп, басқа да қажеттерін қамтамасыз етумен айналыса алатын болған. Міне,
адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілік ынтықтығы қаншама ерте кезден оларға тән
болған, сол ынтықтық екі жартыны қосып бір бүтін жасауға, сөйтіп адам табиғатын
сауықтыруға тырысады.
Сонымен, біздің әрқайсымыз — камбалаға ұқсас екі бөлікке бөлінген адамның жартысы
ғана, міне сондықтан әркім әрқашан оған сәйкес келетін жартыны іздейді. Андрогин деп
аталатын бұрындары қос жынысты жан иесінің бір бөлігі болып табылатын еркектер
әйелдерге ынтық келеді, ал сұрқиялар көбінесе осы тұқымға жатады, ал осылайша пайда
болған әйелдер еркектерге құштар, азғын келеді. Бұрынғы әйелдің жартысымен тұспалдас
әйелдер еркектерге соншама жақындаспайды, оларды әйелдерге көбірек тартады,
лесбиянкалар, міне, осы тұқымға жатады. Ал бұрынғы еркектің жартысымен тұспалдас
еркектерді біршама еркектікке тартады: тіпті бала кезінен бастап, ер жынысты жан иесінің
кішігірім бөліктері бола тұра, олар еркектерді жақсы көреді, және де оларға еркектермен