54
Олар білім туралы ойлағанда тура кіріптар адам туралы сияқты ойлайды: әркім оны оз
жағына сүйрелейді. Сенің білім туралы пікірің шамамен алғанда осындай ма әлде сен
білім әдемі, адамды басқаруға қабілетті, сондықтан жақсы мен жаманды танып білген
адамды білімнің әмірінен өзгеше іс-қимыл жасауға енді ештеңе де мәжбүр ете
алмайды, ендеше адамға көмектесу үшін зерде жеткілікті дәрежеде күшті деп
санайсың ба?"
Жағдай,— деді Протагор,— сенің айтып отырғанындай болса керек, оның үстіне
даналық пен білімді барлық адами істерден жоғары қоймау кімге де болса, әсіресе
маған ұят болар еді.
Сенің сөздерің әдемі әрі ақиқат,— дедім мен,— бірақ өзің де білесің, жұрттың көбі
сен екеуімізді тыңдамайды, сөйтіп олар бәрінен де гөрі ненің жақсы екендігін біле
тұрып, көптеген адамдардың осылай істеуге мүмкіндігі болса да, осылай істегілері
келмейді, қайта басқаша істейді деп ұйғарады; мұның себебі не екендігін қаншама
адамдардан сұрасам да, бәрі де шаттықтың немесе қайғы-қасіреттің күшіне немесе мен
әлгіде айтқандардың әлдебіріне иліккендіктен осылай істейді деп ұйғарады.
Ал мен болсам, Сократ, көптеген басқа нәрселерді де жұрт қате ұйғарады деп
ойлаймын.
Олар, өздерінің сөздеріне қарағанда, жоғары игіліктің не екендігін біле тұра
шаттыққа илігіп ең жақсы іс-қимыл жасамаған кезде, оларға не болғандығына
өздерінің көздерін жеткізіп, түсіндіру үшін екеулеп әрекет жасап көрейік. Бәлкім, біз
оларға: "Адамдар, сіздердікі дұрыс емес, сіздер алданып отырсыздар",— деп айтармыз,
ал олар бізге: "Ал егер, Протагор мен Сократ, бүл арада гәп біздің шаттыққа
иліккенімізде де болмаса, онда неде болмақ және бұл жөнінде сіздер не ойлайсыздар
— осыны бізге айтып беріңіздерші",— деп, жауап қайтарар.
Сократ, ауыздарына не келсе, соны айта салатын адамдар тобырының пікірін
міндетті түрде қараудың бізге керегі не?
Мейірбандылықтың өзге бөліктеріне ержүректіктің қатынасын ұғынуымызға
мұның қалай да көмегі тиеді деп ойлаймын. Егер сен менің басшылық етуім жөнінде
өзіміз әлгінде қабылдаған шартты орындауға келісетін болсаң, меніңше, жағдай
бәрінен де гөрі жақсырақ анықталатын бағытта менің соңымнан ер; ал ергің келмейді
екен, мен мұны, сірә, жылы жауып қоя саламын.
Жоқ,— деді Протагор,— сен дұрыс айтып отырсың, бастаған ісіңді жалғастыра бер.
Сөйтіп, олар бізден: "Шаттыққа иліккендік деп біз соз еткен нәрсе, сіздердің
пікіріңіз бойынша, не болып табылады?"—деп қайталап сұраса, мен оларға:
"Тыңдаңыздар, Протагор екеуіміз сіздерге осыны түсіндіріп көрелік. Сіздер, адамдар,
бұл деп тек бір нәрсені ғана ұғынасыздар: тағам мен ішімдік және махаббат ләззаты
жағымды болғандықтан, мұның жексұрындығын білетіндерді де кей-кейде осыған
берілуге мәжбүр етеді",— деп жауап берер едім. Олар да мұның солай екендігін айтқан
болар еді. Ал сен екеуіміз олардан: "Ал, сіздердің пікірлеріңіз бойынша, мұның несі
жексұрын? Алғашқы қас қағым сәтте шаттыққа бөлендіріп, осы іс-қимылдардың
әрқайсысы жағымды болғаны ма әлде болашақта олар ауруға шалдықтырып,
кедейлікке ұшыратып, осы сияқты басқа да көптеген зардаптарға душар ететіні ме?
Немесе тіпті шаттықтар, ешбір қауіп-қатері болмай, тек қана жағымды болса, олардың
нақ жексұрын жағы бұларға душар болған адамды не болса содан ләззат алуға мәжбүр
ететіндігінде ме?"— деп, тағы да сұрамас па едік. Протагор, олар: бұл ахуалдардың
жексұрындығы шаттықтың өзінің бір сәттік әсерінен емес, қайта оның салдарына, яғни
ауру мен өзге де зардаптарына байланысты дегендей қылып жауап бермейді деп біз
қалайша ойлап қаламыз?
Менің ойымша,— деді Протагор,— көпшілік осылай деп жауап береді.