3
үйлесімділікте өсіп, ағып отырады. Ол Құдай "Бастауы да, соңы да жоқ" нәрсе деп
есептеген.
ГЕРАКЛИТ
ҮЗІНДІЛЕР
2. Сондықтан бәріне ортақ жалпыны орындау керек. Бірақ Логос бәріне ортақ болса да,
көпшілік өзінің жеке ақылы бардай өмір сүреді.
3. (Күн мөлшері туралы) кендігі адам табанындай-ақ.
4. Бақыт нәпсіқұмарлықта болса, онда біз нәпақасына бұршақты тапқан бұқаларды
бақытты деп атауға тиіс едік.
5. Олардың өздерін қанға былғау арқылы бұрынғы қантөгістен тазарамыз деп ойлауы
бекер. Бүл біреудің балшыққа батып, өзін балшықпен жууымен бірдей. Ондайды байқаған
адам оны нақұрыс деп санар еді. Мына тас құдайларға да олардың жалбарынғаны
қаңыраған үйлермен сөйлескенмен бірдей. Тәңірілер мен қаһармандардың табиғатын олар
білмейді.
6. Күн сайын жаңа күн тумайды, бірақ Күн үзіліссіз жарқырап тұрады.
7. Егер бар нәрсенің бәрі түтінге айналса, танау таным мүшесіне айналар еді.
8. Қарсы бағыттағы нәрселер қосылады, әртүрлі дәрежедегі дыбыстан ғажап үндестік
түзіледі, бәрі де күрес арқылы пайда болады.
9. Есектер үшін сабан алтыннан қымбат.
10. Ажыратылмайтын қосындылардан бүтін және бүтін емес, бірігер және ширатылар,
үндес және үндес емес пайда болады; барлықтан бір [нәрсе], бір [нәрседен] барлығы пайда
болады.
11. Құдай әрбір еңбектеген тірі жәндікті қамшылап, жеміне қарай айдайды.
12. Қайтадан сол өзенге кірген жанға әрдайым жаңа сулар құйылады. Жан да дымқылдан
бу болып ұшады.
13. Шошқалар балшыққа қуанады.
14. Эфестік Гераклит кімдерді сескендіреді? Түнгі серілерді, сиқыршыларды, ішімдікке
салынған еркектер мен есалаң ұрғашыларды және сырға бойлағандарды. Ол бұларды өлім
жазасымен қорқытады, болашақта отқа күйесіңдер дейді. Себебі көп адамдар қастерлейтін
дін сырына енгізу салты қасиетсіз түрде жасалады.
15. Егер Диониске бағышталмаса, олардың жүрістері мен жыныс мүшелеріне арнаған
әндері өте ұятты дүние болар еді. Олардың жын - ойнақ жасап, естен айырылып
қастерлеген Дионисі Аидке тең.
16. Ешқашанда батпайтын нәрседен қалай жасырынуға болады?
17. Себебі көбісі көз алдында кездескен нәрселерді түсінбейді, тіпті, үйретсең де,
ұғынбайды, бірақ, өздеріне білетін сияқты көрінеді.
24. Соғыста өлгендерді тәңірлер мен адамдар қастерлейді.
25. Себебі өлім қаншама даңқты болса, оның берер абыройы да молырақ.
26. Адам өліп, (оның көзінің жарығы сөнгенде), ол бәрібір тірі және түнде өзіне жарық
жағады. (Адам) ұйықтап, (оның көзінің жарығы сөнгенде), ол өлім ахуалына жақын;
өңінде адам түс ахуалына енеді.
27. Өлгеннен кейін адамдарды олар күтпеген және ойламаған нәрсе тосады.
28. Ең мүлтіксіз ойшылдың танып, жадында сақтайтыны тек пікір ғана. Бірақ, күмән жоқ,
шындық өтірікшілер мен жалған куәларға қолын жеткізеді.
29. Ең үздіктер бір нәрсені барлық нәрседен артық көреді: мәңгі даңқ оларға барлық азып-
тозатын нәрседен қымбат. Тобыр болса, мал сияқты, қарнын қампитумен әлектенеді.
30. (Барлыққа бір) бүл әлемдік тәртіпті тәңірлер мен адамдардың ешқайсысы жасаған жоқ,
бірақ, ол әрқашанда мөлшерлі түрде жанып, мөлшерлі түрде сөнетін мәңгі тірі от кейпінде
болған, бар және бола бермек.
32. Жалпыға бір даналық Зевс атын қалайды да, қаламайды да.