Page 65 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

65
Мен бұрылып қарасам,— деп жалғастырды сөзін Аристодем, — Сократ соңымда
жоқ; мен Сократпен келгенімді, оның мені осында кешкі тамаққа шақырғанын айтып
түсіндіруіме тура келді.
Келгенің өте жақсы болды, — деді қожайын, — бірақ ол қайда өзі?
Ол жаңа ғана маған ілесіп осы үйге кірген, менің өзім де оның қайда кеткенін
түсіне алмай тұрмын.
Ал, қане, — деді Агафон қызметшіге, — Сократты іздестіріп, оны осында алып
келші. Ал сен, Аристодем, Эриксимахтың қасына жайғас!
Ол барып қисайып жайғасуы үшін, бір құл мұның аяғын жуды; ал екінші бір құл сол кезде
қайтып келіп: Сократтың бұрылып кейін кеткенін, енді көрші үйді паналап, шақырғанға
келмей тұрғанын айтып баяндады.
Сен не шатылып тұрсың, — деді Агафон, — қоймай шақыр оны дұрыстап!
Бұл арада Аристодемнің араласуына тура келді.
Керегі жоқ, — деді ол, — оның тыныштығын бұзбаңдар. Оның әдеті осы — әлдебір
қалтарысқа барып, сонда тұрып қалады. Менің ойымша, тез арада өзі-ақ келеді, тек
оған тиісіп керегі жоқ.
Ал жарайды, сеніңше - ақ болсын,— деді Агафон. — Қалғандарымыздың бәрін,
сіздер, қызметшілер, өтінемін, тамақ беріп күтіңдер! Бізге қалағандарыңызды әкеліп
беріңіздер, мен ешқашанда сіздердің үстеріңізден қараушы қойған емеспін. Мені де,
басқалардың бәрін де сіздер тамаққа шақырдыңыздар деп есептеңіздер де, сіздерді
мақтап жүретіндей қылып бізді мейлінше күтіңіздерші.
Содан кейін олар тамақтана бастады, ал Сократ болса әлі жоқ. Агафон бірнеше рет оны
адам жіберіп шақыртуға оқталғанымен, Аристодем қарсыласып болмай қойды. Ақырында,
тамақтың орта тұсында, әдеттегідей, тым көп бөгелмей-ақ, Сократ та жетті - ау. Шетте
оңашалау жерде қисайып жатқан Агафон оған:
Сократ, мұнда кел, менің қасыма жайғас, маған да көрші үйдің панасында
тұрғаныңда саған қонған даналықтың бір үлесі жұқсыншы. Өйткені, әрине, сен оны
тауып, иеленіп алдың, әйтпесе сен орныңнан табжылмас едің ғой,— деді.
Жаман болмас еді, Агафон,— деп жауап қатты Сократ отырып жатып, — егер де
даналықтың судың толы ыдыстан бос ыдысқа жүн жіптің бойымен ағылып
жататынындай, бір-бірімізге жұғыса салысымен даналығы толық кісіден одан ада
кісіге ағылып өтіп жататындай қасиеті болса. Егер даналық та дәл сондай болса, онда
сенімен көрші болғанымды мен өте жоғары бағалаймын: сен мені шарықтаған асқақ
даналықпен кемерімнен асыра толтырарсың деп ойлаймын. Ал менің даналығым
соншалықты сенімді емес қой, ол жұпыны ғана, түс көргенге ұқсас, ал сенікі
жарқыраған және табысқа жетелейді: алдыңғы күні ғана, сенің жастығыңа қарамастан,
отыз мыңнан астам гректердің алдында ол жарқырап шыға келді ғой.
Сократ, сен әжуашылсың,— деді Агафон. — Сәл кейіндеу, Дионисті билікке алып,
біз екеуміз кімнің даналырақ екенін анықтай жатармыз, ал әзірше тамаққа кіріс!
Содан соң,— деп жалғастырды Аристодем,— Сократ орнығып, бәрі тамақ ішіп
болған соң, олар салт бойынша құдайға мадақ айтып, тиістінің бәрін орындағаннан
кейін, шарапқа кірісті. Сол тұста Павсаний мынандай сауал айтты.
Достар,— деді ол,— біздердің қатты масайғанша ішпегеніміз жақсы болар еді.
Мен, ашық айтсам, кешегі ішістен кейін өзімді тым нашар сезінемін, сондықтан маған