61
Және де олар ұяттыға әрі жаманға тек қана білместік пен надандықтан өжеттене
ме?
Тап солай ғой.
Ал жасқаншақтардың жасқаншақ болу себебін сен жасқаншақтық әлде ержүректік
деп атайсың ба?
Әрине, жасқаншақтық деймін.
Ал жасқаншақтарды жасқаншақ қылатын үрейлінің не екенінен секемі жоқтық
екенін біз анықтаған жоқпыз ба?
Әбден анықтадық.
Демек, осы секемсіздіктен жасқаншақ емес пе олар?
Протагор келісті.
Ал енді, сенің мойындауыңша, оларды жасқаншақ қылатын нәрсе жасқаншақтық
емес пе?
Протагор мақұлдады.
Ендеше нақ ненің үрейлі және ненің үрейлі емес екендігінен секемсіздік
жасқаншақтық емес пе?
Протагор басын изеді.
Бірақ ержүректік жасқаншақтыққа қарама-қарсы ғой.
Иә.
Ал ненің үрейлі, ненің үрейлі емес екендігін түсіну осының бәрінен секемсіздікке
қарама-қарсы ма?
Бұл жерде Протагор тағы да басын изеді.
Олай болса, бұдан секемсіз болу жасқаншақтық па?
Бұл арада Протагор әрең дегенде бас изегендей болды.
Демек, ненің үрейлі, ненің үрейлі емес екендігін түсіну бұдан секемсіздікке қарама-
қарсылық ретіндегі ержүректік пе?
Бұл арада Протагор келісім белгісі ретінде бас изегісі келмей, үнсіз қалды. Ал мен былай
дедім:
Протагор, менің айтып отырғанымды сен мақұлдамайтын да, теріске шығармайтын
да болдың ба?
Сен өзің аяқта, — деді Протагор.
Мен сенен тағы да бір нәрсе туралы сұрайын, — дедім мен.— Сен бұрынғысынша,
тым надан болса да, сонымен бірге өте ержүрек адамдар болады деп есептеймісің?
Меніңше, Сократ, — деді Протагор, — сен менің жауап беруімді қатты талап ететін
сияқтысың; саған ұнамды болсын деп бұрын мойындалғанға сүйеніп айтар болсам, мен
үшін бұл мүмкін емес сияқты көрінеді.
Мейірбандылықтың мән-жайы қалай және мейірбандылық дегеніміз не екендігін
қарастыру үшін ғана мен осының бәрін сұрап отырмын ғой,— дедім мен. — Менің
білуімше, егер мұның сыры ашылса, мен мейірбандылыққа үйренуге болмайды деп, ал
сен үйренуге болады деп әрқайсысымыз соншама ұзақ сөйлегенде тілге тиек еткен