68
мұншама, Эроттың өзі туа біткен батырға ұқсатып көкірегіне айбын ұялатпайтындай,
қорқақ табыла қояр ма екен? Және де, егер Гомер кейбір қаһармандарға ерлікті құдай
қондырады десе, онда ғашықтарға ерлікті ешкім де емес, тек Эрот береді. Ал, бір-бірі
үшін өлуге тек қана сүйетіндер ғана дайын болады, және де тек еркектер ғана емес,
әйелдер де. Гректерде мұны сенімді түрде Алкестида, Пелийдің қызы, дәлелдеді: өзінің
күйеуі үшін өлуге, оның әкесі мен шешесі тірі болса дағы, сол ғана жалғыз бел буды.
Өзінің махаббаты арқылы олардың ұлдарына деген берілгендігі жағынан ол екеуінен де
асып түскендігі сондай, былайғы жұртқа оның туысқандары болып саналғанымен,
шындығында олардың бөтен адамдар екенін көрсетті. Алкестиданың бұл ерлігін адамдар
ғана емес, құдайлар да мақұлдайды, және де керемет өтер жасаған көптеген пенделердің
ішінен тек санаулыларына ғана Аидтан жанын қайтаруға деген құрметті құқық сыйлайтын
құдайлар, оның жанын жасаған осы қылығына шаттанып шығарып жібереді. Сонымен,
құдайлар да махаббаттағы берілгендік пен жанпидашылықты жоғары тұтады. Ал Орфейге,
Эагрдің ұлына, Аидтан әйелін алып кетпек болғанымен оны бермей, тек елесін ғана
көрсетеді, сөйтіп оны құр қол қайтарады, оны кифаред есебінде Алкестида сияқты
махаббат үшін өлуге өзін қимай, Аидқа тірі күйінде жетіп келгеніне қарап, тым
нәзіктенген санайды. Сондықтан құдайлар оны бір әйелдің қолынан қаза таптырып,
жазасын береді, ал дәл сол уақытта Ахиллды, Фетиданың ұлын, рахатқа кенелгендер
Аралына жіберіп, олар құрметтейді; Гекторды өлтірсе, өзі де өлетінін, ал өлтірмесе, үйіне
аман-есен қайтып келіп қартайғанға дейін өмір сүретінін анасынан естісе де, Ахилл батыл
түрде Патроклге көмекке келуді, өзінің табынушысы үшін кек алып, ол үшін өлімге басын
қиып қана қоймай, оның соңынан іле өлуді қалайды. Оның өзіне ғашық болған адамға
деген осыншама берілгендігі үшін шаттанған құдайлар Ахиллды асқан айрықшалықпен
құрметтейді. Ахилл Патроклге ғашық болған деп санап, Эсхил сандыраққа басады: Ахилл
Патроклге, жалпы басқа да қаһармандарға қарағанда әдемірек қана емес, сонымен бірге,
Гомердің айтуынша, әлдеқайда жасырақ та болған, тіпті сақалы әлі шықпаған болуы
керек. Шындығында, махаббаттағы ізгіліктілікті жоғары бағалай отырып, құдайлар
ғашығы өз махаббатының затына берілгеннен гөрі, сүйіктісі ғашығына берілген жағдайға
көбірек шаттанады да, таңырқайды да, қолдап - қорғайды да. Ғашықтың сүйіктіге
қарағанда құдайылығы басымырақ қой, өйткені оны құдай шабыттандырады. Міне осы
себепті Ахиллды әулиелер Аралына жіберіп, құдайлар оған Алкестидаға қарағанда
жоғарырақ ізет көрсетеді. Сонымен, мен: Эрот — құдайлар ішіндегі ең көнесі, ең қадірлісі
және ең құдіреттісі, адамдарға айбындылық дарытуға және оларға өмір бойы және
өлгеннен кейін де рахаттылық сыйлауға ең қабілеттісі деп ұйғарамын.
Павсанийдың сөзі: екі Эрот.
Міне Федрдің сөзі осындай болды. Одан кейін басқалар сөйлегенімен олардың сөздері
Аристодемнің есінде дұрыстап сақталмапты, сондықтан оларға тоқтамай, ол Павсанийдің
сөзін айта бастады. Ал Павсаний былай депті:
Меніңше, Эротты жалпы мақтауды қолға алып, Федр, біз өз міндеттерімізді сәтсіз
анықтадық. Бұл дұрыс та болар еді, егер жарық дүниеде бір-ақ Эрот болса, алайда
Эроттар көбірек, ал олар көбірек болғандықтан, дәл қай Эротты мақтауымызды
алдымен шарттасып алғанымыз дұрысырақ болар еді. Міне енді, алдымен қай Эротты
мақтау керек екенін айтып, мен істі жөнге қоюға талаптанайын, ал сонан соң барып
бүл құдайға лайықты мақтанды жеткізермін. Біздің бәріміз білетіндей, Эротсыз
Афродита жоқ; сондықтан, жарық дүниеде бір Афродита болса, Эрот та біреу болар
еді; алайда Афродита екеу болғандықтан, Эроттар да екеу болуға тиіс. Ал бүл есімді
құдайшалар, әрине, екеу: үлкені, анасы болмаған, Уран қызы, оны сондықтан біз
аспандай дейміз, және кішісі, Диона мен Зевстің қызы, оны біз әдепсіз деп атаймыз.
Бірақ бұдан қос Афродитаға қосарланған Эроттарды да соған сай аспандай және