Page 69 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

69
әдепсіз деп атау керектігі шығады. Әрине, құдайлардың барлығын да мақтау қажет,
алайда мен бүл екеуінің әрқайсысының үлесіне тиген қасиеттерді анықтауға
талпынайын.
Қандай да болмасын іс туралы өзді - өзінен алғанда ол әдемі де, сұрықсыз да емес деп
айтуға болады. Мысалы, біздің қазір істеп жатқанымыздың бәрі, ішеміз бе, өлең айтамыз
ба немесе әңгімелесеміз бе, өзді - өзінен әдемі емес, бұл қалай істеліп, қалай өтіп
жатқанына қарай: егер іс әдемі және дұрыс істеліп жатса, ол әдемі болады, ал егер бұрыс
істеліп жатса, онда, керісінше, сұрықсыз болады. Махаббатпен де солай: Эроттардың кез
келгені әдемі әрі мақтауға лайықты емес, әдемі сүйіспеншілікке бастайтыны ғана сондай.
Ал міне, әдепсіз Афродитаның Эроты шынымен әдепсіз және неге болсын да қабілетті;
бұл махаббат түкке де тұрғысыз адамдарға тән махаббаттың дәл өзі. Ал мұндай адамдар,
біріншіден, әйелдерді жасөспірімдерден кем күймейді; екіншіден, олар өз сүйіктілерін
олардың жанынан гөрі тәні үшін көбірек сүйеді және, ең соңында, қайтсе де өз дегеніне
жетуді ғана көздеп, ақылы аздарды сүйеді, сөйтіп мұның әдемілікке жататын -
жатпайтынын ойламайды. Міне осы себептен олар неге болса да — жақсыға да және
жаманға да бірдей дәрежеде — қабілетті келеді. Дегенмен де бүл махаббат екіншісіне
қарағанда әрі әлдеқайда жастау, әрі өзінің шығу тегі бойынша әйел жынысты да және
еркек жынысты да бастамаға жанастығы бар құдайшадан өреді. Аспандай Афродитаның
Эроты, біріншіден, тек қана еркек жынысты, бірақ мүлде әйел жынысты емес, бастамаға
— бұл жасөспірімдерге деген махаббат екені тегін емес, — жанасатын құдайшадан, ал,
екіншіден, жасы да үлкен және қылмысты өткірліктен алшақ сол бір құдайшадан бастау
алады. Соңдықтан да мұндай махаббатқа құныққандар табиғатынан күштіректі және
ақылы көбіректі қалап, еркек жынысына жармасады. Бірақ ұл балаларды жақсы
көретіндер ішінде де тек осындай махаббат билігіне ғана берілгендерді танып алуға
болады. Өйткені олар тым жасөспірімдерді емес, ақыл-есі кіре бастағандарын сүйеді, ал
ақыл-ес әншейінде алғашқы үлпек жүнмен қатар кіре бастайды. Махаббаты осы тұста
басталғандар, меніңше, ешқашан ажыраспауға және өмір бойы бірге өмір сүруге дайын;
мұндай адам жасөспірімді оның ақылы тоқтамағанын пайдаланып алдамайды, оны қорлап
барып басқаға ауып кетпейді. Бостан босқа көп күшті ысырап қылмас үшін жасы
толмағандарды сүюге тыйым салатын заң шығару керек-ақ; өйткені баланың рухани және
тәни дамуының қай — жаман немесе жақсы — жаққа тартатыны алдын-ала белгісіз ғой.
Әрине, қадірменді адамдар өздері-ақ мұндай заңды ұстанады, алайда мұны жасауды
әдепсіз табынушыларға, біз оларға, әл - қадіріміз жеткенше, еркін туған әйелдерді сүюге
тыйым салғанымыз сияқтандырып, тыйым салу керек-ақ. Бұл әдепсіз адамдардың
махаббатты былғағандары соншалық, кейбіреулер тіпті табынушыға көнуді жалпы алдын-
ала айыптауға тұрарлық іс деп ұйғарады. Алайда олар мұны дәл осындай адамдардың
қылығына қарап және олардың мазасыздығын әрі пасықтығын көріп ұйғарады, өйткені
кез-келген іс, егер де ол теріс және әдеттегіден өзгеше жасалса, сынап-мінеуден құтыла
алмайды.
Басқа мемлекеттерде орын тепкен махаббат жөніндегі әдет-ғұрыпты ұғыну қиынға
соқпайды, өйткені онда бәрі де ап-айқын анықталған, ал осындағы және лакедемондық
әдет-ғүрып әлдеқайда күрделірек. Элидада, мысалы, және Беотияда, данагөй сөздерге
деген әдеті жоқ жерлердің бәрінде, табынушыға жайдан-жай көну қабыл алынған, және де
мұнда ешкім, кәрі де жас та, бұл әдет-ғүрыптан алдын-ала айыптауға тұрарлық ештеңе
байқамайды, тегі, ондағы тұрғындарға — ал олар сөз сөйлеудің шебері емес —
көнбейтіндерді көндіруге күш жұмсамас үшін; ал Ионияда және көптеген басқа жерлерде,
варварлар басқарған жерлердің бәрінде, бұл алдын - ала аса айыптауға жататын іс деп
саналады. Варварларға олардағы тираниялық [қоғамдық] құрылысқа орай философияда
да, гимнастикамен айналысуда да алдын-ала айыптауға лайықты әлдене көрініп тұрады.
Ондағы басқарушыларға, менің жорамалдауымша, олардың бодандарында жоғары ой-