330
8. Отандық ұстаз — Аполлон құдайы, афиндық ханшайым Креустың құдаймен
ашыналығынан туған Ион әке, кейін ионилықтар деп аталып кеткен афиналықтардың ата
тегі Ионның тарихы, — Еврипидтың "Ион" деген драмасына сюжет болды.
9. Дельфаларда, яғни Аполлонның Қасиетті жерінде "Омфал" немесе "Жер кіндігі" болған.
Миф бойынша Рея кезінде Кроноска балғын Зевсті жұтудың орнына сол тасты берген.
Кронос оны қайта құсқаннан соң сол тасты Дельфадағы Парнастың жанына қасиетті нәрсе
ретінде, жердің кіндігін білдіретін нәрсе деп танылады. Омфалды (ақ мрамордан
жасалған) әр түрлі киімдермен киіндіріп қояды. Омфал туралы мәліметтерді Павсания,
Страбон, Эсфил, Пиндарлардан табуға болады.
10. Бұл жерде музыкалық терминологияның әдеттегі қолданылуы бар, яғни үндестік
(symphonia) және үйлесімділік (гармония) — адамның адамгершіліктік сипаттамасы
ретінде қолданылады. Бүл қасиеттермен адам әлемдік үйлесімділік пен үндестікке
негізделген тәртіппен, яғни ғарышпен бірігеді.
11. Пайымдылық Платон бойынша қаланың барлық "шектерінің үйлесімді дыбыстануына,
яғни оның сословияларының үйлесімді өміріне негіз болады.
12. Платон осы мақалды жиі қолданады.
13. Платон бойынша адам — "Микрокосм" ретінде тек қана қоғамға ғана емес
"Макрокосмге" де сәйкес келеді; сондықтан адам мен қоғамға әр түрлі деңгейде болса да
автаркия принципі сәйкес келеді. Келесі жолдардан байқағанымыздай Платонда жанның
элементтері және соған сәйкес келетін жеке адамның адамгершілік қасиеттері бүтіндей
мемлекеттер мен халықтарға тән болып келеді.
14. Фракия — Македониямен шекаралас Грекияның солтүстігі. Скифия — Қара теңіз бен
Азов жағалаулары, жерлері, олар гректер үшін солтүстік шеткі жерлер болып келген.
Геродоттың "Скифиясын" қараңыз IV. — 228.
15. Бұл жерде қарама-қарсылықтың бірлігін білдіретін диалектиканың заңымен
салыстырғанда формальді түрде көрініс беретін қайшылықтардың логикалық заңы
орнығады. Платонда қайшылықтар заңын нықтай түсетін басқа мәтіндерді табуға болады:
"Әрбір нәрсеге қатысты білу немесе білмеуден басқа ешнәрсе қалмайды" ("Теэтат").
"Үлкен ешқашан бір мезгілде үлкен де кіші де болуға келіспейді" және "жалпы ешқандай
қарама-қарсылықтың бір бөлігі өзімен-өзі болғандықтан ол басқа бөлікке айналғысы
келмейді. Ол болғысы келмейді немесе алыстай түседі немесе өзгерген сайын өше түседі"
("Федон" 102е -ЮЗе — 233).
16. Платонның жан туралы ілімін Диоген Лауэртский барынша қысқаша баяндайды.
Жанның өзіндік қозғалысын және үш бөліктен тұратындығы айтылады. Диогеннің
пайымдауынша, оның зерделі бөлігі баста, ашу — жүректе, ындын — кіндік пен
бауырдың тұсында орналасқан - 233.
17. Осындай тарихқа деген тұспалдау аттикалық комедиографтардың фрагмештерінде
кездеседі (Коск 1-ді 234 б қараңыз).
18. Гомер Одиссея. XX. 17-235.
19. Платон бұл жерде аурудың пайда болуы туралы теориясын келтіреді. Гиппократ
бойынша, денсаулық "қанның, шырыштың, өтті" (сары және қара) тепе-теңдікпен
қатынасында жөне бір-бірімен араласуында болып тұр, ал ауру "олардың кейбіреулерінің
денеде шамадан тыс азаюы мен көбейіп кетуіне" байланысты. "Тимейде" төрт элементтің
(жер, от, су және ауа) денеде бір-бірінен артып немесе кеміп кетуіне және бір орнынан
екінші орынға ауысып кетуі ауруға, адам денесіндегі тәртіптің бұзылуына әкеліп
соғатындығы айтылады".
20. Сократ үшін мемлекет өміріндегі басты нәрсе басқарудың бір немесе бірнеше адамның
қолыңда болуы емес, даналық болып табылады. "Саясатта" Платон өмірде "көп нәрсенің
болуы немесе аз нәрсенің болуы емес, еркіндердің немесе еріксіздердің болуы емес, кедей
немесе бай болу емес, кейбір білімнің бар болуы маңызды" екенін айтады. Платон бір
адамға тән білімді қалайтын сияқты. Өйткені ең тиімді билеуді "аз нәрседен, тіпті бір