Page 32 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

32
кемшіліктер болса, мұның өзі ашу-ыза жазалаулар мен жөнге салу әрекеттерін тудырмай
қоймайды. Мұндай кемшіліктердің қатарына әділетсіздік, арамзалық және жалпы алғанда
азаматтық абзал қасиетке қарама-қарсының бәрі жатады: дал осы арада, әлбетте, кім де
болса, басқа біреуге ашуланады да және жөнге салуға тырысады, себебі бұл
мейірбандылыққа іждағаттылық көрсету мен үйретудің арқасында қол жеткізуге болады
деп есептеледі.
Егер сен, Сократ, қылмыскерлерді жазалаудың мәні неде екендігін ой елегінен өткізгің
келсе, адамдардың мейірбандылықты жүре пайда болатын қасиет деп есептейтіндігін
байқайсыз. Тек істеліп қойған заңсыздықты ғана ескере отырып, ешкім де
қылмыскерлерді жазаламайды ғой: мұндай мағынасыз азаптаушылық айуандық болар еді.
Мәніне қарай жазалауға тырысатын адам өтіп кеткен заңсыздық үшін жазаға тартпайды,
— өйткені ол болған істі болмаған іске айналдыра алмайды ғой, — бірақ сол адам да, осы
жазалауды көрген басқа адам да болашақта тағы да қылмыс жасамауы үшін жазасын
береді. Осылай ойлайтын адам мейірбандықты тәрбиелеуге болатындығын мойындайды;
өйткені ол зұлымдықты болдырмау үшін жазалайды. Жеке болмыста да, қоғамдық
болмыста да жазалайтындардың бәрі осындай пікірді ұстанады. Ал сенің отандастарың,
афиналықтар, өздері қылмыскер деп есептейтіндердің бәрін жазалап, сазайын тартқызады
және бүл шараны басқа да барлық адамдарға қарағанда тіпті де аз қолданбайды, ендеше,
біздің пайымдауымыз бойынша, афиналықтар да мейірбандылық — жүре пайда болатын
қасиет және оны тәрбиелеуге болады деп санайтындардың қатарына қосылады.
Сонымен, Сократ, сенің отандастарыңның қоғамдық мәселелер жөнінде мысшыдан да,
етікшіден де ақыл-кеңесті тыңдайтындығының негізсіз еместігін және мейірбандылықты
тәрбие арқылы дайындап, адамның бойына дарытуға болады деп есептейтіндігін мен
саған жеткілікті түрде айқын дәлелдедім-ау деймін. Сен ұғына алмаған тағы бір нәрсе бар:
жақсы адамдар өз балаларын мұғалімге байланысты нәрселердің бәріне қалай үйретіп, бұл
орайда оларды қалай дана ететіндігін, бірақ өздерінде ерекше көзге түсетін
мейірбандылық жөнінде балаларының тым болмаса пір адамнан асып түсуіне жете
алмайтындығын сен түсінбейсің. Бұл жайыңда, Сократ, мен саған аңыз айтпайын, қайта
ақылға қонымды негіздеме келтірейін. Мына мәселеге көз жүгіртіп көрші: егер де тек
мемлекет болатын болса, барлық азаматтардың қатысуы қажет біртұтас әлдене бар ма?
Сенің ұғына алмағаныңның түйіні басқа емес, нақ осы арқылы шешіледі. Егер тек осы
біртұтас нәрсе бар болып, егер ол балташы, ұста және қышшы кәсібі болмай, әділдік,
пайымдылық және инабаттылық болса, — қысқасы, мен адам мейірбандылығы деп
атайтын нәрсе болса, егер бұл жұрттың бәрі қатысты болуға тиіс нәрсе болса, өзінің не
үйренгісі немесе істегісі келетіндігіне қарамастан, әр адам осы тұтас нәрсеге қарама-қарсы
емес, қайта тек қана сол нәрсеге сәйкес әсерін істеуге тиіс болса және бала, еркек немесе
әйел болса да, сол нәрсеге етене қатысы жоқ адамды үйретіп, жазалау керек болса және
жазаланатын адам түзелгенге дейін жазалау қажет болса, егер, ақырында, ол жаза мен
уәжге қарамастан, ақыл-кеңеске құлақ аспаса, ал оны дауасыз дертке шалдыққан адам
ретінде қалалардан аластау немесе өлтіру қажет болса, — егер жағдай табиғи түрде
осылай болса, ал өкінішке орай жақсы адамдар өздерінің ұлдарын тек осыдан басқаның
бәріне үйретеді, жақсы адамдарда бәрі де қалай таң-тамаша болып шығатындығына өзің
төрелік бер! Олардың осындай мейірбандылыққа үйдегі тұрмыста та, қоғамдық тұрмыста
да үйретуге болады деп есептейтіндігін біз дәлелдеп көрдік. Бірақ мейірбандылыққа
үйрету және оны дамыту мүмкін болса, бұл адамдар қалайша өз балаларына олар
білмегені үшін өлім жазасына кесілмейтін нәрселерді ғана үйрете бастайды, егер де
олардың балалары мейірбандылыққа үйренбеген, сол мейірбандылық рухында
тәрбиеленбеген болып, оларға өлім жазасы, қуғын-сүргін, оның үстіне мүліктен айрылу,
— қысқасы, үйдің әбден күйзеліске ұшырау қаупі төнетін болса дағы? Олар балаларына