Page 336 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

336
Платон бойынша, құдай жаратқан алғашқы денелер жоғарғы үлгі және жоғарғы
дәрежедегі мақсатпен ойлап табылған; сондықтан бұл жерде басынан бастап ұсқынсыз
бірігулер жоққа шығарылады.
29. Әдетте бұл өлеңді Эврипидтің "Финикиялық әйелдерге" деген өлеңіне жатқызады.
30. Бұл жерде Платонның "Мемлекет" және "Заңдар" деген диалогтарында айтылған,
қоғам өміріндегі және жастарды оқытудағы музыканың пайдасы туралы тұжырымдамасы
көрінеді.
31. Алғашқы бастаулар — от, су, ауа және жер — грекше stoicheia, яғни "стихиялар"
(тылсым), "бастаулар", "әріптер" деп аталады.
32. Алғашқы бейне (paradeigmatos eidos) — мәңгі және өзіне өзі бара - бар, әлем. Көзге
көрінетін, туылған және сезіммен сезілетін әлем жоғарғы үлгіге еліктейді.
33. Қабылдаушы және қоректендіруші — бұл материя, ол арқылы жоғарғы идеялар
сезімдік феномендер әлеміне ауысады және ол барлық тірі нәрселерді "қоректендіреді".
34. Бұл жерде Платон Гераклит айтып кеткен алғашқы элементтердің айналымның
диалектикасы туралы айтып отыр: "От жердің өлімімен, ауа оттың өлімімен, су ауаның
өлімімен, жер судың өлімімен өмір сүреді".
35. Үшбұрыш — антикалық дәстүр бойынша форма жасаушы денелердің бірі.
36. Бейне мен сан — антикалық философияның негізгі категорияларының біріне жатады.
ПЛАТОН
Саясаткер
"Саясаткер" Платонның өмірінің соңғы кезінде жазған диалогтарының бірі. Мұнда
философ өзінің бұрынғы шығармаларында берген идеалды әмірші туралы ілімін
жалғастырып, оны бұрынғыдан да тәптіштеп, қыры мен сырын жеткізе баяндайды. Платон
заң ұйғарымына сүйеніп, нақты саясаткер және мемлекеттік қайраткер немесе патша
ұғымын негіздеп береді.
Сонымен бірге мұнда философтың идеялар туралы, мемлекет туралы ілімдері де
тиянақталып, айқындала түседі.
"Саясаткер" Платонның "Софист" атты диалогының тікелей жалғасы іспеттес. Сондықтан
мұнда да сол кейіпкерлер (Сократ, Феодор, Элеядан келген қонақ — жатжерлік және Кіші
Сократ) қатысады.
1. Египеттік Аммон Зевспен теңгеріледі.
2. Бұл арада Теэтеттің бет-әлпеті туралы айтылып отыр.
3. Теориялық және практикалық өнерлердің ажыратылуы "филебте" берілген.
4. Бұл арада құстар туралы айтылып отыр.
5. Бұл арада Платон өз сөзін дәлелдеу үшін мифке жүгінеді.
6. Атрей және Фиест, Пелоптың (Фригияның патшасы Танталдың баласы) бірін-бірі жек
көрген, қылмыскер балалары. Құдайлар Пелопты қылмыстық қылықтары үшін қарғысқа
жыққан. Оның балаларының өмірі мен іс қылықтары сол қарғыстың әсері делінеді.
7. Миф бойынша Атрейдің әйелі Аэропа, өзін алдап көндірген Фиестке Атрейдің
патшалық билігінің белгісі болған алтын қозыны береді.
8. Атрей әйелін теңізге лақтырып, Фиестің балаларын өлтіріп, оған солардың етінен
жасалған тамақ жегізген,— соншалық айуандыққа төзбеген Күн - Гелиос — өз жүрер
жолын кері өзгерткен екен.
9. Кронос — Уран мен Геяның ұлы, Титан, Зевстің, басқа да олимпиадалық құдайлардың
әкесі. Өте ертеде өмір сүргендігіне орай оның бейнесін көнеліктің, артта қалғандықтың
белгісі саналады.