70
арман туындауы және достастықтар мен одақтардың нығаюы, ал бұған басқа
жағдайлармен қатар осында сөз болып отырған махаббаттың да өте ықпал ететіні белгілі,
тура ғана пайдасыз. Мұны өз тәжірибесі арқылы осындағы тирандар да біліп алыпты:
Аристогитонның махаббаты мен Гармодийдің оған деген шираған әуейілігі олардың
билеп-төстеуінің түбіне жетіп еді ғой.
Сонымен, табынушыларға берілу алдын ала айыпталатын мемлекеттерде бұл пікір оны
ұстанатындардың, яғни тәкәппар басқарушылар мен жүрексіз бодандардың, кеселдерінен
қалыптасып қалды; ал жай ғана бұл әдемі деп мойындалатын мемлекеттерде осы тәртіп
мұны алғаш енгізгендердің қыңырлығынан бері келе жатыр. Біздің әдет-ғұрыптар көп
жақсырақ, алайда, мен айтып кеткендей, оларды ұғыну соншалықты оңай емес. Расында
да, егер, жалпы пікір бойынша, жасырын сүйгеннен тым сұлу болмаса да қадірменді және
ізгілікті жасөспірімдерді ашық сүйген артық екенін ескерсек; егер, әрмен қарай, ғашық
жұрттың баршасында таңқаларлық жанашырлық сезім тудыратынын және оның
қылығында ешкім де ешбір шектен шыққандықты байқамайтынын, махаббаттағы жеңіс —
бұл, жалпы пікір бойынша, ізгілік, ал жеңіліс — масқара екенін; әдет-ғұрып жеңіске
жетуге ұмтылушы табынушының кез-келген жымысқы іс-әрекеттерін, тіпті, солардың
ішінде егер басқа кез-келген мақсатта оларды қолданатын болсаң, сөзсіз жалпы
балағаттауды тудыратындарын да (мысалы, ақша, қызмет немесе әлдебір басқа пайда үшін
сен өзің жалынышты тіленіштермен сүйіктілерінің мазасын кетіретін, оларды ант-судың
астына алатын, есіктерінің алдында сұлап жататын және ең нашар деген құл мойнына
алмайтын құлдық міндеттерді орындауға дайын тұратын табынушылардың кейдегі
қылықтарын жасап көрші, сонда саған достарың да қастарың да жол бермей тиісер еді:
біріншілері сен үшін ұятқа батып, ұрысысып бітеді, екіншілері жарамсақтық пен
арамзалығың үшін айыптайды; ал міне ғашыққа мұның бәрі кешіріледі, және де әдет-
ғүрып та, оның қылықтары шыныменен кіршіксіздей-ақ, соның жағыңда болады), ақтап
қана қоймай жақтайтынын ескерсек, егер ақырында - және де бұл ең таңқаларлығы —
мынаны ескерсек: көпшіліктің пікірінше, құдайлар тек ғашыққа ғана антын бұзғанын
кешіретінін, өйткені, манаты, махаббаттық ант — ол ант емес, яғни, мұндағы ұғымдарға
сүйенсек, құдайлар да адамдар да ғашыққа кез-келген құқықтарды беріп қоятынын, —
егер де осының бәрін ескерсек, онда махаббат та, ғашыққа деген ниеттілік те біздің
мемлекетімізде мүлтіксіз әдемілікке саналады деген қорытындыға әбден келуге болады.
Алайда, егер, екінші жағынан, әкелері өз ұлдарын, оларды ең алдымен табынушылармен
әңгімелестірмеу үшін қадағалаушыларды жалдап, ал ұлдарының қатарластары мен
жолдастары мұндай әңгімелесулері үшін оларды әншейінде ұялтып, ал жасы үлкендер
мұндай ұялтуды әділ емес деп тыймаса және жоққа шығармаса, онда мұны көре тұра,
керісінше, сүйіспеншілік қарым-қатынастар бізде әлдебір әсіре ұятты іс деген
қорытындыға келуге болады.
Ал істің кілті, меніңше, мынада. Мұнда бәрі де жай емес, өйткені, басында мен айтқандай,
бір де бір іс-қимыл өзінен өзі әдемі де, сұрықсыз да емес: егер ол әдемі жасалса — ол
әдемі; егер сұрықсыз жасалса — ол сұрықсыз. Олай болса, кісілігі төмен адамға
жағымсыну және де төмен жағымсыну, сұрықсыз, бірақ әрі қадірменді адамға, әрі әбден
лайықты түрде жағымсыну — әдемі. Төмен деп жанға қарағанда тәнді көбірек сүйетін сол
әдепсіз табынушыны айтуға болады; ол сонымен бірге тұрақсыз болады, өйткені оның
сүйетіндігі де тұрақты емес. Тән гүл жарып бітсе болды, ал ол тәнді ғана сүйеді ғой, ол,
барлық өзінің көп сөзді уәделерін аяқ асты қылып, "ұшып кетіп, қанатын пыр-пыр
қағады". Ал кімде кім жоғары адамгершілік қадыр-қасиеті үшін сүйсе, сол бүкіл өмір
бойы айнымайды, себебі ол тұрақты әлденемен табысады.
Табынушыларды бізде жақсылап тұрып сынақтан өткізу және де біреулеріне жағымсу, ал
екіншілерінен ат тонын ала қашу орын алған. Міне осы себептен біздің әдет-ғұрпымыз