37
Ендеше, Протагор, біз, осыны қуаттай отырып, оған не жауап қайтарған болар едік,
егер ол бізден тағы да былай деп сұраса: "Демек, инабаттылық әділ болу деген сөз
емес, ал әділдік инабатты болу деген соз емес, керісінше, бүл инабатты болмау дегенді
білдіре ме? Ал инабаттылық дегеніміз "әділ болмау", демек, "әділетсіз болу", әділдік
дегеніміз "инабатсыз болу" дегенді білдіре ме?" Бұған не деп жауап беруге болады?
Мен болсам, әділдікте инабатты, инабаттылық та әділ деп, өзім үшін жауап берген
болар едім. Егер сен маған рұқсат етсең, сен үшін де дәл осылай — әділдік пен
инабаттылық не бір нәрсе, не олар бір-біріне өте ұқсас: әділдік басқа нәрселердің
бәрінен де гөрі инабаттылыққа, ал инабаттылық — әділдікке ұқсас болады. Ойлашы,
сен менің оған осылай деп жауап қайтаруыма тыйым саласың ба, әлде мұнымен де
келісемісің?
Меніңше, Сократ,- деді Протагор,- әділдік инабаттылыққа және инабаттылық
әділдікке сай келеді деп айта салуға болмайды; мен бүл арада біраз айырмашылық бар
деп ойлаймын. Дегенмен, бұл маңызды емес. Егер сен қаласаң, бізде әділдік те
инабатты, инабаттылық та әділ бола берсін.
Жоқ, бұл болмайды,- дедім мен,- "егер сен қаласаң" немесе "егер сен осылай деп
ойласаң" деген сөздерді талдап жатудың маған әсте қажеті жоқ. Кел, "мен осылай деп
ойлаймын", "сен осылай деп ойлайсың" деп сөйлесейік. Мен, егер жалпы "егер"
атаулыны алып тастасақ, біздің мәселемізді бәрінен де гөрі жақсырақ талдауға болады
деген мағынада айтып отырмын.
Алайда,— деді Протагор,— әділдік әлдебір нәрседе инабаттылыққа ұқсайды.
Өйткені бәрі қандай да бір қатынаста бәріне ұқсас қой. Тіпті ақ бәр нәрседе қараға,
қатты — жұмсаққа ұқсайды және біріне-бірі, тегі, мүлде қарама-қарсы басқа да
заттардың бәрі осылай. Олардың бірі екіншісіндей емес деп ұйғару арқылы біз әр түрлі
міндет таңған нәрселер де (мен бұл арада беттің бөліктері туралы айтып отырмын),—
осы бөліктер де әлдебір қатынаста бірі екіншісіне ұқсас және әлденеде бірі екіншісіне
сәйкес келеді. Демек, мұндай тәсілмен және осы мысалдар арқылы сен, егер қаласаң,
бәрі бір-біріне ұқсас деп дәлелдей алған болар едің,. Бірақ біз, егер тек ішінара
ұқсастық туралы ғана сөз болып отырса, заттарды ұқсас деп атауға немесе егер тек ым
шара ұқсас еместік қана болса, тіпті олардың ұқсастығы тым мардымсыз болса да,
оларды ұқсас емес деп атауға қақылы емеспіз.
Мен таң қалып, Протагорға былай дедім:
Сеніңше әділдік пен инабаттылық бір-біріне оларда тек болмашы ғана ұқсастық бар
болып отырғандай қатынаста бола ма?
Олай емес, алайда сенің, сірә, ойлағаныңдай да емес.
Мақұл,— дедім мен,— сен бұған, меніңше, қиналатын болсаң, мұны қоя тұрып,
сенің айтқан басқа пікіріңді қарастырайық. Сен әлденені бейпайымдылық деп атайсың
ба?
Иә, атаймын.
Оған даналық толық қарама-қарсылық болмай ма?
Меніңше, болады.
Адамдар дұрыс әрі пайдалы іс-қимыл жасағанда, олар өздерінің іс-қимылдарынан
пайымдылықты аңғара ма, әлде, керісінше ме?
Жоқ, бұл арада олардың пайымдылығы байқасталады.
Олар пайымдылықтың арқасында пайымды түрде әрекет жасай ма?
Күмән жоқ.
Ал теріс іс-қимыл жасайтындар бейпайымды түрде әрекет етеді және өздерінің іс-
қимылдарынан пайымдылықты таппайды.
Маған да осылай сияқты.