333
9. Гераклитте "Күнделікті жаңа күн шығып қана қоймай, ол ылғи, үздіксіз жаңарып
тұрады".
10. Пайым (dianoia) пікір (doxa) мен зерденің (noys) ортасындағы сезімдік және идеалды
әлемдерге қатысты аралық категория болып табылады
11. Зерде (noesis) мен пайымды (dianoia) Платон ақылмен тануға, ал сенім мен
сияқтандыруды — сезім сферасына жатқызады.
Сегізінші кітап
1. Мүмкін, бұл жерде Платонның "Федонында" және "Мемлекетгің" X кітабында
шабытпен сипаттаған сезімтал өмірдің шегінен тыс жатқан идеалды өмірге меңзеу бар.
2. "Заңдарда" анық айтылып кеткен Платонның спартандық-криттік әуестіктері белгілі.
Платон бойынша, Спартада заңдарды Аполлон, Критте — "оның ашып берген сырлары
бойынша" әрекет еткен Минос патшамен араласқан Зевс орнатты.
Перикл спартандықтардың кішілердің жасы үлкендерді сыйлау дәстүрін жоғары
бағалайтын. (Xen. Mem. Ill 5.15). Ал Аристотель "Саясатта" Спарта мен Криттің саясатын
талқылаған кезде (II 6-7) Спартада көптеген қателіктер табады ( оның ішінде әйелдердің
еркін жағдайы мен меншікке ие болу мөлшерсіздігі), Платонмен тек қана спартандық заң
шығару жүйесі "адамгершіліктің бір бөлігіне, яғни соғысқа байланысты адамгершілікке"
есеп етілгені жөнінде келісті.
3. Олигархия — "аз ғана адамның билігі". Олигархияға егжей-тегжейлі анализ
Аристотельдің "Саясатында" берілген (IV 5). Бұл жерде билік халықтың көпшілігіне
лауазымды қызметке тұруға кедергі жасайтын жоғары мүліктік цензбен қамтамасыз
етілген деп көрсетілген. Аристотель кейде аристократиялық, кейде династиялық мирасқор
билікке жанасып кететін олигархияның төрт түрін белгілеген.
4. Мирас қалған билік, немесе "династия" — Аристотель бойынша, билік әкеден ұлына
мирас боп қалатын және заң емес, лауазымды қызметкерлер үстемдік жүргізетін билік
тұсындағы басқару түрі. (Polit. IV 5. 1292b 5 ).
5 "Тимократия" (грекше time - "бағалау", "баға", "төлем") деп меншік жағдайы себепті
ценз принципіне негізделген басқару түсініледі, мысалы, Афинадағы конституцияға
дейінгі Солона немесе Коринфтегі Кипсел әулеті құлағаннан кейінгі басқару сияқты.
6. Платон бұл жерде әскери лагердің қатаң қарапайымдылығы мен тойымсыз байлық
жинау мен шамадан тыс салтанат сүрудің бірлескен, б.д.д. V ғасырдағы Спартаның негізгі
сипаттарына жақын мемлекет образын бейнелейді.
7. Бұл жерде жаратылысынан соқыр боп туған, (Аристофанның "Плутос" комедиясын
қараңыз) сондықтан да адамдарға байлықты әділетсіз таратқан байлық құдайы Плутос
туралы айтылған.
8. Ағзаның және мемлекеттің кеселдері арасында аналогия жасаған Демосфенді (Olynth. II
21) салыстырыңыз. Олар ағзаңыз сау кезінде немесе сырт дұшпандармен соғысып
жатқанда байқалмайды, бірақ ағза кеселге ұшыраған кезде немесе соғыс мемлекеттің
ішінде болған кезде жылдам байқалады.
9. Лотофагтар — шет жақтан келгендер жесе есінен танып, келген жұртына ұмытып
қалатын лотосты қорек ететін ертегі тайпасы (Гомер. Од. IX 83-102).
10. Схолиаст бұл мақалда "қол астындағыларға ұқсайтындар" туралы айтылғанын
көрсетеді.
11. Ежелгі Грекиядағы "Калокагатия" түсінігі туралы (ең жақын мағынасы "қасиет"
ретінде аударылған). А.Ф.Лосев. Классикалық калокагатия және оның типтерін қараңыз
("Эстетика мәселелері" жинағы, N 3. М.,1950). Ол жерде Платонның "калокагатиясы"
("Тимей" бойынша, 87-89) "жанның мөлшерлестігі, ағзаның мөлшерлестігі және екеуінің
де мөлшерлестігі" ретінде көрсетілген (аты аталған кітаптың 457-беті).
"Саясатта" (III 401d - е) бүл түсінік жанның "симметриясының" өмір және іс-әрекет
"симметриясына" өтуі туралы ілім арқылы берілген: осы арқылы "адамның ішінде және