Page 337 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

337
10. Адам баласы да, жан-жануарлар да жерден пайда болған делінеді кейбір мифтерде
(мысалы, Гесиодтың "Теогониясында").
11. Космостың пайда болуы, қозғалысы және оның жаны туралы Платон өзінің "Тимейің
атты диалогында жазады.
12. Құдай туралы, ол демиург әрі әке хақысында. Платоннын "Тимейінң қараңыз.
13. Кәсіп бойынша оның көмекшісі деп мұнда Афина құдайша айтылып тұр.
14. Сіздерде - яғни, афиндықтарда.
15. Кентаврлар — мифологиялық адам мен жылқының табиғатын қиюластырған
хайуандар. Олар миф бойынша тау шатқалдарында, ну ормандарда өмір сүрген, мінез -
қылықтарына сотқарлық, еліру, құтырғандық тән болған.
Сатирлер — тоғайлық теке бейнелі демондар, Дионис құдайдың серіктері ретінде
суреттеледі
16. Мемлекеттік құрылыстың типтерін Платон "Мемлекеттің" VHI кітабында жан-жақты
қарастырады.
17. Гомердің "Илиадаснан" келтірілген үзінді.
18. Жоғарыда да надан жұрт кентаврлар мен сатирлерге ұқсатылған болатын.
Сатирлық деп аталатын драманың ерекше бір түрі болған: онда кейіпкерлер ретінде осы
айлалы да қарабайыр әрі ақыл-есі кемшін хайуандар келтіріледі.
19. Адамант темірдің бір түрі (Гесихий бойынша), құрыш та болуы мүмкін (Эсхил пен
Пиндар бойынша). Теофраст адамантты алғаш алмас деген мағынада қолданған.
20. Демократиялық Афиныда халық шешендері үлкен рөл атқарған. Солардың қатарына
белгілі қоғам қайраткерлері Исократ, Демосфен, Эсхин, Гиперид және т.б. жатады.
21. Бұл ақтық сөздің иесі жас Сократ емес үлкен Сократтың сөзі болуы мүмкін.