335
10. Сіздердің ұрықтарың — яғни Аттиканың тұрғындары, ең алғашқы патшаларының бірі
Эрихтоний (мифограф Гигиннің айтуы бойынша) Жерге (Геяға) түскен құдай Гефестің
ұрығынан туған.
Төмендегі египеттік абыздың әңгімесі әйел құдайы Афинаның Афинаның негізін қалау
тарихы және оның Аттиканы қолпаштауы туралы.
11. Гераклдың бағаналары — Гибралтар.
12. Тиррения немесе Этрурия — Тиррен теңізінің жағалауындағы Орталық Италиядағы
аймақ.
13. Атлантида — Платонның "Тимей" және "Критий" атты екі диалогында айтылатын аты
аңызға айналған жер. Бұл бай және гүлденген, кейін құдіретті геологиялық тылсым
күштің әсерінен жоғалып кеткен мемлекет туралы талас-тартыс антикалық дәуірде - ақ
басталған.
14. Платон үшін космос — бұл айналып тұратын аспан. Пифогорлықтардың дәстүрі
бойынша космос тек аспан ғана емес, жалпы Әлемді білдіреді. Гераклиттің космосы —
бұл барлығына бара - бар "әлемдік тәртіп", сонымен бірге Платоннан өзгеше, бүл әлемдік
тәртіпті "құдайлардың еш біреуі де, адамдардың ешқайсысы да" жаратқан жоқ.
15. Платон үшін мәңгі болмыстың (oysia) және оны танудың ақиқаттығы (aletheia) сөзсіз.
Ол сенім (pistis) қабылдаған тұрақсыздыққа қарсы қойылады.
16. Платонның ойынша Құдай жаратқан ғарыш өзі құдайлыққа дейін жетілген болуы
керек.
17. Космостың жаны оның ортасында орналасады.
18. Космостың жаны оның тәнінен ерте пайда болған.
19. Платон уақыт пен мәңгілікті бір-бірімен салыстырғысыз деп есептейді. Өйткені уақыт
— мәңгіліктің тек қозғалыстағы ұқсастығы ғана. Ол өзге бола алмайды, барлық туылған
нәрселер (демиург әлемдік материяны, яғни уақытты да туады), бастауы болғандықтан,
аяқталуы бар ол, мәңгілікке қатысты емес, яғни ол болған және болады, ал уақыт тек бар.
20. Демиург Күн, Ай және басқа бес шырақты туған. Біз бұл жерде Платонда космостың
геоцентристік жүйесін байқаймыз. Сонымен қатар, Платонға, бүкіл Антика дәуіріне, Уран
(1781 ж. ашылған), Нептун (1846 ж.) және Плутон (1930 ж.) планеталары белгісіз болған.
21. Платонның "Тимейінде" құдайлар оттан жаралған. Антика дәуірінде отты эфирмен
біріктіретін дәстүр болған. Гомер мен Гесиодтың құдайлары эфирде өмір сүреді.
Платон үшін эфир мен от - әр түрлі элементтер, бірақ эфирде "оттық, қасиет" бар.
Тазаоттан Платон жоғарғы дәрежедегі құдайларды жасайды; эфирден — көзге көрінетін
тірі жаратылыстарды, атап айтқанда құдайлық түрді; ауа мен судан — жартылай
құдайларды, демондарды; ал адамдар мен жануарларды — жерден жасайды.
22. Бұл жерде құдайлар мен титандардың Гесиодтың дәстүрлі теогониясынан өзгеше
шежіресі берілген. Гесиодта Тефия, Океан, Кронос және Рея — барлығы Уран мен Геяның
балалары, ал Форкий — Понт пен оның шешесі Геяның ұлы.
23. Үш мәңгі емес түр: ауада, суда және құрғақта өмір сүретіндер.
24. Еліктеу — бұл жерде құдайлық мәннің эманациясының әлсіздеу дәрежесі туралы
айтылып отыр.
25. Жанның қайтадан ауысып тууы бүл жерде белгілі бір жаза ретінде негізделеді. Ер
адамның жанының табиғаты жақсы болып, ал әйел адамның жанының табиғаты екінші
туылуға жатады және ол да белгілі бір жаза болып табылады.
26. Ай мен Жер жаратылған, сондықтан уақытта өмір сүреді, яғни уақыттың құралдары
болып табылады.
27. Аид — өлілердің патшалығы
28. Натур философтар, мысалы Эмпедокл, ең алғашқы тірі денелердің қалыптасуы туралы
олардың алғашқы хаостық, және ұсқынсыз денелерінің Махаббаттың әсерінен
біріккендігін басып айтады. Бірақ "белгілі бір мақсат үшін пайда болғандардың" барлығы
аман қалған. Ал кездейсоқ біріккендер құрып кеткен.