Page 6 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

6
Дарбаза ашылғасын қапсырғыштарының орнына нән тесік пайда болады. Және де
ашылу үстінде олар шеге һәм түйреуішпен жалғастырылған жез істіктерді ұясында
айналуға мәжбүр етеді. Міне, осы араға кең даңғыл жолмен дарбазадан тура өтіп, ат
және арбасын түзетеді.
Құдай ана да мені мейірімін төге қарсы алып, мүбарак қолымен менің оң қолымды
ұстап, маған былай деді: "О, жас ұлан, мәңгі өлмес көлік жүргізушілері сақтаған, сен,
біздің үйге байталдармен жөңкіп келдің, қуан"!
Іс жүзінде бұл жолдағы сенің сапарыңды (себебі ол іс жүзінде адамзаттың
үйреншікті соқпағынан алыс) басқарған зұлым тағдыр емес, бірақ заңдылық пен
шындық.
Сен бәрін білуге тиіссің: жақсы жұмырланған ақиқаттың мызғымас жүрегін де,
шынайы нанымдылығы жоқ пенделердің пікірін де. Қалай болғанда да, жан-жақты
түрде ортақ болжамды өткізгенде үйреншікті құбылыстардың қай түрде көрінетініне
де көз жеткізесің.
Дегенмен, зерттеудің бұл жолынан (өз) ойыңды теже. Көп жылғы тәжірибенің
нәтижесінде пайда болған әдет сені бұл жолға зорлап итермесін. Көздеріңді мақсатсыз
дөңгелентпе, шудан өзге түгі жоқ құлағыңмен тыңдама, және тілің мен жағыңа сүйеніп
бөсе берме, бірақ менің айтқан дәлелдемелерімді ақылмен зертте.
ДЕМОКРИТ
ҮЗІНДІЛЕР
1. Аристотель. Метафизика А4985Ь4. Левкипп және оның досы Демокрит элементтер
табиғат — толы және қуыс, оның біреуін болу деп, өзгесін — болмау деп оқытады.
Дәлірек айтқанда, олар толы деп болуды айтады, қуыс және сиреген нәрсені болмау дейді.
Олардың ойынша, болу болмаудан еш артық тірлік етпейді, сол сияқты қуыстың
шынайылығы да дененің шынайылығынан кем емес. Осы элементтерді олар бар
заттардың материалды себебі деп санаған. Заттар негізінде жататын мәнді бір негіз деп
санайтындар өзге заттарды оның түрленуінен тудыратыны сияқты олар бар тірліктің
басты негізі деп сұйық пен қоюды, ал өзге заттардың себебі осылар арасындағы белгілі
айырмашылықтар деп санаған. Олардың ілімінде, мұндай айырмашылықтардың үш
нұсқасы бар: түрі, тәртібі, орны. Расыңда да олардың айтуынша, болу — сұлба, тию және
айналу — арқылы ажыратылады. Олардың ішінде сұлба дегеніміз түр, тию — тәртіп,
айналу — орын. Мысалы, AN-нан түрі арқылы ажыратылады, AN NA-дан тәртіп арқылы,
NZ-тен орын арқылы. Қозғалыс туралы мәселені, ол қайдан екені және бар нәрсеге ол
қалай тән, олар да өзгелер сияқты, жеңілтек түрде назардан тыс қалдырған.
2. ...Олар бастауды табиғат қалай болса солай қабылдаған. Көне философтар болу қажетті
түрде бір және қозғалыссыз деп санаған. Себебі қуыс жоқ, ал жеке тірлік етуші қуыс жоқ
болғасын, қозғалыс та мүмкін емес және, екінші жақтан, егер бөлетін күш жоқ болса,
заттың көпке бөлінуі де мүмкін емес.
3. Ал Левкипп болса, өзін сезіне қабылдауға байланысты тірліктің болуын да, болмауын
да, қозғалысын да, көбейген түрін де жоққа шығармайтын ілімдерге иемін деп санаған.
Себебі, өз мағынасындағы тірлік тек болудың толық нұсқасына саяды. Бірақ, ол бір емес,
ондай бар нәрсе саны бойынша өте көп, бірақ олардың көлемі өте кішкентай болған соң,
көзге көрінбейді. Олар қуыста болып, себебі қуыс бар және де бір-бірімен қосылып, олар
болуды өмірге әкеледі, ал ажырағанда, өлімге кетеді. Түйіскен тұстарында олар өздері де
әрекет етіп, өзгенің әрекетіне де түседі. Себебі ондағы бар нәрсе бірлік емес, жеке
тірліктердің қосындысы. Қосылып һәм оралып, олар заттарды тудырады. Нағыз бір
нәрседен көп нәрсе, немесе нағыз көп нәрседен бір нәрсе пайда болмас еді ғой; жоқ, бұл
мүмкін емес.