Page 52 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

52
Иә, көптеген адамдар кірісуге де қорқатын істерге олар батыл шешініп кіріседі,—
деді Протагор.
Солай-ақ болсын. Ал мейірбандылықты сен әдемі бірдеңе деп білесің бе және
өзіңді нақ осы әдемінің ұстазы ретінде ұсынасың ба?
Егер мен ақылдан алжаспаған болсам, өзімді ең әдемінің ұстазымын деп
есептеймін.
Мейірбандылықта әлденесі сұрықсыз да, ал әлденесі әдемі бола ма немесе ол
түгелімен тұтас әдемі ме?
Мүмкіндігіне қарай, тұтасымен әдемі.
Терең суға кім жүрексінбей сүңгитіні саған белгілі ме?
Әлбетте, сүңгуір адамдар.
Олар іскер болғандықтан ба, әлде мұның басқа бір себебі бар ма?
Сүңги білгендіктен.
Ал ат үстіндегі айқаста кім батыл — салт аттылар ма әлде жаяу жүргіншілер ме?
Салт аттылар.
Ал жеңіл қалқанмен кім батылдау қимылдайды: пельтастар ма әлде өзге
жауынгерлер ме?
Пельтастар. Егер сен осыны көздеп отырсаң, бұл басқа барлық жағдайларда да
осылай: жетік білетін адамдар хабардар емес адамдардан батылдырақ, тіпті өздері
үйренгенге дейінгімен салыстырғанда да батылырақ.
Мүлде мағлұматы болмаса да, кез келген істе батыл болатындарды көргенің бар
ма?
Иә, тіпті тым батылдарды да көргенім бар.
Демек, бұл батылдар ержүрек емес пе?
Алайда мұндай ержүректік сөлекет болар еді, өйткені бұлар — ызақор адамдар.
Ал сен батылдарды ержүрек деп атамап па едің?
Мұны мен қазір де айтамын.
Әйтпесе де, бұл батылдар ержүрек болмай, ызақор болып кетпей ме? Ал енді
осыдан сәл бұрынырақ айтылды ғой, бәрінен де гөрі батылырақ адамдар — ең жетік
білетіндер, ал бұлар ең батыл адамдар болғандықтан, анағұрлым ержүректері де —
осылар. Осы негіздемеге сүйенетін болсақ, ержүректік дегеніміз білім болып шықпай
ма?
Сократ, менің саған не айтып, не деп жауап қайтарғанымды сен есіңе дұрыс түсіре
алмай отырсың. Сен менен ержүректер батыл ма деп сұрадың; мен мұның солай
екендігін мойындадым. Бірақ сен батылдар ержүрек пе деп сұрамадың; егер сен сол
жолы осы сұрақты қойған болсаң, мен бәрі бірдей ержүрек емес деп айтқан болар едім.
Ержүректер батыл емес деп мен сол жолы қате айттым деп сен тіпті де, дәлелдей алған
жоқсың. Бұдан әрі сен іскер адамдар іскер еместерден батылдау және өздері
үйренгенге дейінгімен салыстырғанда батылырақ дейсің де, осыдан ержүректік пен
білім бір нәрсе деген қорытынды жасайсың. Осы тәсілді қолдана отырып, сен дененің
мығымдығы да білім деген қорытынды жасай алар едің. Өйткені өзіңнің осы тәсілің
бойынша сен маған мынадай сұрақ қойған болар едің: мығым адамдар күшті ме? Мен
иә деп жауап берген болар едім. Бұдан соң сен былай деп сұрар едің: күресте тәжірибе
жинақтағандар күресе білмейтіндерге қарағанда және өздері үйренгенге дейін қандай
болғандығымен салыстырғанда күштірек пе. Мен күштірек деп жауап берер едім. Мен
мұны мойындағаннан кейін, сен, дәл осындай дәлелдерді пайдалана отырып, менің
пайымдауым бойынша білім дегеніміз дененің мығымдығы деп айта алар едің. Ал мен
күшті адамдар мығым деп бұл арада да, жалпы алғанда қай жерде болса да
мойындамаймын. Оның есесіне мығымдар — күшті, өйткені бұл екеуі — күш пен
мығымдық — бір нәрсе емес: біріншісі, яғни күш, білімнен де, қаһарлану мен
құштарлықтан да туындайды, ал мығымдық табиғаттан және дененің дұрыс