Page 55 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

55
"Бірақ ауруға шалдықтыратын нәрсе оз кезегінде қайғы-қасіретке ұшыратады, ал
кедейлікке бастайтын нәрсе қайғы-қасіретке де бастайды". Мұнымен олар келісер еді
деп ойлаймын мен.
Протагор құптады.
"Адамдар, дегенмен сіздерге бұл шаттықтардың жексұрындығы, Протагор
екеуіміздің ұйғарғанымыздай, тек қана олардың қайғы-қасіретпен бітетіндігіне және
бізді басқа шаттықтардан мақрұм қалдыратындығына байланысты ғана болып
көрінбей ме?". Олар келіспес пе еді?
Иә, мұның осылай екендігін сен екеуіміз қазірдің өзінде-ақ мойындап қойдық қой.
Ал егер біз оларға тағы да мынадай сұрақ, бірақ енді қарама-қарсы сұрақ берсек:
"Сіздер, қайғы-қасіретті жақсы бір нәрсе деп есептейтін адамдар, дене жаттығулары,
әскери жорықтар, емдік күйдірулер мен тілулер, дәрі ішу мен ашығу сияқты
нәрселер,—жақсы болса да, жанға батып, азапқа салатын нәрселердің бәрі туралы
айтып отырған шығарсыздар?". Олар мұны қуаттар ма еді?
Протагор келісті.
"Қазір ол қатты ауыртып, азап шектіретін болғандықтан бе немесе алдағы уақытта
ол денсаулықты жақсартып, денені ширықтырып, мемлекетке пайда келтіретін,
басқалардың бәрінен үстем болып, байлыққа жеткізетін болғандықтан ба, сіздер мұны
игілік деп атайтындарыңыз?". Менің ойымша, олар екіншіні мақұлдар еді.
Протагор келісті.
"Осылардың бәрі де шаттықпен, азаптардың тыйылуымен және олардың алдын
алумен бітетіндіктен игілік болып отырған жоқ па? Әлде сіздер шаттық пен азаптан
өзге өздеріңіз игілік деп атай аларлықтай қандай да бір салдарды көрсете алар ма
едіңіздер?". Менің ойымша, олар көрсете алмаған болар еді.
Мен де солай болар деп ойлаймын,— деді Протагор.
"Сіздер игілік деп шаттықты қуып кетіп, ал зұлымдық деп азаптан бойды аулақ
салып отырған жоқсыздар ма?".
Протагор құптады.
"Демек, сіздер азапты зұлымдық деп, ал шаттықты игілік деп санайсыздар, өйткені
жағымды нәрсе сіздерді көбірек шаттықтан айырған немесе шаттықтан гөрі неғұрлым
күштірек азапты әзірлеген кезде ғана сіздер жағымды нәрсені зұлымдық деп
атайсыздар; егер сіздер қандай да бір басқа себептен және қандай да болсын өзге
салдарды есте ұстап, жағымды нәрсенің жеке өзін зұлымдық деп атайтын болсаңыздар,
сіздер мұны бізге де айта алар едіңіздер, алайда бұлай деп айта алмайсыздар".
Мен де олар айта алмас деп ойлаймын,— деді Протагор.
"Егер тағы да сол азаптың өздігінен өзі туралы сөз ететін болсақ, біз қандай да
болсын өзге пікірге келеміз бе? Сіздер азаптың өздігінен өзін не ол өзіндегіден гөрі
көбірек азапты жойған кезде, не осы азаптан гөрі көбірек шаттықты әзірлеген кезде
игіліктегі атайсыздар ғой. Егер сіздер, азапты игілік деп атай отырып, мен айтып
отырғаннан гөрі өзгеше қандай да бір салдарды еске алған болсаңыздар, онда сіздердің
бірдеңе айтуларыңызға болар еді. Бірақ сіздерге айтатын ештеңе жоқ!"
Сенікі жөн,— деп тіл қатты Протагор.
Егер де сіздер, адамдар, менен тағы да: "Мұны әр қырынан қарап, сен бүл жайында
не үшін соншама көп көз етіп отырсың?",— деп сұрасаңыздар, "Мені айыпқа
бұйырмаңыздар, — деп жауап берер едім мен, — біріншіден, сіздердің нақ не нәрсені