44
Қол, аяғы түзу, мін жоқ тұла бойында,
Олқылық болмас кемел ақыл-ойында
Жақсы (aycmog) бола алу адамға өте қиын,— мойында.
Сен осы өлеңді білесің бе әлде саған оны толық оқып берейін бе?
Ал мен:
Оқып бермей-ақ қой, бүл өлеңді мен білемін, оны жаттаймын деп біраз әуре
болғанмен,— деп жауап бердім.
Жақсы,— деді Протагор. — Ендеше сен қалай ойлайсың бұл сәтті айтылған ба,
дұрыс па әлде дұрыс емес пе?
Әбден дұрыс.
Ақын өзіне өзі қайшы келсе, бұл, сеніңше, жақсы ма?
Жоқ, жақсы емес.
Мұқият көңіл бөл.
Иә, қымбаттым, өте мұқият көңіл бөлдім.
Демек, дәл сол өлеңде оның бұдан әрі не айтатынын сен білесің:
Питтактың сөзі, меніңше, құптауға әсте келмейді,
"Мейірбан (
) болу қиын деп, данагөй ырық бермейді.
Байқайсың ба, дәл сол ақын мұны да, бұрынғыны да айтып отыр ғой?
Білемін.
Сен қалай қарайсың, ол да, бұл да өзара үйлесетін сияқты емес пе?
Меніңше, дәл осылай сияқты,— деп жауап бердім мен, бірақ Протагор тағы да
бірдеңе айтар ма екен деп қорқып та қалғанымды мойындаймын. — Ал сеніңше, бұл
олай емес пе?
Осы екі пікірдің екеуін де айтқан адамның өзімен-өзі тиіскен сияқты болуы мүмкін бе, ол
адамға жақсы адам болу өте қиын екендігін әуелі өзі мойындайды, ал сәл кейін дәл сол
өлеңде мұнысын ұмытады және адамға жақсы адам болу қиын деп соның өзі сияқты
пайымдаған Питтакты кінәлайды. Соның айтқанын айтып отырған Ппттактың
пайымдауын қабыл алудан Симонид бас тартады. Егер ол өзімен бірдей айтып отырған
адамды кінәлайтын болса, оның өзін де кінәлайтындығы түсінікті, ендеше оның не
бірінші, не екінші пайымдауы дұрыс емес.
Көптеген тыңдаушылар Протагордың бұл сөзін дуылдаса мақтай жөнелді. Бастапқыда, ол
осыны айтып, басқалары сыбырласа сөйлеген кезде, бір еңгезердей кісі жуан
жұдырығымен қойып қалғандай басым айналып, көзім қарауытты; сосын мен,—
шынымды айтсам, уақыт ұту үшін көне ақынның не деп отырғанын бағамдау үшін —
Продикке қарап былай дедім:
Продик! Симонид сенің жерлесің ғой; сен оған көмектесуге міндеттісің. Гомердің
айтуына қарағанда, Ахиллден беті қайтып, жүрегі шайлыққан Скамандрдың:
Туысым, тұра берме сен серейіп,
Мына дәуді екеулеп еңсерейік! —
деп, Симоэнтті шақырғанындай, мен сені көмекке шақырамын.