Page 64 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

64
Сен әрқашанда сол бір өз қалпындасың, Аполлодор: әманда сен өзіңді де,
басқаларды да балағаттайсың және де, байқауымша, Сократтан басқаның бәрін де,
өзіңді өзің ең алдымен, аянышқа лайықты санайсың. Сенің не үшін есерсоқ
атанғаныңды білмеймін, ал сен өз сөздерінде шынында да әрқашан сондайсың: сен
өзіңе және Сократтан басқа бар дүниеге тап бересің.
Мен қалайша есерсоқтанбайын, қарағым - ау, қалай ғана мен ашу шақырмайын,
егерде өзім туралы да, сіздер туралы да менің пікірім осындай болса.
Сол үшін дәл қазір таусылмай-ақ қояйық, Аполлодор. Одан да біздің өтінішімізді
орындап, онда қандай әңгімелер толғанып айтып берсейші.
Олардың сыйқы жуықтап алғанда былай еді... Алайда менің, Аристодемнің тап өзі
маған айтып бергендей қылып, сізге бәрін оз ретімен айтып бергенім дұрыс болар.
Сонымен, ол Сократты кездестіріп, — беті-қолы жуылған, аяғында сандалы, ал бұл ол
үшін сирек болатын жағдай" еді, — одан: мұншама мұнтаздай болып қайда жиналдың деп
сұрайды.
Агафонға, кешкі тамаққа, — деп жауап береді ол, — кеше адамдар тым көп
болатын жиыннан тартынып, жеңісті салтанаттан кетіп қалғанмын, бірақ бүгін келемін
деп уәде берген едім. Міне енді сұлу жігітке әдеміленіп барайын деп, өзімше жиналған
түрім осы. Ал енді сен, — деп аяқтады ол сөзін, — шақырылмай-ақ думанға қатысқың
келмей ме?
Сен қалай бұйырсаң, солай болады дағы! — дейді ол өз жауабында.
Ал олай болса, — дейді Сократ, — бірге барайық, сөйтіп мәтелді бұзып, "абзал
адамдарға думанға абзал адам шақырусыз баратынын" дәлелдейік. Ал Гомер сол
мәтелді жай бұзып қана қойған жоқ, тіпті оның талағын шығарды деуге болады.
Агамемнонды асқан айбынды жауынгер, ал Менелайды "нашар тиын-сиыншы" қылып
көрсетіп, абыройы төменірек Менелайды абыройы жоғарырақ Агамемнонға, бұл
құрбандық шалып, думан құрғанда, шақырусыз келтіртеді.
Мұны тыңдап алып, Аристодем былай деді:
Сократ, егер мен, қатардағы ғана адам, ғұламаға шақырусыз думанға барсам,
меніңше емес, Гомерше болып кете ме деп қорқамын. Мені алып барып, сен қайтсе де
ақтала аласың ба? Өйткені мен шақырылмай келдім деп мойындаудың орнына, сен
мені шақырдың деп айтамын ғой.
"Жолды екеулеп кезіп", не айтарымызды ойланармыз,— деп, қарсылық білдірді ол.
Кеттік!
Шамамен осындай сөздерді айтысып, олар жолға шықты. Сократ жол бойы ойға шомып
кейін қала берді де, ал Аристодем оны тоспақ болып аялдағанда, оған алға тарта бер деп
сілтеді. Агафонның үйіне жеткенде, есік ашық екенін көрген Аристодемнің айтуынша,
әлдебір қызықты жағдай туғандай болады. Сол сәтте алдынан құл жүгіріп шығып, оны
кешкі тамаққа кірісуге дайын болып жайғасып жатқан қонақтардың үстіне алып барады.
Агафон мұны көре салып, мынандай сөздермен жылы қарсы алады:
Әу, Аристодем, сен дәл келдің, — бізбен бірге тамаққа отыр. Егер сен әлдебір
жұмыспен келсең, оны кейінге қалдыра тұр. Мен кеше шақыру үшін іздеп едім, еш
жерден сені таба алмадым. Ал Сократты сен бізге ала келген жоқсың ба?