49
Мұның бәрі Питтакқа қарсы айтылған, ал бұдан әрі өлеңде осы ой айқынырақ білдірілген.
Өйткені Симонид былай дейді:
Адамдардың арасынан мінсіз кісі табам деп, Тағдыр берген өмірімді өткізбеймін бекер
мен. Болса дағы жер басып жүрген жандар қандай коп, Мінсіз пенде болмайды, тапсам —
айтып кетер ем. Симонид өз өлеңінің бүкіл он бойында Питтактың нақылына дәл осылай
күшті қарсылық білдіреді: Қырсық еместердің бәрін қуана сүйіп, мақтағам, Ал тағдырға
құдайлар да әсте кінә тақпаған. Ал мұның өзі нақ сол нақылға қарсы айтылған. Симонид,
ықыласымен жексұрын іс істейтіндер бола қоятындай ақ, ол ықыластана ешқандай
жексұрын іс істемейтіндерді мақтаймын деп айтарлықтай дәрежеде білімсіз емес-ті. Мен
бері салғанда былай деп ойлаймын: дана адамдардың ешқайсысы да қандай да бір адам
ықыластана адасады немесе ұятсыздық және жауыздық істер жасайды деп есептемейді;
олар ұятсыздық және жауыздық жасаушылардың бәрі мұны ырықсыз істейтіндігін жақсы
біледі. Сондықтан Симонид өзін бейнебір ерікті түрде жаман іс істемейтіндерді
мақтаушымын деп жарияламайды, ол осы "ықыластана" деген сөзді өзіне-өзі қатысты
етеді. Ол былай деп ойлайды: лайықты адам әлдекімге достық ниетпен қарауға және,
мысалы, кінәлауға болатын әке, шеше, атамекен туралы немесе осы тұрғыдағы тағы да бір
нәрселер туралы әңгіме болғанда жиі кездесетініндей, әлгіні мақтауға өзін мәжбүр етеді.
Жаман адамдар өздері осындай бір жағдайға кез болғанда, бұған масаттанғандай болып
қарайды, олар бәрін солардан көріп айыптайды жөне бұл үшін әке-шешені немесе
атамекенді кінәлайды; олар өздерін басқалар кінәламасын және селқостық көрсеткендері
үшін сөкпесін деп тіпті өршелене айыптайды, сөйтіп өздерінің мәжбүрлі деген
дұшпандығын енді ерікті түрдегі дұшпандықпен үстемелейді. Ал енді жақсы адамдар,
керісінше, көп нәрсені өз бойларыңда жасырады және мақтап - мадақтауға өздерін мәжбүр
етеді, егер әке-шешеге немесе атамекенге өкпелі болып ызаланса, өздерін-өздері тежеп,
сабыр сақтауды, сөйтіп оларға достық ниетпен қарауға, тіпті оларды мақтап - мадақтауға
өздерін мәжбүр етіп, бұған көнеді, өйткені бұл өзінікі. Менің ойымша, Симонид те
тиранды немесе сол сияқтыларды,— өз еркімен емес, қажеттілігіне қарай,— мақтап -
мадақтауды және дәріптеуді көбінесе керек деп есептеді. Бұл жайында ол Питтакқа былай
дейді: мен сені айыптауға бейім болғандықтан айыптамаймын,
Ол [адам] жексұрын, тіпті түкке тұрғысыз болмаса,
Шындықты біліп, қаланың пайдалы екендігін ойласа,
Ақылдан ажырап қалмаса,— мен оларды сөкпеймін.
Сөкпеймін, өйткені ақымақтар сан жетпестей көп деймін,—
сондықтан, егер айыптаудан қанағат табатын адам болса, мұны тойғанынша істей беруіне
болады.
Қырсықтық араласпаған нәрсенің бәрі керемет. Мұны Симонид қара араласпағанның бәрі
ақ деген мағынада айтып отырған жоқ,— бұл тіпті күлкілі болар еді,— мен орташаны да
айыптамай қабылдаймын деген мағынада айтып отыр. "Ал мен,— дейді ол,— адамдардың
арасынан мінсіз кісі іздемеймін: болса дағы жер басып жүрген жандар қандай көп, мінсіз
пенде болмайды, тапсам — айтып кетер ем. Сондықтан бұл үшін мен ешкімді мақтай
алмаймын, адам орташа болса және жаман ештеңе істемесе, мен үшін жетіп жатыр, міне
сол кезде мен жұрттың бәрін де әрі сүйемін, әрі мақтап - мадақтаймын". Ақын осы
сөздерді нақ Питтакқа арнағандай болып, бүл арада митилендік шылауды да қолданып
отыр: "Қырсық еместердің бәрін қуана сүйіп, мақтағам (мұны оқып отырған адам бұл
арада "қуана" деген сөзді басқалардан бөліп айтуы керек), ал менің әлдекімді еріксіз түрде
сүйіп, мақтайтын да кездерім болады. Питтак, егер сен қандай да болсын орынды әрі
дұрыс бірдеңе айтқан болсаң, мен сені айыптамаған болар едім. Сен өте маңызды нәрсе