Page 36 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

36
Мүлде күмәнсіз,— деп жауап берді ол,— соның өзінде данагөйлік бөліктердің ең
үлкені.
Олардың әрқайсысы ерекше бір нәрсе ме?
Иә, беттің бөліктері сияқты.
Және олардың әрқайсысының өз міндеті бар ғой? Өйткені көз бен құлақ бірдей
емес, олардың міндеті де әр түрлі; басқа бөліктердің бірі де өзінің міндеті жағынан да,
басқа барлық белгілері жағынан да екіншісіне ұқсамайды; мейірбандылықтың
бөліктері де өзді-өзі бойынша да, оз міндеттері бойынша да дәл осылай өзгешеленбей
ме? Егер олар біз мысалға келтіргендермен шын мәнінде ұқсас болса, мұның осылай
екендігі түсінікті емес пе?
Иә, бұл солай, Сократ,— деп келісе кетті Протагор. Ал мен бұған былай дедім:
Демек, мейірбандылық бөліктерінің бірде-бірі басқаларымен — біліммен,
әділдікпен, батылдықпен, пайымдылықпен немесе инабаттылықпен сәйкеспейді ғой?
Сәйкеспейді,— деп қуаттады менің сөзімді Протагор.
Кел, ендеше,— дедім мен,— осы бөліктердің қайсысының қандай екендігін
бірлесіп қарастырайық. Әуелі міне мынау: әділдік дегеніміз бір нәрсе ме әлде ештеңе
емес пе? Меніңше, ол — бір нәрсе, сеніңше қалай?
Меніңше де ол бір нәрсе,— деді Протагор.
Ал егер біреу сен екеуімізден: "Протагор мен Сократ, Маған айтыңдаршы,
сендердің әлгінде әділдік деп атағандарың өзді - өзінен алғанда әділ ме, әділ емес пе?"
деп сұрай қалса, мен оған ол әділ деп жауап берген болар едім, ал сен қалай ұйғарған
болар едің, дәл мен сияқты ма, әлде өзгеше ме?
Дәл сен сияқты,- деді Протагор.
"Әділдік", демек, "әділ болу" деген мағынаны білдіреді,— сұрақ қойған адамға мен
осылай жауап қайтарған болар едім; сен де осылай деп жауап бермес пе едің?
Иә.
Ал егер ол бұдан соң бізден: "Сендер инабаттылық та ,бар деп пайымдайсыздар
ма?"— деп сұрайтын болса, біз мақұлдап жауап берген болар едік деп ойлаймын мен.
Иә,— деді Протагор.
"Демек, сендер инабаттылық дегеніміз де әлдене деп мақұлдайсыздар ма?". Біз
бұған мақұлдап немесе мақұлдамай жауап қайтарар ма едік?
Протагор мақұлдап жауап берген болар едік дегенді айтты.
"Ал осы әлдене, сендерше, қай текке жатады: бұл инабатсыз деген сөз бе, әлде
инабатты болу дегенді білдіре ме?". Бұл сұраққа зығырданым қайнап, мен: "Байқап
сөйле, шырағым! Егер инабаттылықтың өзі инабатсыз болса, тағы да не инабатты
болуы мүмкін?" — деп жауап қайтарған болар едім. Ал сен не дер едің? Дәл осындай
деп жауап қайтпас па едің?
Әрине, дәл осылай деген болар едім.
Ал егер бізге сұрақ беруші адам бұдан кейін былай десе: "Сендер тек әлгінде ғана
қалай дедіңдер? Әлде мен сендердің сөздеріңді қағыс естідім бе? Меніңше сендер
мейірбандылықтың бөліктері өзара олардың бірде-бірі екіншісіне ұқсамайтындай
қатынаста болады деп сендірген сияқтысыңдар. Мен оның мұнысына былай деген
болар едім: "Жалпы алғанда сен дұрыс естігенсің, бірақ егер сен мені де осылай деп
айтты деп есептейтін болсаң, онда қағыс естігенсің, өйткені ол Протагордың жауабы
еді ғой, ал мен тек қана сұрадым". Егер ол: "Сократ шындықты айтып отыр ма? Сен,
Протагор, мейірбандылық бөліктерінің бірде-бірі екіншісіне ұқсамайды деп есептейсің
бе? Бұл сенің ұйғарымың ба?" — деп сұрайтын болса, сен оған не деп жауап қатар
едің?
Еріксізден онымен келісер едім, Сократ, — деді Протагор.