Page 332 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

332
18. Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына көптеген артықшылықтар берілген:
мысалы, олар өмір бойы қоғам санатынан тамақтанатын болған, ал ұрыста патшалармен
бірге алдыңғы қатарда майдандасқан (мысалы, спартандықтарда).
19. Гесиодтың "Еңбектер мен күндер" атты поэмасынан үзінді.
20. Гомер "Илиадасынан" алынған үзінді.
21. Гесиодтың аталған шығармасынан.
22. Грекияда өлген жаудың қару-жарағын шешіп алу салты кең тараған болатын.
Плутархтың айтуы бойынша, тек спартандықтар ғана мұндай салтты ұстанбаған екен. Бүл
арада Платонға өзі өте жоғары бағалаған спартандық заңдардың әсері сезіледі.
23. Гректер өзінің "варварлардан" — табиғаты бойынша да, заңдары бойынша да —
түпкілікті түрде өзгешелігіне терең сенген, оларды құлдық тайпаға жатқызып, өздерін
еркінбіз деп санаған.
24. Бұл арада Сократтың үш толқын деп отырғаны қарастырылып отырған мәселелердің
қиындық дәрежесіне байланысты. "Мемлекеттің" IV кітабында ол бірінші толқыннан
жүзін өткенін (адам жанының бастамалары туралы мәселені қарастырғанда), V кітабында
әйелдер туралы заңдар жөнінде баяндағанда екінші толқыннан өткенін көрсетсе, ал
үшінші ең үлкені және "ең ауыры" деп Сократ идеалдық мемлекеттік құрылысты қалайша
іске асыруға болатыны туралы мәселені айтып отыр.
25. Мемлекетті философ басқаруға тиіс, мемлекеттік билік пен философия бір-бірімен
қабысуға тиіс деген ұйғарымын Платон іс жүзіне асырмақ пиғылымен Сицилияға үш рет
барып, сондағы тирандарды (Үлкен Дионисий мен Кіші Дионисийді) философиямен
жақындастырмақ болып әуреленгені белгілі. Бүл туралы Платонның шығармаларының
төрт томдық жинағының бірінші томына А.Ф.Лосев жазған кіріспе мақаланы қараңыз:
Платон. Собр. соч. в четырех томах. Т 1. М„ 1990, с. 28-29.
26. Мүлдем жалаңаштанып: палестраға шыққан палуандар сияқты деген мағынада.
27. Афины қаласы кезінде 10 филға бөлінген, ал әр фил үшке, яғни триттияларға, бөлінген
екен.
Алтыншы кітап
1. Грек тіліндегі қолжазбада aneleytheria: "еркін емес", "еркін адамға сай емес" әрекет сөзі
жазылған; схолиаст бұл сөзді "ақшаға деген жеккөрініш" деп, жанның кең пейілділігіне
қарсы қояды.Платон бұл термин арқылы тек ақшаға деген кеңдікті ғана емес,
адамгершілігі жағынан кең адамды белгілейді.
2. Мазақтың құдайы, Түннің баласы (Қараңыз: Гесиод. Теогония). Лукианда Мом Афина,
Посейдон, Гефесттің жасағандарының барлығын сынайды.
3. Ешкіге ұқсас бұғы немесе "трагелаф" — фаңтастикалық жануар.
4. Мандрагора — тамыры адам сияқты ұйықтататын қасиеті бар өсімдік.
5. Бұл эпитетті Сократты айыптағандар оған қолданған. Қараңыз: Платон. "Сократтың
ақталу сөзі".
6. Аристотель ақын Симонид Кеосскийге "данышпандар ылғи байлардың есігінің алдында
жүреді" деген сөзді таңған. Схолиаст бұл жерде Сократтың әлдебір Евбул дегенмен
болған әңгімесін келтіреді. Сократ оған данышпандар байлардың есігінің алдында жүріп,
оларға таратылатын нәрседен ненің керек екенін біледі, ал байлар данышпандардың
оларға не беретінін білмейді деп шешендікпен қарсы шыққан. Философ киренаик
Аристипптің тиран Дионисий Сиракузскиймен болған әңгімесінен осыған ұқсас жерді
Диоген Лаэтскийден оқуға болады.
7. Платонның ойынша, құдайдың берген үлесі адамның алған тәрбиесіне байланысты
емес. Мысалы "Менонда" мемлекеттік адамдар қайырымдылыққа үйретілмейді, бірақ
оларды данышпан ғып құдай жаратқан делінген.
8. Схолиаст бұл жерде Платонның мақалын Диомед пен Одиссей туралы әңгіме арқылы
түсіндіреді.