73
екіншісі төмен болғандықтан ғана туа салмайды ғой. Үйлесім — ол үндестік, ал үндестік
— ол өзіндік бір келісім, ал әр түрлі бастамалардан, олар өзара әр түрлі боп қала беретін
болса, келісім орнықпайды. Және де, қос айрылатын мен келісімге жатпайтынды
үйлесімге келтіру мүмкін емес, мұны басында бір-бірінен алшақтайтын баяуланулар мен
үдеулерді келістіру арқылы жасалатын ырғақтың мысалынан көруге болады. Ал мұның
бәріне келісімді кіргізетін, махаббат пен бір ұдайылық орнықтыратын дәрігерлік өнер
сияқты, саз өнері болып табылады. Яғни, саз өнері дегеніміз қатар мен ырғаққа қатынасты
сүйіспеншілік бастамаларын білу болып табылады. Өйткенмен, үйлесімділік пен
ырғақтың құрылысының өзінде махаббат бастамасын байқау қиынға соқпайды, және де
мұнда махаббат екі ұдай емес. Алайда үйлесім мен ырғақты адамдарға жеткізу, яғни не саз
шығару, бұл мелопея деп аталады, не оқып-үйрену арқылы қол жететін бұрындары
шығарылған ладтар мен өлшемдерді дұрыс қайта жаңғырту керек болғанда, сонда бұл
міндет өте қиын және үлкен өнерпазды талап етеді. Мұнда сабырлылығы төмен
адамдарды соған ұмтылуға мәжбүрлей отырып, сабырлы адамдарға жағыну керек, және де
сабырлылардың махаббаты, ал оны сақтай білу керек,— бүл әдемі, аспандайын махаббат
деген бұрыннан белгілі қағида өз күшіне енеді. Бұл — Урания музасының Эроты. Ал
Полигимнияның Эроты әдепсіз, егер де іс соған дейін жеткен болса, онда ол сабырсыздық
туғызбай ләззат әкелсін десеңіз, оған абайлап жүгіну керек. Дәл сол сияқты біздің
кәсібімізде де аспаздық өнерге байланысты құштарлықты дұрыс бағыттап отыра алатын
ләззәтің ауру-сырқауға апармас үшін өте маңызды.
Сонымен, сазда да, дәрігерлік істе де, адами болсын, құдай болсын барлық басқа істерде
де, мүмкіншілігіне, екі Эротты да көңілден шығармау керек, өйткені ол да, бұл да онда
бар. Тіпті жыл мезгілдерінің қасиеттері де олардың екеуіне тәуелді. Мен айтып кеткен
бастамаларды, жылы мен суықты, құрғақ пен дымқылды, сабырлы - салиқалы махаббат
билегенде және де олар бір-бірімен пайыммен және үйлесімді түрде жымдасқанда, жыл
молшылық әкеледі, ол адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге, ешқандай да залалын
тигізбей, денсаулық әкеледі. Бірақ жыл мезгілдері әпербақан Эроттың, ұрда-жық Эроттың
билігіне ұшырағанда, ол көп нәрсені құртып, бүлдіреді. Осыдан барып әншейінде
жануарлар мен өсімдіктерді шалатын жұқпалы және басқадай аурулар пайда болады ғой.
Өйткені қырау да, бұршақ жаууы да, балбасты шық та осындай әсіре, шектен тыс
ғашықтық құмарлықтардан шығады, ал бұлар туралы білімді, әңгіме жұлдыздардың
қозғалысы және жыл мезгілдері туралы болғанда, астрономия деп атайды.
Дегенмен құрбандық шалу да, бал ашу өнеріне қатынастының бәрі де, — ал бұл өнер
құдайлар мен адамдардың қарым-қатынасына саятыны белгілі, — бір жағы махаббатты
қорғаумен және, екіншіден, оны емдеумен, басқа ештеңемен де емес, байланысты. Әр
түрлі кеселдер әншейінде сабырлы Эротты әулие тұтпағандықтан, оған
жағынбағандықтан, оған бәрінде де бірінші орынды беріп қоймағандықтан, ал осы сый -
құрметтердің бәрі, әңгіме ата-ана туралы — тірі ме, өлі ме — немесе құдайлар туралы
болса да, басқа Эротқа көрсетілгендіктен пайда болады ғой. Ғашықтарды бақылап, оларды
айықтыру — міне сол үшін бал ашу өнері өмір сүреді; міне, сөйтіп бал ашу — бұл
құдайлар мен адамдар арасындағы достықты жасаушы болып шыға келеді, себебі ол
адамдардың қай ғашықтық құмарлықтары кіршіксіз таза және ғұрыпқа сыйымды екенін
біледі.
Міне, жалпы Эроттың қай-қайсысы болмасын қаншама үлкен және көп түрлі, дұрысырақ
айтқанда шексіз-шетсіз, қайрат-күшке ие болатыны осындай, бірақ бізде және құдайларда
игілікке, пайымдылыққа және әділдікке бастайтын Эрот, — бұл Эроттың қайрат-күші
шынында да орасан зор және ол бізге өзара және тіпті бізден әлдеқайда жетік құдайлармен
де достық қарым-қатынас орналастыруға жол беріп, бізді рахатқа батырады.