Page 48 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

48
он бойында Симонидтің негізгі ниеті Питтактың нақылын бекерге шығару болғандығына
көз жеткіземіз.
Симонид мұны өзі мына төмендегідей тұжырым айтқысы келетіндей етіп жалғастырады:
"Жақсы адам бола алу да шын мәнінде қиын, алайда, біраз уақытқа болса да, мүмкін, бірақ
осындай адамға айналған соң, осы күйден танбау, яғни, Питтак, өзің айтқандай, болу —
мүмкін емес және адамға тән емес, бәлкім мұндай артықшылық тек жалғыз құдайда ғана
бар шығар"
Адамның басын бұлт торлап, қырсық шалса,
Пәледен пақыр қашса да құтыла алмас.
Мысалы, корабльді басқару кезінде тұтқиылдан кезіккен пәле кімнің еңсесін езіп, жігерін
жасытады? Әрине, сирек кездесетін қабілеті бар адамды мұқалтады, өйткені қатардан
қарапайым көптің бірі онсыз да мұқалған. Әлдекім жатқан адамды емес, тұрған адамды
құлата алады, өйткені жатқан адамның құлауы мүмкін емес қой. Дәл сол сияқты
тұтқиылдан кезіккен пәле ешқашан күресуге қабілетті болмаған адамды емес, күресе
алатын адамды мұқалтады Қапелімде соққан қатты дауыл кеме жүргізушіні, ауа райының
кенет бұзылуы — диқанды абыржыта алады. Сол сияқты дәрігердің де ойламаған жерден
қиын жағдайға тап болуы әбден мүмкін.
Оп-оңды кісі де бірде жақсы болады, бірде жексұрын болады,— деген басқа бір ақынның
куәландырғанындай, жақсы адамның да жексұрын бола алуы мүмкін емес.
Ал жексұрын адамның жексұрын бола алуы мүмкін емес: ол ылғи міндетті түрде осындай
болады; ал кім күресе білсе, кім дана және жақсы болса, егер тұтқиылдан кезіккен пәле
оның еңсесін езіп, жігерін жасытса, "пәледен қашып құтылудың [жексұрын болмаудың]
мүмкіндігі жоқ''. Питтак, сен жақсы адам болу қиын деп ұйғарасың, ал іс жүзінде мұндай
адам бола қалу қиын, бұл мүмкін болса да, бірақ жақсы адам болу мүмкін емес:
Қайырымды іс жасалса, әркім де жақсы аталар, Зұлымдық іс жасалса, жексұрынға жатар
ол. Мәселен, оқу мен жазуды игергенде "жақсы іс жасау" деген нені білдіреді? Бұл істе
адамды жақсы ететін не? Әрине, оқу мен жазуды үйрену. Ал жақсы дәрігерді қандай
жақсы қылықтар қалыптастырады? Әрине, ауруларды қалай емдеуді үйрену. "Зұлымдық іс
жасалса, жексұрынға жатар ол"әлдене, кімнің жексұрын дәрігер бола алуы мүмкін?
Әрине, кімде-кім, біріншіден, қазірдің өзінде-ақ дәрігер болса, мұның үстіне әрі жақсы
дәрігер болса, сол адам жексұрын дәрігер бола алуы мүмкін; ал дәрігерлік құру өнерінен
түйсігі қақ біздер, қандай жексұрын іс-әрекет жасасақ та, дәрігер де, балташы да және осы
тұрғыдағы ешкім де бола алмас едік; ал кімде-кім жексұрын іс жасап тұрып дәрігер бола
алмаса, әрине, ол жексұрын дәрігер де бола алмайды. Дәл осылай жақсы адам да —
уақыттан ба, шиеленістен бе, аурудан ба әлде қандай да бір кездейсоқ бақытсыздықтан ба
— кейде жексұрын бола қалады; білімнен мақұрым қалу — Бұл дегеніңіз бірден-бір
жексұрын іс болып табылады, ал жексұрын адам, өзі үнемі жексұрын болғандықтан, қай
кезде болса да жексұрын бола алмайды; жексұрын бола алуы үшін ол әуелі жақсы бола
алуы тиіс.
Демек, өлеңнің бұл тұсы да адамның жақсы, яғни үнемі жақсы болуы мүмкін еместігін, ал
жақсы адам бола алуы мүмкін екендігін қуаттайды; бірақ дәл сол адам жексұрын адам да
бола алады, ал құдай сүйетін адамдар бәрінен де әрі ұзағырақ және бәрінен де гөрі көбірек
жақсы болмақ.