Page 46 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

46
Продиктен сұраймыз — өйткені Симонидтің тілі туралы нақ содан сұрау керек:
Продик, "қиын" деген сөз арқылы Симонид нені түсінді?
Жамандықты.
Продик, "мейірбан болу қиын" дегенді айтқан Питтакты Симонид сол үшін
кінәлайды. Мұның өзі Питтактан "мейірбан болу жаман" дегенді естігенмен бірдей.
Питтакты сөккенде,— деді Продик,— Симонид, сеніңше, бұдан басқа тағы да не
түсінді? Варварлық сөздермен ауызданған лесбостық сияқты сол сөздерді дұрыс
ажырата білмеді.
Протагор, Продиктің не айтып отығанын естимісің: бұған қарсы бірдеме айта
аласың ба?
Продик, бұл мүлде олай емес,— деді Протагор,— бәріміз сияқты Симонид те қиын
деп жаманды емес, жеңіл еместі жөне тек көп күш-жігер жұмсалғаннан кейін ғана қол
жететінді атағандығын мен өте жақсы білемін.
Протагор, менің ойымша да, Симонид осылай түсінеді, бұл Продикке де белгілі; ол
әзілдеп отыр және тегінде, сенің өз пікіріңді қорғай алатындығыңа көз жеткізгісі
келетін сияқты. Симонидтың "қиынды" "жаман" деп есептемейтіндігіне мықты
дәлелдеме мына төмендегі нақыл сөзде келтірілген, өйткені ол:
Бұл дарынның иесі —
тек жалғыз құдай ғана,— дейді.
Ал егер ол "жақсы болу жаман" деп есептейтін болса, ол бұл тек жалғыз құдайға ғана
берілген деп айтпаған болар еді, бұл дарынды жалғыз соның қанжығасына байламаған
болар еді; сонда Симонид кеостық емес, қайдағы бір арсыз деп Продиктің мойындауына
тура келер еді. Егер сен, өзіңнің айтқаныңдай, менің поэзияны жақсы түсінетіндігімді
тексергің келсе, Симонидтің бұл өлеңінің мән-мағынасы, меніңше, қандай екендігін мен
саған ықыластана айтып беремін. Ал қасаң, мен, керісінше, өзіңді тыңдайын.
Протагор менің бұл сөздеріме:
Сократ, өзің айтшы,— деп тіл қатты.
Продик пен Гиппий де, қалғандары да осыны қатты өтінді.
Ендеше мен өзімнің осы өлеңді қалай түсінетінімді сіздерге баяндап көрейін,—
дедім мен.— Эллиндердің арасында философия бәрінен де ертерек және көбірек Крит
пен Лакедемонда таралды, Жер бетіндегі ең көп софистер де сонда болды; бірақ
криттықтар мен лакедемондықтар Протагор сөз еткен софистер сияқты мұны теріске
шығарады және даналық жағынан барлық эллиндерден асып түсетіндігіміз байқалып
қалмасын деп олар надан болғансиды; олар өздерін ең жақсы жауынгерлер мен
ержүрек адам деп санауды қалайды, сөйтіп, егер өздерінің артықшылығы нақ неде
екендігін біліп қойса, жұрттың бәрі соған, яғни даналыққа жаттығады деп ойлайды. Ал
қазір шындықты жасырған олар аналар сияқты құлақтарын шұнтитып"', қолдарына
қайыс белдік орап, гимнастикамен жан сала шұғылданып және нақ осының арқасында
лакондықтар эллиндерге өктемдік жүргізетіндей қысқа плащ киіп, лакондықтарға
басқа мемлекеттерде еліктейтіндерді алдады. Ал өз софистерімен құпия сөйлесуден
жалыққан кезде лакондықтар мұны ашық түрде істегілері келіп, жат жерліктерді —
өздеріне еліктеушілерді де, басқаларды да — қуады, сол кезде олар бөтен адамдардан
жасырын жағдайда софистермен емін-еркін қарым-қатынас жасасады. Криттықтар
сияқты олар да өздерінің жас жігіттерінің басқа жерлерге баруына рұқсат етпейді;