Page 33 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

33
барынша қамқорлық жасап, осыны қалайша үйретпес екен? Үйретеді деп есептеу керек,
Сократ.
Ата-аналар өздері тірі жүргенде балаларын жас кезінен үйретіп, оларға ақыл-кеңестерін
айтады және мұны өздері өлгенге дейін істейді. Бала сөзді түсіне бастасымен-ақ
асыраушы да, ана да, тәлімгер де, әке де оны үйрету арқылы және іс пен сөздің орайы
келген сайын ненің әділеттілік, ненің әділетсіздік, ненің ізгілік, ненің зұлымдық, ненің
инабаттылық, ненің инабатсыздық екендігін, ненің істеуге болатындығын, ал нені істеуге
болмайтындығын оған көрсету арқылы оның мүмкіндігінше жақсы болуы үшін күш-
жігерлерін аямайды. Егер бала өз еркімен тыңдаса жақсы; егер тыңдамайтын болса, қисық
шыбықты түзегендей, қорқыту әдісін қолдана отырып, оны ұрып-соғып түзетеді.
Ал кейін, баланы мұғалімге жіберген кезде ұстаздан сауат ашу мен кифарада ойнаудан
гөрі баланың әдептілігіне көбірек қамқорлық жасауды талап етеді. Мұғалім да осыған
көбірек көңіл бөледі; бала әріптерді игеріп, бұған дейін айтылғанды түсінгендей, енді
жазылғанды түсінген кезде, оның алдына оқы деп жақсы ақындардың туындыларын
қояды, сөйтіп баланың осы өлеңдерді жаттап алуын қадағалайды, ал бүл шығармалардың
ежелгі ержүрек қаһармандарды мадақтап, дәріптейтін тұстары көп,— демек, бала сол
қаһармандарға еліктеп, соларға ұқсауға тырысады.
Кифарашылар да, өз тарапынан, олардың пайымды болуына және жастардың бетімен
кетпеуіне қамқорлық жасайды; оның үстіне олар балалар кифарада ойнауды үйренген
кезде оларға жақсы ән шығаратын ақындардың туындыларын үйретеді, бүл орайда он
сөздері мен кифара әуенінің үндесуін қадағалай отырып, балалардың неғұрлым сергек,
үндес, үйлесімді болуы үшін, соз сөйлеуге де, қызмет істеуге де бейімделуі үшін олардың
жүрегіне үйлесім мен ырғақты ұялатады: өйткені адамның бүкіл өмірі ырғақ пен үйлесімді
қажетсінеді ғой.
Сонымен бірге дененің ширақтығы дұрыс ойлауға жәрдемдесіп, дене кемістігі салдарынан
соғыста және басқа істерде зардап шекпеуі үшін ер балаларды гимнастика мұғаліміне
жібереді.
Әсіресе кімнің мүмкіндігі көбірек болса, сол кісі осылай істейді, ал кім бай болса, сол
адамның мүмкіндігі көбірек болмақ. Олардың ұлдары мұғалімдерге, тым жас кезінен
бастап барады да, бәрінен де гөрі ұзағырақ оқиды. Олар мұғалімге баруды қойған кезде
бейберекет және нар тәуекелге басып, іс-әрекет жасамауы үшін мемлекет оз кезегінде
олар заңдарды оқып үйренуге,сөйтіп осы заңдардың нұсқамаларына сәйкес өмір сүруге
мәжбүр етеді, Сауат ашу мұғалімдері әуелі әріптің таңбасын салып, тек содан кейін ғана
жазып-сызуға әлі жаттықпаған балдырғандарға жазу тақтайшаларын беретіні сияқты,
мемлекет те ежелгі даңқты заң шығарушылардың туындысы — заңдарды бекітіп, соларға
сәйкес бағынуға да, жазалануға да мәжбүр етеді. Ал заңды бұзған адамды мемлекет
жазалайды және сіздерде де, көптеген басқа жерлерде де бұл жаза түзету деп аталады,
өйткені жаза түзетеді. Осындай әрі жекеше, әрі қоғамдық ықпалмен мейірбандылыққа
қамқорлық жасау арқылы үйретуге болады дегенге, Сократ, сен дегенмен таң қаласың
және мұны түсіне алмайсың! Бұған емес, дұрысын айтқанда, мұны үйретуге
болмайтындай болса, соған тандану керек.
Ізгі әкелердің көптеген ұлдары неліктен нашар болады? Кезегі келгенде мұны да біл. Егер
бұл істе — мейірбандылыққа — надандар болмауға тиіс немесе басқаша мемлекет болуы
мүмкін емес деп мен дұрыс айтып отырсам, мұнда таңданарлық ештеңе жоқ; егер бұл шын
мәнінде менің айтып отырғанымдай болса,— ал мұның әлбетте, басқаша болып
отырмағаны анық,— мысалы үшін қандай да болсын өзге бір кәсіпті немесе ғылымды