Page 328 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

328
Гимнастикалық
және
музыкалық
тәрбиенің
байланысы
туралы
қараңыз.
"Критон"диалогына 13 түсіндірме; Адамның денесін тәрбиелеуші гимнастика туралы 2 т.
"Той"диалогына 50 түсіндірме.
Платонның "қайырымды жан денеге игілікті эсер етеді" деген ойы Демокриттің:
"Адамдарға денеден гөрі жан туралы көбірек көңіл бөлгені дұрыс, өйткені жанның жан-
жақты жетілуі денедегі кемшіліктерді түзетеді, ал денелік күш болса, пайымсыздықсыз
жанды ешбір жақсарта алмайды" деген ескертулерімен үндес болғанын салыстырыңыз.
Атақты сиракуздық аспапшылар туралы қараңыз. 1 т. "Горгий" диалогына 77 түсініктеме.
Аңыз бойынша, коринфиялықтар өздерінің әдет-ғұрыптарының жеңілтектігімен аты
шыққан. Бұл жөнінде Фемистиядан қараңыз.
Антикалдық тәтті тағамдар туралы біз Афинеядан оқимыз. Мұнда қамырдан сансыз ұшы-
қиыры жоқ тәттілер, тоқаштар, жүзімдерден және балдардан дайындалған тағамдар бар.
Әр уақытта мұндай тағамдарды еске түсірмейтін грек авторларын таппайсыз.
Асклепиадтар (Асклепия — емдеу қүдайы) Родос, Кос және Книд аралдарында өздерінің
қызметтерімен белгілі болған дәрігерлердің қоғамы.
Асклепий 65 түсінік және 1 томдағы "Ион" диалогына ескерту.
Махаон және Подалирий Асклепияның — ұлдары, Трояны қоршауға қатысқандар. Олар
Фелоктетті емдеумен атағы шыққан.
Платон бұл жерде "Илиаданың" екі түрлі эпизоттарын біріктіреді. (Ил. XI. 638-641)
Нестордың тұтқыны — Гекамеда Несторды және жаралы Махаонды ешкінің сүтінен
жасалған ірімшігімен және арпа ұны қосылған прамнийлік шарапты ішкізеді. XI кітап 842-
848. Патрокл жараланған Еврипилдің бүйіріндегі садақтың ұшын суырып алып және
жараға ащы тамырдың емдік ұнтақтарын сеуіп емдейді.
Геродик туралы "Протагор" диалогына 26 түсініктеме. 1 т. қараңыз.
Милеттен шыққан Фокилид (б.э.д. VI ғасыр) белгілі гномикалық ақын, жоғарғы
моральдық нақыл сөздердің элегиялық формадағы өлеңдердің авторы.
"Илиададағы" (IV.212-219) Махаон Менелайдың жарасын емдей отырып, одан қанды
сорып алады және жараның үстіне, әкесі Асклепийді данышпан кентавр Хирон
үйреткендей, жараға дәрілерді себеді.
Мидас II том "Федор" диалогына 60 түсініктемені қараңыз.
Пиндар Асклепияның туғанын, оның емдеудегі таңғажайып қабілеттерін тәптіштеп
жазады. Сонымен қатар, оның айтуынша, "пайдакүнемдік даналықты да көрсоқырлыққа
апарады" деп Асклепияның қаза болуының драмалық тарихын суреттейді. Асклепияның
қолындағы жарқ-жұрқ еткен алтын ажалдың құрсауында отырған адамды, одан алып
қалғаны үшін оған "ұлы төлем ақы" ретінде берілді. Сол үшін оны Зевс найзағайдың
оғымен жағып, күлге айналдырды.
Қараңыз. Ил. XVII. 587 с: Аполлон Гекторға қарап тұрып, оның үнемі "түкке тұрғысыз
найзагер" Менелайдан тұра қашқаны үшін, айыптайды.
Салыстырыңыз. I том "Менон" диалогына 15 түсініктеме.
Бұл жерде Сократ айтып отырған сынаудың үш түрі антикалық тәрбиеде, әсіресе
спартандықтардың тәжірибесінде, қолданылған.
Қараңыз; 389 в—о с.