Page 329 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

329
"Финикийлік жалғандық" яғни бөтен жердікі және сонымен бірге өте көне ойдан
шығарушылық (Платонның схолиасттысы бүл жерде осы сөйлемді Агенордың ұлы -
Финийлік Кадмның атымен айтады.), оны шебер заңды шығарушылар халықтың игілігіне
қолдана білді. Платон "Заңдарында" Кадм туралы аңызды келтіріп оны "жас адамдардың
жанын неге болса да, сендіруге болатынын" мысалы ретінде келтіреді. II т. 664а
Адамдардың жерден туып, шыққандығы туралы миф Платонның тарапынан бірнеше рет
еске түсіріледі. Қараңыз. II т. "Софист" диалога 24 түсінік: "Тимей" диалогына 25 түсінік.
Эсхилдің "Фивыға қарсы жетеу" трагедиясында Этеокл азаматтарды "туған жерді, балалар
мен сүйікті аналарды қорғауға шақырады." 16-20 беттер.
Сократ бұл жерде адамзаттың тұқымының, ұрпақтарының тарихын біріктіруде Гесиодтық
тәсілді пайдаланып отыр. Ол бойынша адамдардың тегі әртүрлі металлдардың
қасиетімен— алтынмен, күміспен, жезбен және темірмен айқындалады; Бүл градация
адамдардың, бұлжымай, нашарлап бара жатқанын куәлендіреді. Ұрпақты осылай бөлу
Аристотельдің тарапынан қатты сынға ұшырады. Сондықтан да ол Платонның
"Мемлекет" және "Заңдар" деген еңбегіне скептикалық негізде қарады.
Бұл жерде спартандықтарда қабылданған сиситтии туралы (біріккен тамақтану) мәселе
қозғалып отыр. "Заңдарда" сиситтии міндетті саналады. (VI. 762 с.)
Мұнда да Спартадан қабылданған әдет-ғұрыптардың жаңғырығы бар. Плутархтың
айтуынша "спартандық эфорлар қолбасшы Лисандрдың досы— Торакты және сонымен
бірге, алтынды иеленгенін әшкерелеп, әскер басшысын да өлім жазасына кеседі."
Ксенофонт Лакедемондық мемлекетті және оның Ликург негіздеген заңдарын суреттейді.
Ол ерікті азаматтарға табыстарға қатысты нәрселердің барлығына тиым салды, оларды
қалаға еркіндік беретін нәрсе туралы ғана ойлауын мәжбүр етті: сондықтан алтынға және
күміс жан-жақты іздестірілді, егер табыла қалса, иесіне айып салынды.
Төртінші кітап
1. "Үлкен Гиппийдеп: "Әр нәрсені әдемі ете түсетінге сол нәрсеге сәйкес келетін дүние
жатады делінген.
2. Шахмат ойынындағы "қаланың" екі қарсылас жаққа бөлінгеніндей мәселе сөз болады.
3. Тек пифагорлық қана көне сөз болуы мүмкін. "Мемлекет" пен "Заңдарда" әйелдер,
балалар және барлық меншіктің ортақтығы жөнінде сөз болады.
4. Платон да "Заңдарда" ойынның үлкен тәрбиелік маңызы жөнінде айтады.
5. Ксенофонтга Сократ өзінің досы, Хрекратқа "Кездескенде кішінің үлкенге жол беретіні
бар емес пе еді? Егер ол отырса, түрегеліп, оған құрметтігінің белгісі ретінде жақсы
орынды беріп, әңгімелесу барысында алғашқы сөзді де соған берген емес пе?
Аристотельден де соны оқимыз: Жалпылай айтқанда, біз үлкен адамның алдында
түрегеліп, оған құрметті орынды ұсынып, олардың әрқайсысының алдында ілтипат
білдіруге міндеттіміз".
6. Бұл жерде Лерн гидрасы салыстырылады, онда Геракл кескен бастың орнына жаңадан
оны шығатыны айтылады. Қоғамдық пайдалы нәрсені көксемейтін, тек өз қамы мен
мадақтауды қажет ететін заң шығарушылардың зиянкестігіне меңзеледі. Бір пайдалы деп
енгізген заң ережесінің алып келген көптеген апаты келтіріледі.
7. Аполлон тәртіпке келтірілген мемлекет пен қоғамдық үйлесімділіктің жебеушісі деп
есептеледі (мысалы, "Эсхил", "Эвменидтер"). "Зандарда". "Дельфтен заңдарды алуға
болады және оларға түсіндірмелер берушілерді тағайындап, қолдануға" қажеттігі тікелей
айтылады.