Page 334 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

334
сыртында, оның ой-пікірі мен іс-қимылында байқалатын ырғақ, үйлесімділік және
музыкамен байланыс орнайды (аты аталған кітаптың 459-беті).
12. Орыстың "Оттан қашып жалынға түсу" деген мақалына сәйкес келеді.
ПЛАТОН
Тимей
1. Италиялық Локрлар Пифагордың шәкірті Залевк жасаған заңдармен аты шыққан, б.д.д.
VII ғ. Залевк пен Харонд Оңтүстік Италияның және Сицилияның қалаларында идеалды
заң шығарушы ретінде әйгілі болған. Италияның қалаларында Пифагор, Филолай, Архит
және оның шәкірттері сияқты философтар заң шығарушы және саясаткерлер болған.
Тимейдің де жоғарғы мемлекеттік қызмет атқарғаны белгілі.
2. Критий мен Платонның жартылай аңыз, жартылай тарихи шежіресі былай жасалған:
негізін қалаушы фессалилік Нелейдің әкесі, теңіз құдайы Посейдон, оның шөбересі
афинальгқ соңғы патша Кодр болған. Солон мен Дропид Кодрдың тұқымы, ал үлкен
Критий Дропидтің баласы; кіші Критий Дропидтің немересі, ал Платон оның шөбересі
болған.
3. Афина туралы айтылып отыр.
4. Тарихи хронологияға сүйенсек, шамамен б.д.д. 505-510 жж. 90 жастағы Критий бұны
өзінің 10 жасар немересі Критийге айтқан
5. Апатурий мейрамының үшінші күні (Пианепсиона — қазан қараша айларының 27-29
күндері) Куреотис деп аталған, ол күні ұл балалар мен қыз балалар (грекше соуrоі және
соrаі) бүл күні әкелік фратрияға қабылданатын болған; мүмкін ұл балалар бұл күні
құдайларға өздерінің бір уыс шаштарьга қүрбандыққа әкелгендіктен де солай аталуы
ғажап емес (грекше соуr — шаш қию). Апатурия сөзінің этимологиясы белгісіз. Ол
"фратрия әкелердің бірлескен мейрамы" дегенді білдіруі мүмкін.
6. Солонның Египетке саяхаты және Гелиопол мен Саистағы абыздармен философиялық
әңгімелері туралы Плутарх айтады. Бұл жерде айтылған бүліктер 571 ж. Солонның
Афинадан кеткеннен кейін, оның кіші туысқаны Писистрат тирания орнатпақ болған
кезде басталған болуы керек.
7. Ном — аймақ.
Өзінің данышпандарымен аты шыққан Саис қаласы финикиялықтардың руынан шыққан
бірінші патша Саистың атымен аталған.
Қарапайым саистық азаматтардың руынан шыққан Амасис, өзінің келісімімен
Псамметихтың немересі Априяны, заңды басқарушыны өлтірген ереуілшілердің
қолдауымен патша болып жарияланған. Амэсис пен Априя Саистық храмда жерленген.
8. Фороней — мифтерге сай аргостық патша Инахтың және океанида Мелияның баласы;
Павсанийдың пікірінше, ол "бірінші болып адамдарды қоғамға біріктірді, оған дейін олар
өз-өзімен жеке өмір сүрген.
Олардың бірінші рет жиналған жерлері Фороникон қаласы деп аталған". Кейін,
Павсанийдың айтуынша, Форонея елі оның інісі Аргостың атымен аталған.
Ниоба — бүл жерде нимфа Теледикадан туған Форонеяның қызы және Зевстен Аргос пен
Пеласгты туған оның бірінші ажалды әйелі.
Девкалион және Пирра адамдардың жаңа ұрпақтарының — олардың ұлдары Эллиннің
құрметіне аталған эллиндердің негізін қалаушылар болып табылады. Олар ежелгі
Форонеяның және оның немересі Пеласгтың (пеласгтер) ұрпақтарын ауыстырған.
Ежелгі Грекияда ұрпақтар мен рулардың ауысу идеясы елді үш рет қуартқан топан су
туралы мифте орын алады. Бірінші топан су аттикалық патша Огиг тұсында, екіншісі —
Девкалион, үшіншісі — Дардан патша тұсында болған делінеді.
9. Афина құдайы туралы айтылып отыр.