40
Протагор мақұлдады.
Ал жақсы байыптай білу дегеніміз бейшындықты тудырып тұрғаныңды түсінуің
бе?
Солай-ақ болсын.
Мұның өзі бейшындықты тудырушының ісі ілгері басқан жағдайда бола ма, әлде
кері кеткен кезде бола ма?
Ілгері басқан жағдайда.
Сен игілік бар деп есептейсің бе?
Бар деп есептеймін.
Зевспен ант етемін,- деді Протагор, - мен өзім игілікті тіпті егер ол адамдарға
пайдалы болмаса да, игілік деп атаймын.
Маған Протагор абыржыған, кейіген сияқты болып, жауап беруге дайындалғанда бейне
бір ұрысқа әзірленгендей болып көрінді. Оның осы күйін байқаған бойда сақтық жасап,
ақырын былай деп сұрадым:
Протагор, сен адамдардың ешқайсысына пайдалы емес туралы айтып отырсың ба
әлде мүлде пайдасыз нәрсе туралы ма? Және осындай заттарды сен игілік деп
атаймысың?
Жоқ,— деді Протагор,— бірақ мен мұндай көптеген заттарды — тағамдарды да,
ішімдіктерді де, дәрі-дәрмектерді де тағы да мыңдаған нәрселерді де білемін. Ал
адамдарға пайдалы да, зиянды да еместердің біразы аттарға пайдалы, екіншілері тек
қана — өгіздерге, үшіншілері — иттерге пайдалы, төртіншілері оларға да, бұларға да
пайдалы емес, оның есесіне ағаштарға пайдалы. Соның өзінде бір зат ағаштың тамыры
үшін жақсы, бұтағы үшін жаман, мысалы, көң, егер тамырға салсаң, барлық өсімдіктер
үшін ол жақсы, ал оны жас өркендер мен өскіндерге төксең, ол бәрін бүлдіреді; зәйтүн
майы — барлық өсімдіктер үшін ең зиянды зат, ал адамның шашы мен бүкіл денесіне
оның емдік қасиеті бар. Игіліктің алуан түрлі екендігі соншалық, бір заттың өзі
сыртқы қолданыста адам үшін игілік болса, ішкі қолданыста — аса үлкен кесел; сол
себепті де барлық дәрігерлер зәйтүн майын тамаққа, тағам мен тұздықтың жағымсыз
иісін кетіруге жететіндей өте аз мөлшерде ғана пайдалануға ұсынады.
Протагор осыны айтқан кезде қағысып отырғандар: "Қалай жақсы сөйлейді!" деп, шулап
қоя берді. Ал мен былай дедім:
Интермедия: әңгімелесу тәсілі туралы дау
Протагор! Мен, сорыма қарай, ұмытшақ адаммын, менімен біреу тым ұзақ
сөйлескен кезде, не жөнінде сөз болып отырғандығын ұмытып қалатын әдетім бар.
Құлағым босаңдау еститін болса, сен менімен тілдесерде басқалармен сөйлескен
кездегіден гөрі сөздерді қаттырақ айту керек деп есептер едің, сол сияқты енді,
ұмытшақ адаммен сөйлесіп отырғанында мен сенің айтар ойынды аңғара алуым үшін
анық әрі қысқа етіп жауап қайтарғайсың.
Ал өзің қалай қысқа жауап беруімді қалайсың? Жауабым қажетті мөлшерінен де
қысқарақ болсын ба?
Жоқ, тым келте болмасын, — дедім мен.
Демек, қажетті мөлшерде болуы керек қой?
Иә.