327
45. "Илиадада" Трояны қоршаудағы соңғы жылы әскери соғыстың кейбір үзінділері
суреттелген. Итак аралы — "Одиссея" поэмасының басты кейіпкері Одиссейдің отаны.
46. Сократ "Илиаданы" прозалық түрде әдейі өз сөзімен қайта айтып шықты. (Ил. 1 т. 11-
42.)
47. Салыстырыңыз. "Тойда" Сократ бұған қарама-қарсы пікір айтады. 223д 2т.түсінік.97.
48. Мемлекеттің сақшылары өздерінің кәсіби — "еркіндікті қорғау" немесе заңдарды
бекіту, олар бойынша, бір қоғамдық топтардың екіншісіне бағынуға саналы иерархиялық
түрде қатаң сақталуға тиіс екендігін, шебер түрде игеру керек.
49. "Көпбілгендік" туралы Гераклитге айтып, ол "ақылға үйретпейді" деген болатын. (В 40
Д)
50. Гармонияның және ырғақтардың этикалық жағы туралы қараңыз, жоғарыда. "Филеб"
диалогында, 14 түсіндірмеде айтылады.
51. Тригон сөзбе-сөз "үш қырлылық" — лираға жақын жаңқалық музыкалық құрал;
дыбысы — тым нәзік және жұмсақ. Пектида көп шектілі лидийліктен туындаған
лиралардың әртүрлілігі, Мұнда плектрсіз, шектерді саусақ ұшымен теріп ойнаған, Көп
шектілі аспаптар, Платонның ойынша, біркелкі гармонияны көптеген жақтарға ұсақтап,
бір тұтас адамды бөлшектеп, нәзіктілікті, ұшқырлықты және азғындықты дамытады.
Осының негізінде, мемлекеттен флейтаны қуып шығады, өйткені ол, көп дауысты және
шиеленісті, экстазды дыбыстар шығарып, классикалық қарапайымдылықтан тым алыс
тұр.
52. Аполлонның музыкалық аспабы — лира, ал Марсиянікі — флейта. Аполлон құдайы
мен Афинаның лақтырып тастаған флейтасын алған, дөрекі сатир Марсияның арасындағы
музыкалық өзара тартыстары туралы аңыз белгілі. Аполлон жеңіп шығып, Марсияның
терісін сыпырып алуға, оны үңгірдің ішіне іліп қоюға, бұйрық береді. Ол тері желдің
әсерінен тербетіліп, дыбыстар шығарады екен. (Овидий."Метаморфозалары" VI, 382-400;
Ксенофонт "Анабазис" I. 2, 8) Бұл аңызда Лираның мейірман, салмақты жөне флейтаның
жабайы құштарлығы яғни классикалық Грециямен және оның хтоникалық көне қайнар
көздері символикалық қарама-қарсылықта қойылған.
53. Гректің өлең құрылысы негізінен ұзақ және қысқа буындардың пропорцияналды
араласуына негізделіп, ырғақты формалардың үш негізгі типі бір бірінен айырмашылықта
болады; тең формалар, қос формалар, жартылай формалар. (Бүл жөнінде қараңыз
А.Ф.Лосев "Антикалық музыкалық эстетика". Моск. I960. 61,94-104 бет.)
54. Дамон миксолидийлікке қарама-қарсы, дионистікке өте ұқсас, лидийлік
(гиполидийлік) күй ырғағын ойлап тауыпты. Басқа мәліметтер бойынша, Плутархта
лидийлік күй ырғағын флейтшіл Пифоклид ойлап тапқан. (Платон. "Протагор"
диалогынан) 1 т. түсіндірме.
55. Дактиликалық қайырма эпикалық гексаметрге жатады. Сондықтан да бүл жерде ол
алыптық өлшеммен (эноплеймен) біріктіріледі. Бүл Аристофанның "Бұлттарында"
схолиаст кретикпен, немесе амфимакрмен теңдестіріледі. Сонымен қатар схолиаст
эноплийді перрихиеммен жақындастырып, оны қолдағы қарумен сес көрсетіп билеудің
ырғақтық бір түрі деп атайды.
56. Ямб және Трохей. Қараңыз, 53 түсініктеме.
51. Салыстырыңыз. "Протагор" 326в кифаристер туралы, олар сөз өнеріне үйрете отырып,
балалардың жанын гармония және ырғақтармен ұштасуын талап етеді. Сол арқылы олар
өте сезімтал мөлшерлі, гармониялы болу, олардың сөз сөйлеуіне және қызметіне өте
қажетті,— өйткені, азаматтың барлық өмірі ырғақтық пен гармониялықты қажет етеді.
Қараңыз. 1 т. "Протагор" диалогына 38 түсінік.
Сүю мен сүйіктінің арасындағы қатынас "Той" да бірнеше рет айтылған болатын. Өзара
сүйіспеншілік, Платонша, әдемілікке ұмтылуға үйретеді. Қараңыз 2 т. ("Той" диалогына
31, 32, 40 түсіндірмелер.)