72
Ал онда мен оны да және мұны да істейін. Біз кезегімізді ауыстырып, мен сенің
орныңа сөйлейін, ал сен, ықылығың басылған соң, — менің орныма. Ал мен сөйлеп
жатқан кезде, ұзағырақ деміңді ішке тартып тұрсаң, сенің ықылығың тыйылады. Егер
де, дегенмен, ол тыйылмаса, тамағыңды сумен шәйіп жібер. Ал егерде ол мүлде бой
бермесе, мұрныңның ішіне әлдене жүгірте қытықта да түшкір. Осыны бір-екі рет
істесең, қанша күшті болғанымен, ол ғайып болады.
Бастай бер,— деді Аристофан,— ал мен сенің кеңесіңді орындайын.
Эриксимахтың сөзі: Эрот бүкіл табиғат бойына қолы
Сонда Эриксимах айтты:
Павсаний өз сөзін әдемі бастағанымен, соншама жақсы аяқтай алмағандықтан, мен
оның сөзін тұйықтап көрейін. Эроттың екі ұдай екендігі, бұл, меніңше, өте дұрыс
байқау. Бірақ біздің өнеріміз — дәрігерлік өнер — маған мынаны көрсетеді: ол адам
жанында ғана емес және адам жанының әдемі адамдарға деген ұмтылысында ғана
емес, оның басқа да көптеген құлшыныстарында, жалпы алғанда жарық дүниедегі
көптеген басқада — кез-келген жануарлар денесінде, өсімдіктерде, түгел деуге
болатын баршылықта өмір сүреді, өйткені ол ұлы құдай, таңқаларлық және бәрін
қамтығыш, адамдар мен құдайлардың барлық істеріне араласқыш. Сонымен мен
дәрігерліктен бастаймын, сәті түссе, осы өнерге де құрмет көрсете кетуіміз үшін.
Екі ұдайы осы Эрот дененің өз табиғатында тұтылып тұр. Дененің сау және ауру
бастамалары, жалпы пікір бойынша, әр түрлі және ұқсамайды, ал ұқсамайтын
ұқсамайтынға ұмтылады және оны сүйеді. Сонымен, дені сау бастамада бір Эрот, ауруда
— екіншісі. Ал егер, жаңа ғана Павсаний айтқандай, қадірменді адамдарға жағыну жақсы,
ал азғындарға — жаман болса, онда дененің өзінде де жақсы және сау бастамаға жағыну
— дәрігерлік өнердің өзі сонда ғой — әдемі әрі қажет, ал жаман және ауру бастамаға —
масқара, сұмдық, керісінше, оған мейлінше қарсы әрекет жасау керек, егер сен нағыз
дәрігер боламын десең. Дәрігерлік — бүл, шын мәнінде, дененің толуға және босауға
деген ұмтылыстары туралы ғылым ғой, және де кімде-кім осы ұмтылыстар арасында
әдемілері мен кеселділерін айыра алатын болса, сол білетін дәрігер, ал кімде-кім денедегі
бір ұмтылысты басқасымен ауыстыруға ұмтылып, керек ұмтылысты болмаса да ол болуға
тиіс деген жерде орнықтырып, және ол жерден керексіздігін сылып тастап, айығуға
бастайтын өзгеріске қол жеткізетін болса, сол — өз ісінің ұлы білгірі. Мұнда денедегі ең
жау деген бастамалар арасында достық орната және оларға өзара махаббатты тели білу
талап етіледі ғой. Ең жау бастамалар — бүл мейлінше қарама-қарсы бастамалар: суық пен
ыстық, ащы мен тәтті, дымқыл мен құрғақ және сол сияқтылар. Өзінің осы жау
бастамаларға махаббат пен келісім тели білуі арқасында, біздің Асклепий бабамыз,
осында қатынасып отырған ақындар айтпақшы,— ал мен оларға сенемін,— біздің
өнеріміздің басын бастап берген екен.
Бірақ, мен айтқандай, түгелімен Эротқа бағынатын дәрігерлік өнерден басқа, бұл құдай
гимнастика мен егін шаруашылығын да басқарады. Саз өнеріне келетін болсақ, ондағы
істің жағдайы дәл осындай екені әрбір сәл болса да байқағыш адамға мәлім, және де дәл
осыны ой өрнегі анық шықпағанымен, Гераклиттің айтқысы келуі ықтимал. Ол бірегей
нәрсе "айрылысып барып өзді-өзімен қайта қосылады", — дейді, мысал ретінде садақ пен
лираның үйлесімін келтіреді. Алайда үйлесім — бұл екіге ажырасу немесе әртүрлі
бастамалардан туады деп түйіндеу өте жөнсіз. Ойшылдың үйлесім бір-бірінен басында
биіктігі бойынша өзгешеленіп, ал кейін саздық өнер арқасында бір-бірімен жарасып
кеткен дыбыстардан туады деп айтқысы келуі ықтимал. Үйлесім тек бір дыбыс жоғары, ал