Page 5 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

5
85. Жүрекпен күресу қиын — ол қалағаны үшін өмірін де бәске тігеді.
87. Ақымаққа не айтсаң да, мәз.
88. Біздегі нәрсенің бәрі бір: өмір мен өлім, өң мен түс, жастық пен қарттық. Себебі мынау
өзгеріп анауға айналады және, керісінше, анау өзгеріп мынауға айналады.
89. Ұйықтамағандардың әлемі бір, ал ұйықтағанда әркім өз әлеміне кетеді.
91. Бір өзенге екі рет енуге болмайды.
92. Ауызынан көбігі ағып, көңілсіз, бояусыз, өндеусіз нәрсені болжайтын көріпкел әйелдің
дауысы мың жылға жетеді, себебі оған тәңірі шабыт береді.
94. (Себебі) Күн өзіне тән мөлшерден ілгері аттап баспайды. Кері жағдайда, ол
шындықтың қарауылы, Эринниялардың қолына түседі.
96. Өліктерден боқтан бетер құтылу керек.
98. Жандар Аидте иіс алып жатады.
99. Егер күн болмағанда, өзге жарық иесіне қарамастан, түн болар еді.
101а. Көз құлаққа қарағанда дәлірек куәландырады.
102. Тәңір үшін бәрі де тамаша, жақсы және әділ; адамдар болса, бір нәрсені әділ деп,
өзгені әділетсіз дейді.
108. Әңгімесін мен естіген адамдардың бірде біреуі даналық барлық нәрседен босану
екеніне көзін жеткізген жоқ.
109. Надандықты, көрмеге қоюдан гөрі, жасырған жөн.
112. Ойлау қабілеті — ең ұлы үстемділік, және даналықтың мәнісі шындық айтуда һәм
табиғатқа құлақ түріп, соған сәйкес әрекет етуде.
115. Жанға өз-өзін көбейтетін Логос тән.
116. Барлық адамға өз-өзін танып, ақылды болу қабілеті берілген.
118. Құрғақ жарқыл ең дана және үздік жанға тән.
121. Араларындағы ең үздік тұлға Гермодорды "Арамызда ешкім ең үздік болмасын. Ал
егер ондай шыққан екен, онда ол басқа жерде басқалармен тұрсын!" — деп, қуып
жібергендері үшін, эфестіктерге барлық ересектерің бір-бірін асып өлтіріп, қаланы
жасөспірімдерге қалдырғандары жөн еді.
123. Табиғат жасырынуды жақсы көреді.
125а. Эфестіктер, ешқашанда байлықтан арылмаңдар, өйткені өз - өздеріңді
азғындықтарыңмен масқаралау үшін.
ПАРМЕНИД
ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ
Байталдар (әдетте) мені қалауыма байланысты апаратын, (бұл жолы) (мені қалауымнан
тыс) сүйреді, өйткені олар менімен бірге білгір ерді жетелейтін құдай ананың өте танымал
жолына түскен еді.
Міне, осы жолмен мен жөнелдім. Мәселе мынада еді, (қайталаймын), мені онымен
ерен ақылды байталдар сүйреді, арулар (оларға) жол көрсетті.
Дөңгелектің темір істігі ұясында қызып, сыбызғының ысылындай дыбыс шығарды
(себебі оның қозғалысы екі жағына да өте шебер қайралған дөңгелектермен
жылдамдатылған еді), өйткені Күн Арулары Түн шаһарын тастап және қолымен
басындағы орамалын шешіп, жарыққа асыққан еді.
Онда Түн мен Күн жолын айыратын дарбаза орналасқан. (Оларды жоғары мен
төменнен) босаға мен тас табалдырық қоршайды. Дарбазаның өзі эфирмен және нән
қапсырғышпен бекітілген. Олардың өзгермелі кілттері қатаң жазалаушы Шындықтың
қолында.
Міне, Арулар соған келіп, хикметті әңгімесімен жалынып - жалбарынып,
дарбазаның темір ілгегін түсірткізеді.