71
табынушы өз сүйіктісін айналдыруды, ал бұл оның айналдыруларынан жалтаруын талап
етеді: мұндай жарыс оның да, мұның да адамдардың қай санатына жататынын анықтауға
жағдай жасайды. Сондықтан, біріншіден, жақсы тексеріс болатындай біраз уақыт өтпей
жатып тез беріліп қою масқара деп саналады; екіншіден, ақша немесе табынушының саяси
ықпалы үшін, — ал мұндай жол берушілік жоқшылықтан қорыққаннан әлде көрсеткен
жақсылықтарынан, ақшаларынан немесе саяси есеп-қисаптан бас тарта алмағандықтан
туғанына тәуелсіз, — берілу масқара. Мұндай түрткілер, олардың негізінде игі достық
мәңгі-бақи өсіп шықпайтынын айтпағанның өзінде, сенімсіз де және өткінші ғой. Яғни,
табынушыға лайықты түрде жағынудың, біздің ғұрып бойынша, тек бір ғана жолы бар.
Біздің ойымызша, егер табынушыны, ол өз еркімен махаббатының затына құлша қызмет
еткеніне қарамастан, ешкім масқара жағымпаздығы үшін кіналамайтын болса, онда екінші
жағына да ерікті құлшылықтың масқара емес бір түрі, атап айтқанда, кемелдену
жолындағы құлшылық қалады.
Және де шындығында, егер әлдекім біреуге, соның арқасында әлдебір даналық немесе кез-
келген басқа бір жақсылық істе кемелденуге деген үмітпен, қызмет көрсетсе, онда мұндай
ерікті құлшылық бізде масқара деп те, қорлық деп те есептелмейді. Енді міне, егер осы екі
әдет-ғүрыпты — жасөспірімге деген махаббатты және даналыққа, әйтпесе не түрлі жақсы
істерге деген махаббатты — бірге екшелесек, онда табынушыға жағымсыну — әдемі
болып шығады. Басқаша айтқанда, егер табынушы көнген жасөспірімге кез келген, оның
ойынша, әділ қызмет көрсетуді керек деп санаса, ал өз ретінде жасөспірім оны дана әрі
қайрымды жасайтын адамның еш нәрседе де қолын қайтармауды әділ деп санаса, — енді
міне, егер екеуі де осыған тоқтаса, тек сонда ғана табынушыға жағыну әдемі, ал барлық
басқа жағдайларда — жоқ. Бүл жағдайда алданып қалудың өзі масқара емес, ал кез-келген
басқа жағдайда алдандың не, алданбадың не — бәрібір масқара. Егер, мысалы, байлық
үшін бай ғой деген табынушыға беріліп, өз есебінде жаңылысып қалса, сөйтіп табынушы
кедей болып шыққандықтан ешқандай да ақша ала алмаса, ондай жасөспірімге қалай
дегенде де ұят болуға тиіс, өйткені ол ақша үшін кімге болса да неге болса да дайын
екенін бәрібір көрсетіп қойды, ал бұл жақсы емес. Сонымен бірге, егер кімде-кім былай
қарағанда жөні дұрыс адамға, мұндай табынушымен достығы арқасында өзім де
дұрысталайын деген есеппен берілетін болса, ал ол тексере келе зұлым және қадыр -
қасиетсіз болып шықса, — мұндай адасу бәрібір әдемі болып қалады. Ол дұрыстану және
кемелдену жолында кім үшін болсын не болса да жасайтынын дәлелдеп берді ғой, ал бұл
дүниеде бәрінен де әдемірек. Яғни, жақсылық іс жолында жағыну барлық жағдайда да
әдемі болып табылады.
Аспандайын құдайшаның махаббаты осындай: өзі аспандайын, ол мемлекетке де, жеке
адамға да өте құнды, өйткені ғашықтан және сүйіктіден адамгершілік кемелділік
жөніндегі ұлы қамқорлықты талап етеді. Махаббаттың барлық өзгеше түрлері басқа,
әдепсіз, Афродитаға жатады. Міне осы, Федр, — деп қорытты Павсаний, — Эрот жөнінде
сенің айтқаныңа дайындықсыз - ақ менің қосатыным.
Бірден Павсанийден кейін өзіне қарату жұрттың зейінін — мұндай үндестіре сөйлеуді
маған софистер үйреткен, — Аристодемнің айтуынша, Аристофанның үлесіне тиюі керек
еді, алайда әлде тым тойғандықтан ба, әлде басқа бір нәрседен бе оған ықылық тиіп,
сөйлеуге мұршасы келмей, ол өзінің жақын көршісі Эриксимахқа мынандай сөздер айтып
тіл қатуына мәжбүр болды:
Не менің ықылығымды тоқтат, Эриксимах, не ықылығым басылғанша менің
орныма сөйле.
Эриксимах былай деп жауап берді: