38
Демек, бейпайымды қылықтар пайымдылыққа қайшы келеді ғой?
Иә.
Бейпайымды қылықтар бейпайымдылықпен жасалып, ал пайымды қылықтар
пайымдылықтың арқасында істеле ме?
Келісемін.
Демек, егер бір нәрсе күшпен жасалатын болса, бұл күшке толық болмақ, ал күш
қолданылмаған іс-қимыл - әлсіздік пе?
Сірә, осылай болса керек.
Егер жылдам әрекет етсе, бұл — жылдам жасалған іс, ал егер баяу әрекет етсе —
баяу жасалған іс болғаны ма?
Иә.
Егер бір нәрсе бірдей түрде жасалса, ол, демек, бір себеп бойынша жасалып, ал
қарама-қарсы түрде жасалса, қарама-қарсы себептер бойынша жасала ма?
Протагор келісті.
Маған айтшы, — деп жалғастырдым мен сөзімді,— әлдене өте әдемі бола ма?
Протагор болады дегендей сыңай танытты.
Оның сиықсыздан басқа қарама-қарсылығы бар ма?
Жоқ.
Бұдан әрі: әлдене жақсы бола ма?
Болады.
Оның жаманнан өзге қарама-қарсылығы бар ма?
Жоқ.
Бұдан да әрі барайық. Дыбыс жоғары бола ма?
Иә.
Бірақ оған төменнен басқа қарама-қарсылық жоқ қой?
Жоқ.
Мұның өзі,— дедім мен,— әр затқа қарама-қарсы нәрсе коп емес, біреу-ақ
екендігін білдірмей ме?
Протагор келісті.
Ендеше,— дедім мен,— өзіміз келіскен нәрсенің қорытындысын шығарайық. Біз
бір нәрсеге көп емес, тек бір нәрсе ғана қарама-қарсы екендігі жөнінде келістік пе?
Иә.
Біз қарама-қарсы түрде жасалған нәрсе қарама-қарсы себеп бойынша
жасалатындығы жөнінде келістік пе?
Иә.
Ал біз бейпайымдық іс-әрекеттердің бәрі пайымды іс-әрекеттерге қарама-қарсы
болатындығы жөнінде келістік пе?
Иә.
Пайымды іс-әрекеттер пайымдылықтың арқасында, бейпайымды іс-әрекеттер —
бейпайымдықтан жасалатындығы жөнінде де келіспеп пе едік?
Протагор мұны да мақұлдады.