Page 4 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

4
34. Естіген нәрсені ұға алмайтындар кереңге тең. Олар бар бола тұра, жоқ деген мақалға
саяды.
35. (Себебі философтар) өте көп нәрсені білуге тиіс.
36. Жанның өлгені суға айналғаны, судың өлгені жерге айналғаны. Солай десек те, жерден
су шығады, судан жан пайда болады.
40. Білімнің көптігі ақылға үйретпейді. Болмаса, ол Гесиод пен Пифагорды, Ксенофан мен
Гекатейді үйретер еді.
41. Даналық тек бір-ақ нәрседе: ойды барлық нәрседегі барлық нәрсенің билеушісі деп
тануда.
43. Менмендікті өрттен бетер өшіру қажет.
44. Заң үшін халық өз қамалын қорғағандай тырысу керек.
45. Қандай жолмен барсаң да, жан шекарасын таппайсың: негізінің тереңдігі сондай.
46. Менмендікті ол безгек аурумен теңейтін және көрінеу көзге сенбе дейтін.
47. Ең маңызды нәрселер туралы асығыс тұжырым жасамайық.
48. Сонымен, садақтың аты өмір, ісі — өлім.
49. Бір сүңгіген суға біз батамыз да, батпаймыз да, біз бармыз және бар емеспіз.
50. Бәріде бір: бөлінетін - бөлінбейтін, туылған - туылмаған, әлегін нәрсе — өлмейтін
нәрсе, Логос — мәңгілік, әке - бала, Тәңірі — әділдік. Мені емес, Логосты тыңдап, бәрі бір
екеніне келісу - даналық
51. Олар қарсы айырылар нәрсенің бір-бірімен үйлесімді екенін түсінбейді: садақ пен
лираның қасиеті секілді өз-өзіне оралып соғатын үйлесімділік.
52. Мәңгілік дегеніміз шатыраш ойнаған бала: әлемнің бөлігі сәбиге берілген.
54. Жасырын үйлесімділік көзге көрінерден күштірек.
56. (Адамдар) эллиндердің бәрінен ақылды Гомер сияқты, көзге көрінер нәрсені танудан
шатасады. Оны битті өлтіріп жатқан балдырғандар ақымақ қылмап па еді: "Біз көріп,
ұстағанымыздың бәрін лақтырып тастадық, ал көрмеген және лақтырмаған нәрсені,
көтеріп келеміз!"
57. Ал тобырдың ұстазы Гесиод. Олар оны бәрінен де коп біледі деп ойлайды. Ал ол
болса, күн мен түннің бір екенін де білмейді.
58. Жақсылық пен жамандық бір. Мысалы, дәрігерлер ауруларды кескілеп, жараның
аузына от басып, біраз қинайды; осы үшін олар аурулардан ақы сұрайды. Ал іс жүзінде
олар ақы төлеуге тұрмайды, себебі жоғарыда айтылғандай: жақсылық пен ауру бір.
60. Жоғары мен төменге апаратын жол бір.
61. Теңіз суы ең таза және ең лас; балық үшін ол қоректі және пайдалы, ал адамдар үшін
ішуге жарамды емес және зиянды.
62. Өлмейтіндер өледі, өлетіндер өлмейді: біреулердің өмірі өзгелердің өлімі және
біреулердің өлімі өзгелердің өмірі.
64. Бәріне найзағай билік етеді.
65. От дегеніміз кемшілік пен молшылық. Кемшілік дегеніміз әлемнің пайда болуы, ал
әлемдік өрт — молшылық.
66. Болашақтың оты бәрін де таразыға салып, бәріне де үкім шығарады.
67. Тәңірі дегеніміз күн мен түн, қыс пен жаз, соғыс пен бейбітшілік, тойыну мен ашығу.
Егер бір хош иіске өзгені қосқанда қоспаның иісі қалай өзгерсе, тәңірі де солай өзгереді.
Ал атауға келсек, әркім тәңіріні өзінше атайды.
67а. Аудың ортасында тұрған өрмекші шыбын өрмектің бір үзігін үзгенін сезіп, үзікті
түзеу үшін сол жаққа қарай жүгіретіні сияқты, адамның жаны да денесінің бір мүшесі
зақымдалса, сол жаққа қарай дереу ұмтылады, себебі зақымдалған жермен ол мықты және
үйлесімді байланыста.
73. Ұйқыдағыдай әрекет етіп, сөйлеудің қажеті жоқ. Түсімізде де біз әрекет етіп, сөйлеген
боламыз.
75. Ұйқыдағылар әлемдік процесте жұмыс барлық басқа нәрсе бойынша да маймылға
ұқсайды.