Page 74 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

74
Мүмкін, мен де Эротқа деген мақтау сөзімде көп нәрсені жеткізе алмаған шығармын,
алайда бұлай болуы менің еркіме байланысты емес. Бірақ егер мен әлденені жіберіп
қойсам, менің сөзімді толықтыру, Аристофан, сенің ісің. Алайда, мүмкін, сен бүл құдайды
басқаша мақтағың келер, — онда, мархабат, мінеки сенің ықылығың да тиылыпты.
Сонда Аристофан былай деп жауап қатты:
Иә, тиылды, бірақ тек түшкіргеннен кейін ғана; дененің тыныш қалпы осыншама
шулы әрі қытықты тәсілмен орнығатынына мен тіпті таңырқап та отырмын: мен
бірнеше рет түшкіріп едім, ықылық бірден өтті де кетті.
Әу, сен не қылып тұрсың, қымбаттым, — деп қарсылық білдірді Эриксимах
Аристофанға, — сен сөзің басталар алдында қалжыңдап тұрсың, сөзіңнің кезінде сен
тісіңді ақситпас үшін мен байқастап отыруым керек екен, ал сенің ешбір бөгетсіз - ақ
сөйлеуіңе болатын еді ғой.
Сенікі дұрыс, Эриксимах, — деді күліп Аристофан, — айтқанымды қайтып
аламын. Бірақ саған мені байқастап керегі жоқ, өйткені мен әлдебір күлкілі бір нәрсе
айтып қоямын ба деп қорықпаймын, — олай болғаны маған жағар еді және бұл менің
Музамның рухына әбден сай келер еді, — күлкіге айналамын ба деп қорқамын.
Дәл осылай оп-оңай менен құтыла алмайсың, Аристофан, — деді Эриксимах. —
Жоқ, сақ бол және өз сөзіңе жауап беруге тура келетіндей болып сөйле. Ал дегенмен,
мен саған, мүмкін болса, жеңілдік те берермін.
Аристофанның сөзі: Эрот адамның бастапқы тұтастыққа деген ұмтылысы ретінде
Әрине, Эриксимах, — деп бастады Аристофан, — мен Павсаний екеуің сияқты
сөйлемеймін. Менің байқағаным, адамдар махаббаттың нақты күшін сезінбейтін
сияқты, өйткені, егер олар мұны сезінетін болса, онда оған ұлы храмдар мен
альтарьларды тұрғызар еді және ұлы құрмалдықтар шалар еді, ал мұның бәрін ең
алдымен жасау керек болса - дағы, мұндай ештеңе де жасалмайды. Эрот — ең адамды
сүйетін құдай, ол адамдарға болысады және де адам баласы үшін олардан айығу ұлы
бақыт боларлық сырқаттарды емдейді. Сонымен, мен сіздерге оның қайрат - қуатын
түсіндіріп беруге тырысайын, ал сіздер басқаларға үйретуші боларсыздар.
Алайда, ең алдымен біз адамның табиғаты және оның неге ұшырағаны туралы біраз нәрсе
біліп алуға тиіспіз. Бұрындары біздің табиғатымыз қазіргідей емес, мүлде басқа болған.
Ең алдымен, адамдар қазіргідей екі жынысты, — ер және әйел, — емес, үш жынысты
болған, өйткені осы екеуінің де белгілерін қосқан тағы үшінші жыныс болыпты; ол өзі
құрып кетті, ал одан боқтық сөзге айналған андрогиндер деген атау ғана қалды, және де
бұдан байқалатыны, олар өздерінде екі жыныстың — ер және әйел жынысының — түрі
мен атауын тіркестіріп тұрғаны. Бұдан әрі, олардың бәрінің де денелері дөңгеленген
болатын, арқасы кеудесінен аумайды, қолы төртеу, аяғы да соншама, және де
әрқайсысының дөңгеленген мойнында мүлде бірдей екі беті болған; бұл екі қарама-қарсы
жақтарға қараған беттерде ортақ бас болыпты, құлақтары екі жұп, ұятты жерлері де
екеуден, ал басқаларын осы айтылғандардан - ақ елестетуге болады. Мұндай адам не тік,
бүкіл бойымен, — қазіргі біздер сияқты, жүрген, бірақ кез келген екі жақтың біреуімен
алға қарап, не, егер асықса, аяғын жоғары көтеріп, сегіз тағандап доңғалақша қозғалған,
соның арқасында алға қарай тез жүгіріп отырған. Бұл жыныстар үшеу болған, мұның
себебі мынада екен: ер жынысы әманда Күннен, әйелдер — Жерден, ал екеуі де
қосалқыланған жыныс — Айдан шыққан, өйткені Айда да екі бастама қосалқыланған. Ал
бүл жан иелерінің шар тәріздігі және олардың шеңбер бойынша қозғалуына келетін
болсақ, мұнда да, олардың арғы ата-бабаларымен ұқсастығы байқалған. Сұмдық күші мен
қайраты тасыған олар ұлы ниеттерді ұстанған және тіпті құдайлар билігіне де құлаш