Page 331 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

331
нәрседен ғана" табуға болады дейді. Оның пайымдауынша, билеудің басқа түрлерінің бәрі
"еліктеу" болып табылдың ("Саясат").
Бесінші кітап
1. Бұл сұрақтың жауабы VIII кітапта беріледі. Онда мемлекеттік басқарудың бұрмаланған
формаларына (тимократия, олигархия, демократия және тирания) сын айтылған
2. IV кітапқа берілген 3-ескертпені қараңыз.
3. Уақытты босқа, ақыл-ойсыз өткізуге меңзейтін мәтел.
4. Адрастея, ол Немесида да, — тағдыр мен кек алудың құдайшасы. Бүл жерде Сократ
мемлекеттегі әйелдер мен балалардың ортақтығы туралы тым батыл ойға бола кегінен
қауіптеніп, Адрастеяға жалбарынады.
5. Криттықтар мен спартандықтар басқа гректерден бұрынырақ өз азаматтарының
(жасынан кәрісіне дейін) дене тәрбиесіне көңіл бөліп, соның өзіндік жүйесін құрған. Крит
пен Спартада гимнастикамен киімін шешіп тастап, жалаңаштанып айналысатын болған,
ал сол уақытта эллиндер мен "варварлардың" көбісінде тіпті ер адамдарға да жалаңаш
кезге түсу үлкен ұят іс, масқара деп саналған.
6. Аңыз бойынша, дельфиндер әманда суға кеткен адамды құтқарып, жағаға алып шығады
екен.
7. Сократ дауласу методы (эристика) және әңгімелесу мен пайымдау методын
(диалектиканы) бір-біріне қарама-қарсы қойған. Диалектика объективтік ақиқатты
көздейді, ал эристика дауласушылардың әрқайсысының субъективтік шынайылығына
қызмет етеді. Эристиканы Сократ нақты философ үшін лайықты емес деп санаған,
даукестерді келсін - келмесін әйтеуір қарсы бірдеңені айтып қалуға тырысатыны үшін жек
көріп, "қарсыласушылар" деп атаған.
8. Мұнда келтірілген өлең жолы ұлы грек лиригі Пиндарға (522-442) жатады.
9. Бұл арада "вредное" деген сөзді "пайдасыз" деп емес, "қырсық" деп аударудың өз мәнісі
бар. Платон сөзге, әрбір сөздің қыр-сырына, сөздің ар жағында жатқан ойдың салмағына
көп көңіл бөлген. "Пайдалы" ("полезное") мен "пайдасыздың" ("бесполезное")
арақатынасына қарағанда "пайдалы" мен "қырсықтың" арақатынасы әлдеқайда
белсендірек болып, айтылар ой өткірірек, озығырақ болып шығады.
10. Геометриялық құтылмастық немесе геометриялық қажеттілік, яғни зерделі, ақиқатқа
сай ой желісі деген мағынада.
11. Қадір-қасиетті неке деп құдай жұптың идеалдық некесі (мысалы, Зевс пен Гераның)
айтылған. "Зандарында" Платон қадір-қасиетті деп заң бойынша жасалған және заңмен
қуатталған некені айтады.
12. Бұл арада Платон, тегі, тәни жетімсіздіктері бар балаларды өлімге қиғанға ұқсайды, —
бұл кезінде Спартада орын алған әдет-ғүрыптың жаңғырығы іспеттес.
13. "Гүлденген" шағындағы әке-шешенің (әйелдер үшін - 20-30 жас, еркектер үшін — 25-
55 жас аралығы) ұрпақ өндіруі туралы ұйғарымды Платон спартандық заң
шығарушылықтың кесімдеріне сәйкестендіріп алған болу керек.
14. Пифия — Аполлоннның Дельфадағы храмындағы сәуегей әйел.
15. Бұдан Платон іліміне адамды тұтас қабылдау тән екенін байқаймыз. Платон жалпы
алғанда тұтасты бөліктен жоғары қойған.
16. Мұндай варварлық тайпаларға тон қарапайым коммунистік қарым-қатынасты
идеализациялауды антикалық авторлардың көбісінен аңғаруға (мысалы, Геродоттан)
болады.
17. Мемлекетті дене ретінде қарастыру антикалық авторлар арасында кеңінен жайылған.
Мұндай тақырыптағы ойлар жүйесі Ксонофонтта, Фукидидте, Дефосфенде және т.б.
кездеседі.