53
қоректенуінен пайда болады. Дәл сол сияқты анау жағдайда да: батылдық пен
ержүректік бір нәрсе емес, сондықтан ержүректер батыл болады, алайда батылдардың
бәрі бірдей ержүрек емес, өйткені күш сияқты батылдық та адамдарда шеберліктен де,
құштарлық пен қаһарланудан да туындайды, ал ержүректік табиғаттан және жан
тәрбиесінен пайда болады.
Протагор, сен бір адамдар жақсы, ал екіншілері жаман өмір сүреді деп есептейсің
бе? — дедім мен.
Иә, есептеймін.
Егер адамның өмірі нала мен қайғы-қасіретке толы болса, ол, сеніңше, жақсы өмір
сүріп жатыр ма?
Әрине, жоқ.
Егер ол жағымды өмір сүріп, дүниеден өтсе, ол саған жақсы өмір сүрген болып
көріне ме?
Әлбетте.
Демек, жағымды өмір сүру — игілік, ал жағымсыз өмір сүру — бақытсыздық.
Иә, егер адам әдемілікке рахаттана өмір сүретін болса.
Бұдан әрі не, Протагор? Көпшілікке еріп сен де кейбір шаттық жағдайларды
зұлымдық, ал кейбір қайғы-қасіреттерді игілік деп атайсың ба? Менің айтайын
дегенім: жағымды атаулының бәрі басқа да салдарларды туғыза алатындықтан емес,
тек жағымды болғандықтан ғана игілік бол май ма? Ауыртпалық жөнінде де дәл солай:
ол тек ауыртпалық болғандықтан ғана зұлымдық емес деп ойлаймысың сен?
Білмеймін, Сократ, мен де дәл сен сұрағандай қарапайым жауап беруге тиіспін бе:
жалпы алғанда жағымды атаулының бәрі — жақсы, ал ауыртпалық атаулының бәрі -
жаман. Меніңше, тек қазір жауап беру үшін ғана емес, сонымен бірге өзімнің бұдан әрі
өмір сүруім үшін де былай дегенім сенімдірек шығар: жақсы емес шаттықтар да, өз
кезегінде жаман емес ауыртпалықтар да болады, бірақ керісінше де бола береді.
Үшінші жағдай — екеуі де емес, зұлымдық та, ізгілік те емес.
Сен шаттыққа қатысы бар немесе соны туғызатын нәрсені жағымды деп атамайсың
ба?
Әбден дұрыс.
Ендеше мен де осыны айтып отырмын: шаттықтар жағымды болғандықтан, олар
жақсы емес әлдене емес пе? Менің айтайын дегенім: шаттықтың өзді өзі жақсы емес
әлдене болмас па екен?
Енді, Сократ, бүл мәселені де өзің ылғи талап ететін тұрғыдан қарастырып көрейік
және де егер біздің зерттеуіміз тиянақты деп есептеліп, жағымды мен жақсы бір нәрсе
болса, осылай деп ұйғарайық; ал басқаша болса, бұған қарсы болайық.
Зерттеуді бағыттағың келе ме, әлде оны мен жүргізейін бе?
Оны жүргізу құқығы өзіңе тиесілі — өйткені осы талқылауға бастамашы болған
өзің ғой.
Біз үшін жағдай мысал арқылы айқынырақ болмай ма? Егер біреуге адамның
денсаулығын оның сыртқы пішіні бойынша анықтау немесе тағы да бір себеппен оның
денесін қарау керек болса, бірақ оның тек беті мен қолдарын ғана көріп тұрса, ол:
"Мен бәрін де жақсырақ көріп шығуым үшін маған жалаңаш кеуде мен арқанды
көрсетші",— дейді. Біздің талқылауымыз үшін мен де соны қалаймын. Сенің
сөздеріңнен жақсы мен жағымдыға сенің қалай қарайтыныңды білген мен шамамен
алғанда былай дегім келеді: "Әу, Протагор, сен өзіңнің мына ойынды ашық айтшы: сен
білімге қалай қарайсың? Сен бұл туралы көпшілік адамдар сияқты ойлайсың ба әлде
басқаша ойлаймысың? Көпшілік білім күшке ие болмайды және басшылық ете әрі
басқара алмайды деп есептейді, сол себепті ол жайында ойланып - толғанбайды да.
Адамға көбінесе білім тән екендігіне қарамастан, олар оны басқаратын білім емес,
басқа бір нәрсе: кейде қайғы-қасірет, ал көбінесе — қорқыныш деп жорамалдайды.